5.2.3. Оптикалық біріншілік түрлендіргіштер Геометриялық оптика заңдарын пайдалануға негізделген оптикалық түрлендіргіштер. Оптикалық
біріншілік
түрлендіргіштердің
принципиалдық
негіздері
геометриялық
оптиканың
суреттерін
құру
заңдарына
негізделеді.
Осы
прнициптерді іске асыратын сəйкес жүйелер дəл шынылы сызықты
шкаламен
(салыстыру
үлгісімен)
салыстыру
жолымен
компарирлеуді пайдалану арқылы оптикалық əдіспен ұзындықты
тікелей өлшеу мүмкіндігін қарастырады. Салыстыру үшін өлшеуіш
микроскопты қолданады.
Өлшенетін шамаларды өлшеуіш дабылды жарықтық белгіні
ығыстыру нəтижесінде оптикалық дабыл түрінде шағылдыратын
беттің белгілі бұрыштық күйлерін пайдалану арқылы,
86
тікелей немесе жанама жолымен ұсынуға болады. Айнадан
бейнелеген жарықтық шоғырдың ауытқуы көлбеу бұрышынан екі
есе артады. Оптикалық дабыл біршама үлкен қашықтықтарда
есептелетіндіктен, жоғары сезімталдыққа қол жеткізуге болады.