тетікке жылу беруді жақсартатын жылу өткізгіш пасттарды
пайдалану қажет. Қоршаған ортаға əсерін максималдық азайту
мақсаттарында тетіктің жылу оқшаулағышын қамтамасыз ету керек.
Тіпті қарапайым қол асты құралдарды пайдалану жақсы əсер беруі
мүмкін (əйнекті мақта, кəдімге құрғақ шүберек, резеңке жəне т.б.).
Статикалық өлшеулер кезінде бекітілген режимді күту пайдалы,
яғни нəтижені бекітуге асықпау керек. Салмағы аз немесе жылдам
өтетін процестері бар объектілерді зерттеу кезінде кіші
динамикалық қателігі маңызды болаын эксперименттерде өзіндік аз
массасы бар тетіктерді пайдалану керек.
Әрине, құбырдың сыртқы (қол жетімді) бетінің температурасын
жоғары дəлдікте өлшеуге болады, бірақ оның ішіндегінің
температурасымен байланыс орнату əлдеқайда маңызды (жəне
сонымен қатар қиындау). Бұл байланысты теориялық тұрғыдан (ең
болмағанда ірі моделінің көмегімен) немесе эксперименттік түрде
анықтауға тырысу керек, мысалы, ағынға батырылған стационарлы
термометрлерді қолдану (егер мүмкін болса).
Достарыңызбен бөлісу: