Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ



Pdf көрінісі
бет64/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

7.4.
АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ 
 
 
Асинхронды қозғалтқышты желіге қоспас бұрын, оның 
орамдарының жұмыстың номиналды тəртібіне сəйкес келетін бірігу 
схемасын анықтап алу керек. Мəселен, желінің сызықтық кернеуі 
220 В, ал қозғалтқыштың төлқұжатында 220/380 В кернеуі 
көрсетілген. Бұндай жағдайларда орамдарды «үшбұрыштап» осып, 
ондағы кернеу есептік кернеуге сəйкес болу керек. 
Тəжірибе жүзінде асинхрондық қозғалтқышты іске қосқанда іске 
қосу тоқтарын шектеу үшін, оның орамдарын қысқа уақытқа 
«жұлдыз» түрінде қосады. «Үшбұрыштан» «жұлдызға» жəне 
керісінше қайта қосылуды арнайы қайта қосқышпен жүзеге 
асырады. Егер қарастырылатын қозғалтқыш сызықтық кернеуі 380В 
желіге қосылған болса, бұндай қайта қосуды жасамайды. Бұл 
жағдайда оның орамдары іске қосқанда да, жұмыстың номиналды 
тəртібінде де «жұлдыз» түрінде қосылу тиіс. 
Асинхрондық қозғалтқыштың іске қосу сəті шағын ғана, 
сондықтан да іске қосуды əдетте өшірілген жүктелімде жасайды. 
Іске қосу сəтінің əсерімен ротор айнала бастайды да, сырғу 
азайып, айналу сəті артады, тұрақсыз жұмыс тəртібіне сəйкес 
келетін үрдіс жылдам тоқтап, тұрақты тəртіпке ауысады. Ротордың 
айналу жылдамдығының артуына айналу сəтінің азаюы сəйкес 
келеді, сондықтан да жылдамдықтың өсуі жылдам тоқтайды. Ротор 
тұрақты түрде өріс жылдамдығынан біраз кем жылдамдықпен 
айналады. Енді фрикциялық муфта көмегімен жүктелімді қосуға 
болады. Жүктелім сəті максималды мəннен аспауы тиіс. 
Егер пайдалану шарттары бойынша қозғалтқыш қосылған 
жүктелімде іске қосылуы керек болса, жүктелім сəтін іске қосу сəті 
номиналды тəртіптегі жүктелім сəтінен артық болатындай есептеу 
керек. 
Фазалы роторы бар қозғалтқыштарда іске қосу сəтін іске қосу 
кезінде ротор орамының тізбегіне қосылатын іске қосу реостатының 
көмегімен арттырады (7.4, а сур.) Ротор орамы қысқа тұйықталған 
қозғалтқыштарда (7.4, 
б сур.
) — жұмыстың іске қосу жəне 
номиналды жұмыс тəртіптерінде орам біліктеріндегі тоқтың 
тығыздығын қайта бөлу арқылы. 
Тəжірибе жүзінде жасанды түрде арттырылған іске қосу сəті бар 
қозғалтқыштардың екі түрі бар. Бірінші түрі — ротордың қос «тиін 
торы» бар қозғалтқыштар, əдетте үлкен қуатқа арналған. 


112 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет