42
бірақ cos φ мəндері əртүрлі болса,
онда оның желіден тұтынатын
тоғы cos φ кері пропорционал, яғни бұл жағдайда cos φ азайған
сайын желіден тұтынатын тоғы ұлғаяды. Осылайша, қуаттың төмен
коэффициенті электр станциялардың генераторларының номиналды
толық қуатын толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейді жəне
сонымен бірге электр тасымалдау желілеріндегі энергия
шығындарының артуына алып келеді. Сондықтан
электр
энергиясын тасымалдау үнемділігін тұтастай арттыру үшін электр
қабылдағыштардың cos φ арттыру шараларын қолдану қажет.
Реактивті тоқ артқан кезде қабылдағыштың (тұтынушының)
магнит ағыны артады, оған қажетті энергия электр станциялардың
генераторларынан алынады. Реактивті тоқ азайған сайын магнит
ағыны азаяды. Яғни қабылдағыштың магнит өрісінде жинақталған
магнит өрісінің энергиясы азаяды. Ол
электр станциясына
қайтарылады. Электр станциясы мен тұтынушы арасында энергия
алмасу қарқындылығы белсенді қуат өзгермеген жағдайда cos φ
тəуелді.
Р
= const кезінде қабылдағыштың cos φ артуы электр
станциясы мен тұтынушы арасында айналып жүретін энергияның
азаюына əкеледі. Магнит ағынын шығаруға жұмсалған энергияны
азайту үшін, тоқтар
резонансы құбылысы қолданылады, онда осы
энергияны электр станциясынан емес, электр қабылдағышқа
параллель қосылған конденсатордан алу мүмкін болады. Осындай
режим энергия көзін жəне электр
тасымалдау желісін босатуға
мүмкіндік береді.
Бірақ фазалар ығысуын толық өтеу үшін реактивті
(сыйымдылық) қуат
Q
C
реактивті (индуктивті) қуатқа
Q
L
тең болу
керек. Оған тəжірибеде қол жеткізу қиын. Сондықтан əдетте
фазалар ығысуын толық өтемейді. Себебі cos φ ≥ 0,95 кезінде
тізбекте реактивті тоқтың болуының қатты маңызы болмайды.
Индуктивті тұтынушы болып табылатын əрбір қондырғы үшін оның
өтеуден кейін қалуы керек cos φ белгілі бір мəнін белгілейді.
Генераторлардың номиналды қуатын толық пайдалану үшін
жəне
жылулық
шығындарды
азайту
үшін
энергия
қабылдағыштардың қуат коэффициентін бірлікке жақын мəнге
дейін арттыру керек.
Қуат коэффициентін жақсартудың табиғи жəне жасанды
тəсілдерін ажыратады. Айнымалы
тоқ электр қозғалтқыштары,
трансформаторлар толық жүктеме кезінде ең үлкен cos φ жұмыс
істейтіні белгілі. Сондықтан оларды қажетту қуатына қарай таңдау
керек, олардың жүктелмей қалуына жəне бос жұмыс істеуіне жол
бермеу керек.
43
Жабдықты дұрыс таңдаумен жəне оны пайдаланумен байланысты
қуат коэффициентін арттыру тəсілдері табиғи деп аталады.
Көптеген жағдайларда табиғи жақсарту əдістерін арнайы жабдық
қолданылатын жасанды тəсілдермен толықтырады.
Электро қондырғыларында cos φ
арттыру маңызды халықтық-
шаруашылық міндет болып табылады жəне генераторлардағы,
трансформаторлардағы, айнымалы тоқ қозғалтқыштарындағы жəне
электр тасымалдау желілеріндегі шығындарды азайту есебінен
бүкіл ел ауқымында электр энергиясын елеулі түрде үнемдеуді
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: