151
Қайталама қысқа мерзімді режимде оны қыздыру жəне салқындату
шарттары ұзақ мерзімді режимдегі жұмыс шарттарынан
айтарлықтай
ерекшеленеді.
Мысалы,
қозғалтқыштың
қозу
орамдарын салқындату шарттары қозғалтқыш тоқтаған кезде де
өзгеріссіз болып қалады, ал қозғалтқыш тоқтаған кезде зəкірдің
салқындау шарттары қатты нашарлайды.
Осы себепті, салқындау шарттары өзгеріссіз ұзақ мерзімді
режим үшін тұрақты тоқ қозғалтқышы қайталама қысқа мерзімді
режимде пайдалану ұтымсыз болады; зікірдің жəне коллектордың
орамының рұқсат етілген шекті қыздыруы кезінде қозу орамы
рұқсат етілген температурадан айтарлықтай аз қызады.
Яғни қайталама қысқа мерзімді режим үшін арнайы типті
қозғалтқыштар шығару дұрыс. Осыны басшылыққа ала отырып,
электр өнеркəсібі үш түрлі номиналды режимге арналған кранды
электр қозғалтқыштарын шығарады: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді,
қайталама қысқа мерзімді. Сəйкес нұсқама электр қозғалтқыштың
тақтайшасына жазылады. Оның номиналды қуаты деп оның
номиналды режиміне, яғни нақты қосылу ұзақтығы кезінде ұзақ
мерзімді, қысқа мерзімді немесе қайталама қысқа мерзімді сай
келетін уақыт бойы біліктегі пайдалы механикалық қуатты айтады.
Достарыңызбен бөлісу: