Бақылау сұрақтары 1.
Жүйе дегені не?
2.
Басқару үдерісі тұрғысынан қандай жүйе түрлері бар?
3.
Жүйенің құрылымы дегенін қалай түсінуге болады?
4.
Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезінің мəні неде?
5.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе дегені не?
6.
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің қандай түрлері
бар?
7.
ААЖ мен АБЖ арасындағы айырмашылық неде? ААЖ
мысалдарын келтіріңіз.
8.
Жүйелерде ақпаратты
сандық бағалаудың қандай əдістері
бар?
9.
Фактографиялық жəне құжаттық ақпараттық жүйелер
арасындағы айырмашылық неде?
10.
Қандай
көрсеткіштер құжаттық ақпараттық жүйелердің
жұмысын бағалауға мүмкіндік береді?
11.
Ақпараттық жүйелер жұмысының сапасын сандық бағалау
үшін қандай əдістер қолданылады?
30
2- т а р а у
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІ 2.1. Ақпараттық жүйенің жалпылама моделі және жобалау әдістері Ақпараттық жүйенің жалпылама моделі деректерді өңдеу
технологиясын жəне ақпараттық үдеріс ұғымын ескере отырып
құрылуы мүмкін.
Деректерді өңдеу технологиясы тұрғысынан ақпараттық жүйенің
жалпылама схемасы (2.1-сурет) мынандай құрастырушыларды бөліп
шығаруды көздейді:
•
ақпарат көзі;
•
ақпаратты алушылар;
2.1-сурет. Ақпараттық жүйенің жалпыланған моделі
31
•
есептеуіш кешен (ЭЕМ);
•
деректер қоры;
•
деректерді берудің ақпараттық ортасы.
Ақпарат көздері жəне ақпараттық алушылар өз кезегінде жергілікті
жəне қашықтағыларға бөлінеді. Жергілікті жəне қашықтағы ақпарат
көздерінің жəне ақпаратты алушылардың болуы жаһандық жəне
жергілікті ЭЕМ желісі түрінде іске асырылатын деректерді беруге
арналған коммуникациялық орта жүйесінің қатысуын талап етеді.
Деректерді өңдеу технологиясы талап етілетін нəтижелерді алу
үшін белгілі бір бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды
пайдалануды талап етеді.
Ақпараттық үдеріс деректерді өзгерту жөніндегі операциялар
тобы болып табылады. Деректерді жалпы өзгерткен кезде мынандай
үдерістердің болуы қажет:
•
ақпаратты қалыптастыру жəне дайындау;
•
ақпаратты беру;
•
деректерді мағыналы өңдеу (жаңа деректерді белгілеу үшін);
•
ақпаратты сақтау.
Осы үдерістерді орындау үшін жүйенің нысаналы мақсаты жəне
есептеуіш, энергетикалық жəне адами ресурстары болуы тиіс.
Қазіргі ақпараттық жүйелерді əзірлеу мынандай парадигмалар
негізінде жүргізіледі: мəндік саланы объектілік-бағдарланған талдау;
бағдарламалық қамсыздандыруды əзірлеудің объектілік-бағдарланған
технологиясы; бағдарламалық өнімдерді əзірлеудің визуалды
технологиясы.
Объектілік технология мəндік салада абстрактылы құрылымдарды
— кластарды белгілеуді көздейді, олардың құрамында əзірлеуші
атрибуттер мен оларды өңдеуге арналған операцияларды біріктіреді.
Осындай
технология
негізінде
құрылатын
бағдарламалық
қамсыздандыру осы кластардан даналарды алу жолымен құрылады.
Бір кластан алынған даналар жинақтамаға біріктірілуі мүмкін. Дананы
алу операцияны іске асыру болып табылатын атрибуттер мен
əдістердің нақты мағыналар жинағы бар мəндік саладан нақты
объектіні құруға мүмкіндік береді. Объектілер арасындағы өзара іс-
қимыл тиісті əдістерді шақырту арқылы іске асырылады. Нақты əдісті
шақырту
белгілі
бір
оқиғаның
туындауына
байластырған.
Нəтижесінде əзрілеуші объектілер арасындағы нақты байланыстар
жəне олардың өзара іс-қимыл ерекшелігі көрсетілген мəндік саланың
моделін алады.
32
Объектілік-бағдарланған тəсілдеме кластар арасындағы белгілі бір
өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалануды жəне оларды құруды
көздейді.
2.2-сурет.Мұралану
— суперкласқа сілтеу; — кластың атрибуты;
—
кластың операциясы;