Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ АЙНАЛУ



Pdf көрінісі
бет63/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ АЙНАЛУ 
ЖИІЛІГІН РЕТТЕУ 
 
Қазіргі заманғы асинхронды қозғалтқыштарда ротордың айналу 
жиілігін біркелкі реттейтін қарапайым əрі тиімді құрылғылары жоқ. 
Бұл елеулі кемшілік олардың қолданылу аясын шектейді жəне 
тұрақты тоқ қозғалтқыштарына көп жағдайларда асинхронды 
қозғалтқыштармен сəтті бəсекеге түсуге мүмкіндік береді. 
(7.2) формуладан көрініп тұрғандай, айналу жиілігін n

сырғуды 
S, полюстер жұптарын 
р 
немесе қуаттандырушы кернеу жиілігін 

өзгерте отырып реттеуге болады. 
Қозғалтқыш жиілігін сырғуды өзгерту арқылы біркелкі реттеу 
фазалы роторы бар қозғалтқыштарда жасалу мүмкін. Жүктеменің 
өзгермеген сəтінде сырғу ротор орамының белсенді кедергісіне 
тəуелді болады, сол үшін бұл орамның тізбегінде байланыс 
сақиналарының жəне щеткалардың көмегімен реттеуші реостатты 
қосады, оның көмегімен сырғу орамының жəне қозғалтқыштың 
айналу жылдамдығының кедергісін біртіндеп өзгертеді. 
Бұл əдіс үлкен жылу ысыраптарымен байланысты. 

= 0,5 
болғанда, роторға айналатын магниттік өріспен берілетін 
энергияның жартысы ротордың жəне реттеуші реостаттың 
жылынуына жұмсалады. Сонымен қатар, сақиналар мен 
щеткалардың 
бар 
болуы 
машинаның 
пайдаланылуын
күрделендіреді жəне оның сенімділігін күрт азайтады. 
Осылайша, қозғалтқыштың айналу жиілігін оны синхрондық 
жиілікпен салыстырмалы түрде азайту арқылы ғана реттеуге 
болады. Әдетте реттеуші реостаттың кедергісін өзгертуді сатылы 
түрде орындайды, сондықтан да қозғалтқыштың айналу жиілігі де 
сатылы өзгереді. 
Қозғалтқыштың пайдалы əсер коэффициенті азаяды, себебі 
реттеуші реостаттарда электр энергиясының көп бөлігі жылу 
энергиясына айналады. Демек, қозғалтқыштың айналу жиілігін 
реттеудің бұл əдісі тиімсіз. 


110 
Сырғуды, демек қозғалтқыштың айналу жиілігін де шағын 
көлемде қозғалтқышқа келтірілетін кернеуді өзгерту арқылы 
реттеуге болады. 
Асинхронды қозғалтқыштың айналу сəті желінің кернеу 
квадратына пропорционалды болады. Демек, кернеуді өзгерткенде 
қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларында максималды сəттің 
мəндері əр түрлі, ал сырғу мəндері бірдей болады. Кернеуді өзгерте 
отырып, қозғалтқыштың айналу жиілігін өзгертуге болады. 
Қозғалтқыш статорының орамындағы кернеуді өзгерту үшін, 
кернеуді біртіндеп реттейтін автотрансформаторларды, магниттік 
күшейткіштерді, кернеуді тиристорлы реттеуіштерді жəне т.б. 
пайдалануға болады. 
Айналу жиілігінің жылдамдығы сатылы реттеуді қозғалтқыш 
статорының полюстар жұбының санын оның орамының 
секцияларын қайта қосу арқылы өзгерте отырып жасауға болады. 
Полюстар жұбының санын бұндай өзгеріс қозғалтқышты дайындау 
кезінде қарастырылған болса ғана өзгертуге болады. Полюстар 
жұбының саны əр фазадағы орауыштардың санын өзгертумен ғана 
емес, сонымен қатар, оларды біріктіру əдісімен анықталады. 
Бір орауыштарды кезекпен біріктіру кезінде өрістің полюстар 
жұбының саны бір болады, ал параллель біріктіргенде – басқаша,
екі есе аз болады. Егер статор саңылауларында фазадағы 
орауыштардың басқа санымен үш фазалы орамды орналастырсақ, 
үш əр түрлі жиіліктегі айналу өрісіне қол жеткізуге болады. 
Алайда бұл тиімді жəне салыстырмалы қарапайым əдіс 
қозғалтқыштың айналу жиілігін біртіндеп реттеуге мүмкіндік 
бермейді. Өнеркəсіп айналу жиілігін сатылы 2, 3 жəне 4 рет 
өзгертуге болатын қозғалтқыштарды шығарады. Бұл əдісті қысқа 
тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар үшін қолданылады. 
Синхрондық айналу жиілігі қуаттандырушы желінің кернеу 
жиілігіне пропорционалды болғандықтан, ротордың айналу жиілігін 
желі кернеуінің жиілігін өзгерте отырып реттеуге болады. 
Бұл үшін асинхронды қозғалтқышта немесе бірнеше 
қозғалтқышта автономды қуаттау көзі болуы тиіс, себебі əрбір 
кəсіпорын электр қуатын 50 Гц ауыспалы кернеу жиілігінде 
энергожүйеден алады. 
Құрылыс алаңдарында қуаттандырушы желінің жиілігін өзгерту 
үшін электромагниттік немесе тиристорлық түрлендіргіштер 
қолданылуы 
мүмкін. 
Алайда 
бұл 
құрылғылардың 
құны 
асинхрондық қозғалтқыштардың құнынан артық, сондықтан да 
бұндай реттеу əдісі n
2
кең қолданысқа ене алмады. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет