УАҚЫТТЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ 7.1. Уақытты өлшеу облыстары Өндіріс
процессінде
кəсіпорындағы
барлық
жұмысшы
операциялар белгілі реттілікте жүреді жəне уақыт бойынша
нормаланады. Әсіресе ағындық желі мен монтаждық конвейерлерге
ие кəсіпорындарда өндірістік уақыттық режимі маңызды. Химиялық
өнеркəсіпте реакцияның ұзақтығы мен өнім сапасы арасындағы
тікелей байланыс жиі бақыланады.
Уақытты
дəл
бағалаудың
арқасында
өнімді
өңдеуді
ұйымдастырудағы технологияда қателіктерді орнатуға болады. Бұл
қателіктерді түзету өндірістік қарқындатуға жəне сəйкесінше,
тиімділікті арттыруға əкеледі.
Көлікті уақыттық кестелер жүктер мен жолаушыларды
тасымалдаудың сенімділігінде тиіміділікті қамтамасыз етудің негізі
болып табылады.
Теңіз көлігінде, əуе көлігінде кемелер мен тікұшақтарды
орналасқан жерін анықтау үшін тура уақыт қажет болады.
Жаратылыстану ғылымдарында жəне ең алдымен физика, химия
жəне астрономияда жаңа мəліметтерді алу мен теорияны растау
үшін уақыттың дəл өлшемдері қажет. Осылайша, мысалы,
радиоактивтік изотоптың 212Po (3 · 10
-6
жуық) с жартылай ыдырау
уақытын анықтау үшін 10
-8
с артық емес қателікті қамтамасыз
ететін уақытты өлшеу жүйелері қажет болды.
Ғарыш кемелерін қашықтықтан басқару жекелеген сатылардың
ұзақтығын дəл бағдарламалауға негізделеді.
Қорғаныс техникасында операция жетістігінің шешуші факторы
қарсыластың құралының орналасқан жерін анықтау үшін шу
ұстағыштардағы тура уақытты қамтамасыз ету болып табылады.
Әуеге
қарсы
қорғаныстың
радиолокациялық
жүйелерінде
видеоэкранда жөнелтім мен көрсетілген импульстің қайтуы
арасындағы уақыт жарықтық индекстер арасындағы қашықтық
арқылы жаңғыртылады. Бұл қысқа уақыт аралықтарын өлшеудің
нəтижелері бойынша ұшқан нысанға дейінгі қашықтық анықталады.