7.2. Уақыт шамалары, бірліктері және эталондары
Халықаралық бірліктер жүйесінде (БЖ) негізгі шамалардың бірі
ретінде уақыт қабылданған. Уақыт бірлігі секунд болып табылады.
Секунданы іске асыру цезийлі атомдық-сəулелік түтік арқылы
көлемдік резонаторлардың көмегімен іске асырылады. Жиілігі
цезия атомдарының энергетикалық өтудің резонанстық жиілігімен
сəйкес
келетін
көлемдік
резонатордағы
электромагниттік
тербелістер кварцті сағатты басқарады. Барлық жүйе атомдық
сағаттар атауына ие, олардың көмегімен атомдық уақытты
шығарады. Уақыт бірлігін жаңғыртудың салыстырмалы қателігі 5 •
10
-13
кем, бұл 100 000 жыл үшін 1 с қателікке сəйкес келеді.
Уақыт бірлігінің өлшеуін, сонымен қатар уақыттың еселік жəне
үлестік бірліктерін беру рубидиилі жəне таллилік газды ұяшықтары
немесе сутекті генераторлары бар резонаторлардың көмегімен іске
асырылады.
Астрономиялық есептер мен есептеулердің негізінде 1952
жылдан бері эфемеридтік уақыттың секунды пайдаланылады. Ол
тропикалық 1900 ж. 31 556 925,974 7 бөлігін құрайды. ол сонымен
қатар түс ауған кезде сағат 12-де 31.12.1899 бүкіл əлемдік уақытқа
қатысты қайта есептеледі.
Астрономиялық уақытта аспан денелерінің өту ұзақтығына
қарай анықтайды. Оған қоса, əетте, өте ұзақ уақыт үшін бағалау
жүргізіледі. Бұл уақыт интервалдары үшін уақыт бірлігін жүргізетін
шамалар ретінде сағатты пайдаланады. Әртүрлі сағаттар олардың
əрекет ету сипатына қарай өлшеулердің əртүрлі қателіктерімен
сипатталады (бағыттың қателігі).
Уақытты өлшеу екі негізгі ұстанымға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: