Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Салмақ, күш және қысымды өлшеу жүйелері



Pdf көрінісі
бет116/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   216
Байланысты:
Шишмарев Өлшеу құралдары. Оқулық

9.4. 
Салмақ, күш және қысымды өлшеу жүйелері 
9.4.1. 
Салмақ түрлендіргіштері 
Салмақты  өлшеуге  арналған  аспаптар  таразы  деп  аталады. 
Таразылардың жіктелуі 9.1-суретте көрсетілген. 
Таразыны  өлшеу  адамзаттың  пайда  болуынан  туындаған  жəне 
тəжірибелік қажеттіліктермен туындаған. Таразының бірлігі ретінде 
əртүрлі заттар пайдаланылған: тас, дəн жəне т.с.с. 
XII 
—XVI  ғғ.орыс  князьдығы  аумағында  бір-бірінен 
ерекшеленетін  таразы  өлшемдері  кездесті.  Осылайга,  новгородтық 
гривна  салмағы  бойынша  мəскеуліктен  2  есе  артық  болды.  Вятск 
жерінде салмақты сусарларда өлшеу кездескен.  Солтүстікте ерекше 
атауы бар пуз салмақтары кездесті. «Үлкен тас» (Урал) жерлерінде 
өлшемдер  еуропалық  Русьтардан  қарағанда  шамамен  екі  есе  аз 
болды. 
Өлшемдердің  бүкіл  ресейлік  шамасы  біртіндеп,  жердің 
бірігуімен  жəне  орталықтандырылған  мемлекеттік  туындаымен 
бірге  қалыптасты.  Сауданың  кеңеюі,  бүкіл  ресейлік  нарықтың 
қалыптасуы 
 
 
 
9.1-урет. Таразылардың жіктелуі.  
159 


бірыңғай мемлекеттік өлшемнің жоқтығын біршама төзбестей етті. 
XVI  ғ.екінші  жартысынан  бастап    XVII  ғ.бойы  елдегі 
қолданылған  өлшемдерді  бірыңғай  жүйеге  келтіруге  бағытталған 
патша нұсқауларының қатары шығарылды. Бұл қатарда 1659 жылғы 
Кедендік  жарғы  ерекше  орынға  ие.  Оның  ережелері  ішкі  кедендік 
төлем  алу  мақсатында  бүкіл  ел  бойынша  іске  асырылған 
тауарлардың  салмағы  мен  көлемін  өлшеуге  қатысты  болды. 
Өлшемдер  мен  таразылардың  дұрыстығын  қадағалауды  Үлкен 
табыс  Бұйрығы  -  XVI  ғ.  екінші  жартысында  туындаған  орталық 
қаржылық  мекеме  іске  асырды.  Оның  бақылауымен  барлық  кеден 
үшін  міндетті  алғашқы  үлгілі  «межелік  бағаны  бар»  шамалар 
дайындалды.  Бұйрықты  жүргізуде  Мəскеде  орналасқан  Үлкен 
Кеден мен Өлшемдік үй болды. 
Ол уақытта контарьлар кең қолданысқа ие болды - тұрақты тірек 
нүктесі мен жылжымалы гірі бар таразылар, сонымен қатар безмен - 
жылжымалы тірек нүктесі мен тұрақты гірі бар таразылар. 
І  Петр  уақытында  орыс  өлшемдері  ағылшын  жүйесімен 
сəйкестікке келтірілді. Таразы бірлігі ретінде 96 мысқалға тең фунт 
қызмет атқарды (фунт — 0,4095 кг, мысқал — 4,266 г). 
XIX ғ.басында метрологиялық сұрақтар қаржылық ведомстводан 
Ішкі  істер  министрлігінің  басқармасына  өтті.  1827  жылы  аса 
маңызды  жарлықпен  Ресейдегі  өлшем  мен  таразыны  тəртіпке 
келтіру  үшін  арнайы  комиссия  құрылды.  Оның  көп  жылдық 
жұмысының жемісі 1835 жылғы 11 қазанда қол қойылған «Ресейлік 
өлшем  мен  таразы  жүйесі  туралы  Заң»  болды.  Жеті  жылдан  кейін 
Санкт-Петербургқа Ұлыбританияда дайындалған платиндалық фунт 
пен  сажын  жеткізілді,  олар  «Өлшем  жəне  таразылар  туралы 
ережемен»  бекітілді.  Оларды  сақтау  үшін  Петропавл  бекінісінде 
арнайы  жанбайтын  ғимарат  -  Үлгілік  өлшемдер  мен  таразылар 
депосын  құрған.    Бұл  эталондарды  алғашы  сақтаушы  ғалым 
академик А. Я.Купфер болды. 
1875 жылғы 20 мамырда Метрикалық конвенцияға қол қойылды. 
Оған  17  ел  қол  қойды,  соның  ішінде  Ресей  де  бар.  1892  жылғы 
қарашада    Үлгілік  өлшемдер  мен  таразылар  депосын  сақтаушы 
ғалым  ретінде    Д.  И.Менделеев  тағайындалды.  Оның  атымен 
Ресейдегі өлшеу ісінің реформасы байланысты жəне ол заң жүзінде 
отандық метрологияның негізін қалаушы болып есептеледі. 
Қазіргі күнде адамдардың өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын 
өнімдердің  номенклатурасы  біршама  кеңейді,  өлшеу  түрлері  мен 
құралдарының  саны  бірнеше  есе  артты.  Бірақ  та  ертедегі  өлшеу 
түрлерінің бірі - салмақ өлшеудің өзектілігі əлі де сақталған. 
Масса  түрлендіргіштерінің  типті  өкілдері  -  иінтіректі.  Олар 
самақты  салыстыру  принципіне  негізделген  жəне  олардың 
көрсеткіштері  еркін  құлаудың  жергілікті  үдеуіне  тəуелді  емес. 
Салмақты 
160 


салыстыру 
иінтіректер 
(иінтіректі 
жүйе) 
мен 
таразы 
айшанақтарының көмегімен жүргізіледі (9.2-сурет). 
Кез  келген  иінтіректі  түрлендіргіш  үшін  тепе-теңдік  шарты 
мына түрге ие 
,
0
1



n
i
i
M
 
 
мұнда M
i
 — момент; = 1, 2, ... n. 
Қарапайым тең иықты емес иінтірек үшін 
F
A
l
A
 sin (γ - a) - F
H
sin (β + α) = F
L
l
L
 sin (λ+ α). 
Мұнда  F
A
  —  гірдің  теңгеруші  ауырлық  күші;  F
H
  —  иінтіректің 
өзіндік ауырлық күші; F
L
 — жүктеменің ауырлық күші; h — айналу 
нүктесінен  ауырлық  ортасының  қашықтығы;  l
A
  —  гір  жағынан 
иінтірек иінінің ұзындығы; а — ауытқу бұрышы; р, у, X — нөлдік 
күйдегі күш салу бұрыштары. 
Қарапайым  түрленуден  кейін  өлшенетін  салмақты  анықтауға 
арналған теңдеу: 
 
.
)
sin(
)
sin(
)
sin(











L
H
A
A
L
l
h
m
l
m
m
 
(9.1) 
(9.1)  теңдеуден  салмақты  m

теңдестіру  үшін  ең  кемінде  (9.1) 
теңдеудің  оң  жағындағы  тұрған  шамалардың  бірін  өзгерту  қажет. 
Иінтіректі түрлендіргіштердің келесі типтері белгілі: 
•  айнымалы теңгеруші салмағы бар m
A
  —  шкаласы  мен  гірлері 
бар иінтірек (9.2, а-сурет); 
•  иінтіректің айнымалы ұзындығы барl
A
  —  жылжымалы  гірлері 
бар иінтірек (9.2, б, в-сурет); 
•  ауытқудың  айнымалы  бұрышы  бар  а  —  квадрант  (9.2,  г-
сурет). 
 
9.2 сурет Механикалық иінтіректі таразылар: 
а — күйентелі тең иіндік; б — гірлік; в — күйентелі; г — 
квадрантты 
 
161 


Иінтіректің өзіндік салмағы m
H
0 мен ауырлық ортасынан айналу 
нүктесіне  дейінгі  қашықтығы  h  өзгеріссіз  қабылданады. 
Тəжірибелік  жағдайларда  жүгі  бар  иінтірек  иінінің  ұзындығы  l
L
 
тұрақты  болды,  себебі  кері  жағдайда  жүгі  бар  айшанақ  өзінің 
иінінің маңында орын ауыстыруы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет