Оқулық "Білім беруді дамытудың федералды институты"


  Термодинамиканың екінші заңы



Pdf көрінісі
бет26/140
Дата07.02.2023
өлшемі9,08 Mb.
#66005
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   140
2.2. 
Термодинамиканың екінші заңы 
 
2.2.1. Термодинамиканың екінші заңын қалыптастыру 
Термодинамиканың бірінші заңы (энергияның сақталу заңы) 
энергияның әр тҥрлі формаларының баламалылығы туралы айтады.
Термодинамиканың бірінші заңы бойынша, энергия бір тҥрден екінші 
тҥрге ауыса алады, бірақ пайда болмайды және жоқ болып кетпейді. 
Бірінші заң бойынша, энергияның жоғалған бір тҥрінің орнына 
энергияның басқа бір тҥрінің балама саны пайда болатын кез келген 
процестер мҥмкін және ықтимал. Сондықтан, осы заң бойынша, ыстық 
денеден жылудың суыққа ауысуы немесе керісінше болуы бірдей ықтимал. 
Дегенмен, термодинамиканың бірінші заңына қайшы келмейтін кез келген 
процестің тәжірибеде жҥзеге асуы екіталай. Біз табиғатта шынайы ӛтіп 
жатқан процестердің белгілі бір бағыты бар екендігімен бетпе бет 
кездесеміз. 
Термодинамиканың екінші заңынының негізінде, термодинамиканың 
бірінші заңына рҧқсат берілген процестер ӛздігінен және ӛздігінен емес 
деп екіге бӛлінеді. Бҧдан басқа, термодинамиканың екінші заңы жҥйедегі 
тепе-теңдіктің критерийін белгілейді.
Бірінші заңмен салыстырғанда, екінші заңның қолдану аясы шектеулі. 
Термодинамиканың екінші заңы ӛте кӛп мӛлшердегі бӛлшектерден 
тҧратын жҥйелерде қолданыс табады, яғни статикалық сипатта. 
Термодинамиканың екінші заңының жиырмаға тарта анықтамасы бар. 
Біреулерінің қатаң формасы бар, екіншісі сапалық сипатта, ал кейбіреулері 
абстрактілі кӛрінуі мҥмкін. 
Жер жҥзінің энергиясы тҧрақты, ал оның энтропиясы максимумға 
ҧмтылады (Р.Клаузиус). 
Энтропия — уақытты ӛлшейтін кӛрсеткіш (А.Эддингтон). 
Кез келген оқшауланған жҥйенің тепе-теңдігі ҥшін оның энергиясы 
ӛзгермейтін жҥйенің кҥйінің барлық ықтимал ӛзгерістерінде оның 
энтропиясының ӛзгеруі нӛлдік немесе теріс және қажет болуы 
жеткілікті(Дж.У. Гиббс). 
Жылу ӛзінен ӛзі суық денеден жылырақ денеге ӛте алмайды (Р.Клаузиус). 
Энтропия ҧғымының бірнеше анықтамасы бар. Олардың барлығы постулат 
сипатында және әрбір анықтама термодинамиканың екінші заңының 
тҧжырымы ретінде қарастырыла алады.


52
Постулат және термодинамиканың екінші заңының негізгі тҧжырымы
ретінде келесі пікірді аламыз. 
Энтропия деп аталатын S кҥйінің кейбір экстенсивті функциясы бар, оның 
ӛзгерісі сіңірілетін жылу мен жҥйенің температурасына байланысты: 
(2.15) 
Теңдік белгісі қайтымды процестерге, теңсіздік белгісі қайтымсыз 
(ӛздігінен) процестерге жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет