Сандықұқсас түрлендіргіштер. Сандық ұқсас түрлендіргіштер
(СҰТ) алдыңғы номенклатуралық топ құралдарына қатысты керу
түрленіду іске асырады. Олар сонымен қатар мəні бойынша біртекті
емес екіншілік ӨТ болып табылады. Оларды жеке номенклатуралық
топқа бөлу бұл агрегаттық құраллардың нысанға басқарушы əсер
етуді
құру
үшін
бұл
агрегаттық
құралдар
кеңінен
қолданылатындығымен түсіндіріледі.
Олардың кіруінде қос қалыпты жəне қос ондық код түріндегі 8-
4-2-1 салмақтары бар бірегейлендірілген дабылдар келіп түседі,
СҰТ шығысында - ұқсас электрлік шамалар түседі. Бұл, ең алдымен
бірегейлендірілген дабылдар: тұрақты ток, тұрақты жəне айнымалы
токтардың кернеуі мен жиілік. Соңғы уақытта өлшеу саласында
тексеру жəне бақылау жұмыстарын автоматтандырудың өсуімен
байланысты аталған ұқсас шамалардың дəл СҰТ-калибраторлары
пайда болды. Калибраторлар аталған шамалардан басқа фаза
бойынша эталондық ілгерілеуі бар дабылдарды, эталондық
жиіліктің импульстік реттіліктерін, эталондық кедергілерді,
индуктивтілік сыйымдылықтарды құруға мүмкіндік береді.