Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет38/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

4.4. 
ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 
МӘЛІМЕТ 
Электромеханикалық аспаптар электр өлшеу аспаптарының 
үлкен тобын құрайды. Олардың негізгі бөліктері – электр өлшеу 
тізбегі жəне өлшеу механизмі. 
Өлшеу тізбегі х өлшенетін шамасын ч шамасымен 
функционалды байанысты кейбір аралық у электр шамасына 
түрлендіру үшін қызмет етеді, яғни, 
У 

F
(
X
)
. у электр шамасы, 
мысалы, тоқ немесе кернеу, өлшеу механизміне тікелей əсер етеді; 
оны кіріспе шама деп атайды. Ол өлшеу механизмінің қозғалмалы 
бөлігіне əсер ететін жəне соңғысын жылжытатын механикалық 
күштер тудырады (жиі бұрыштық). Сондықтан өлшеу механизмін 
электр шамасын механикалық жылжуға түрлендіргіш ретінде 
қарастырады жəне электромеханикалық түрлендіргіш деп атайды. 
Электромеханикалық өлшеу құралдарының ортақ элементтері 
– есептеу құрылғысы; өлшеу механизмінің жылжымалы бөлігі; 
айналдырушы, қарсы əрекет етуші жəне тыныштандырушы кездерді 
жасауға арналған құрылғылар. 
Жылжымалы бөлікке əсер ететін М
вр 
айналдыру кезі х 
өлшенетін шамасының (тоқтың немесе кернеудің) функциясы болып 
табылады: М
вр

F
(
X
)

Есептеу құрылғысының міндетті түрде шкаласы жəне 
көрсеткіші бар. Шкалаға өлшенетін шаманың белгілі мəндеріне 
сəйкес келетін, қысқа сызықтар түріндегі белгілер салынған. 
Шкаланың көршілес белгілері арасындағы интервал бөлу деп 
аталады. Өлшенетін шама мəні көрсеткіш арқылы есептеледі. 


65 
Әдетте, көрсеткіштер нұсқар түрінде болады. Айналдыру кезінің 
негізіне салынған физикалық құбылыстарға байланысты, магнитті- 
электрлі, элестростатикалық, электродинамикалық, индукциялық 
жəне 
электростатикалық 
өлшеу 
механизмдері 
немесе 
түрлендіргіштер бөлінеді. 
Құралдың əрекет ету қағидасы, оның қандай да бір 
жағдайларда жұмыс істеу қабілеті, мүмкін шекті дəлсіздіктері 
аспаптың циферблатына салынған шартты белгілер бойынша 
белгілене алады. 
Соңғы жылдары цифрлық электрлі өлшеу құралдары кеңінен 
таралып келеді. Олар үздіксіз өзгеретін шама мəндерін жеке 
(дискретті) уақыт кездерінде өлшеп, алынған нəтижені цифрлық 
үлгіде ұсынады. 
Цифрлық аспаптардың негізгі артықшылығы – өлшеу 
нəтижесінің дəлсіздіктің артуынсыз, кейінгі физикалық жəне 
математикалық түрлендірулерге жатқызыла алуында. 
Дискреттік есептеуі бар цифрлық құралдарды пайдалану 
күрделі 
технологиялық 
үдерістерді 
сипаттайтын 
көптеген 
параметрлерді орталықтандырылған бақылауға арналған көп арналы 
автоматты құрылғыларды жасауға мүмкіндік берді. 
Цифрлық электрлі өлшеу аспаптары өлшеудің жоғары 
дəлділігіне (дəлсіздік 0,1 бастап 1% дейін), тезəрекеттікке, өлшеудің 
кең шектеріне ие; нəтижелерді шектелмеген қашықтықтарға 
бұрмалаусыз жіберуге мүмкіндік береді. 
Бұл құралдардың кемшіліктеріне олардың салыстырмалы 
күрделілігі мен жоғары бағасын жатқызуға болады. 
Тəжірибе жүзінде электрлі емес шамаларды өлшеу қажеттілігі 
жиі туындайды. Бұл мақсатта электрлі аспаптар кеңінен 
пайдаланылады, бұл ретте осы электрлі емес шамаларды анықтауға 
арналған электрлі аспаптардың түрлері электрлі шамаларды өлшеуге 
арналғандардан айтарлықтай көп. 
Осы мақсаттарда қолданылатын электрлі өлшеу аспаптарының 
электрлі емес аспаптар алдында бір қатар артықшылықтары бар. Ең 
алдымен, олардың төмен инерциялылығын, яғни, өлшенетін 
шаманың өзгеруіне жылдам жауап қайтару қабілетінің төмендігін, 
өлшеулердің кең диапазонын, электрлі тізбектерге енгізу 


66 
мүмкіндігін, 
демек, 
оларды 
технологиялық 
үдерістерді 
қашықтықтан жəне автоматты басқару кезінде пайдалану 
мүмкіндігін жəне т.б. атап кеткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет