Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет15/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ

2.9.
ОҚИҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ
ЕСЕПКЕ АЛУ

1.4 бөлімшесінде жазатайым оқиға анықтамасы берілген. Ол өндірісте жұмыс істеушіге өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс беруші басшының тапсырмаларын орындауы кезінде қауіпті өндірістік фактор әсер еткен жағдайда пайда болады. Жазатайым оқиға мысалдары ретінде электр тогының әсерін, биіктіктен құлауды, жараларды, буын таюын, сынықтарды, кесіктерді, күйіктерді, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын (жол-көлік апаттарын) атауға болады.
Жазатайым оқиғалар салдарлары әртүрлі — тіпті уақытша жұмысқа жарамсыздықты да туындатпайтан шағын жарақаттанудан бастап, ауыр салдарларға, оның ішінде өлімге де әкеп соқтыратын салдарлар болуы мүмкін.
Жарақатты өндірістік деп жіктеуге мүмкіндік беретін өлшемдер, өндірістегі жазатайым оқиғаларға зерттеулер жүргізу және есепке алу тәртібі Ресей Федерациясы Еңбек кодексінің «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алу тәртібі» 230.1- бабында белгіленген.
Заңнама жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және есепке алудың біртұтас тәртібін белгілеген. Тергеп-тексеру жүргізуде кәсіптік одақтарға ерекше рөл беріледі..
Қызметкердің басқа жұмысқа ауысу қажеттілігін туындатқан, оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына немесе өліміне әкеп соқтырған өндірістегі барлық жазатайым оқиғалар егер олар:

  • жұмыс күні ішінде ұйым аумағында немесе одан тысқары жерде (белгіленген үзілістерді қоса алғанда), сондай-ақ демалыс және мереке күндері үстеме жұмыс орындау барысында;

  • жұмыс орнына немесе жұмыстан жұмыс берушінің көлігінде, немесе оны өндірістік мақсатта пайдалану туралы шарт болған жағдайда, жеке көлігінде жүру барысында;

  • іссапар орнына келу және кері қайту барысында;

  • қызметкерді зіл-зала, апат және басқа төтенше жағдайлар салдарларын жоюға тарту болған жағдайда тергеледі және есепке алуға жатады.

Тергеп-тексеру себептерді анықтау және мұндай оқиғаларды болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістегі әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шегуші немесе көзімен көрген адам тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс, ал тікелей басшысы:

  • шұғыл түрде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді және оның емдеу мекемесіне жеткізілуін ұйымдастыруға;

  • болған жағдай туралы құрылымдық бөлімше басшысына хабарлауға;

  • тергеп-тексеру комиссиясының жұмысы басталғанға дейін жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды және құрал- жабдықтардың жай-күйін, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе және апатқа әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға міндетті.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәуелсіз болуы тиіс — тергеп-тексеруді кәсіподақтың өкілетті өкілінің, сондай-ақ зардап шегушінің (оның ықыласы болған жағдайда) қатысумен, осы кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі маманы жүргізеді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге оған зардап шегушінің еңбегін қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тікелей жүктелген басшы жіберілмейді.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үш күннен аспайтын мерзімде жүргізілуі тиіс. Көрсетілген мерзімге сараптама жүргізу, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының қорытындыларын алу үшін қажет уақыт кіргізілмейді. Бұл шараға еңбекті қорғау талаптарына (өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу, жарақат факторы бойынша жабдықты бағалау жөніндегі хаттамалар, Н-1 нысанындағы актілер және басқа құжаттар) қатысты құжаттарды ресімдеу және сақтау ере жүреді.
Өндірісте жарақат алу барысында өндіріспен байланысты жазатайым оқиға туралы акт жасалады, ол: кәсіпорынның атауы, мекен-жайы; зардап шегушінің Т.А.Ә.А. және мекен-жайы; жасы; мамандығы; жұмыс орны (цех, бөлім); мамандығы бойынша жұмыс және жалпы өтілі; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткені туралы белгі; жазатайым оқиға уақыты және орны; учаскесінде оқиға болған шебердің Т.А.Ә.А.; жазатайым оқиға жағдайларының сипаттамасы; басшылардың қолдарында тұрады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиға болған орындағы еңбекті қорғау және жағдайларының жай-күйіне зерттеу жүргізіледі:

  • зардап шеккендерден, куәлерден, лауазымдық және басқа тұлғалардан жауап алынады;

  • түсініктемелер алынады, қажет құжаттар зерттеледі;

  • жазатайым оқиға жағдайлары мен себептері, сондай-ақ заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді бұзуларға жол берген тұлғалар анықталады;

  • жазатайым оқиға себептерін жою және мұндай оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар әзірленеді.

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт үш данада ресімделеді.
Актінің даналары:

  • зардап шегушіге немесе оның мүдделерін білдіретін тұлғаға;

  • мемлекеттік еңбек инспекторына;

  • еңбекті қорғау жөніндегі маманға (тергеп-тексеру материалдарымен бірге) тапсырылады.

Кәсіпорында практикадан өтіп жүрген оқушылармен болған жазатайым жағдайды жалдаушы оқу орны өкілімен бірге тергеп- тексереді және жалдаушы оны ескереді.

2.10.
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды лауазымды тұлғалар қасақана жасаулары да, абайсыздықпен жасаулары мүмкін екені белгілі. Яғни, оларға ықпал шаралары да әртүрлі болуы тиіс. Еңбек туралы заңнаманы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ тиісінше сақтамау тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларына әкеп соқтырады.
Кәсіпорындағы еңбек тәртібін және қауіпсіздік техникасын бұзғаны үшін кім және қандай жауапкершілікте болатыны:

  • РФ Еңбек кодексінде;

  • РФ Азаматтық кодексінде;

  • РФ Қылмыстық кодексінде және т.б. баяндалған.

Олардың функциялары қалай шектелетінін қарастырайық.
РФ Еңбек кодексі еңбек құқығының құқықтық нормаларынан тұрады.
РФ Азаматтық кодексі қызметкерге жазатайым жағдаймен және кәсіптік аурумен тигізілген зиянды өтеу мәселелерін қарастырады.
РФ Қылмыстық кодексі заңдарды сақтамағаны үшін жаза мөлшерін белгілейді.
РФ Еңбек кодексінің 225-бабына сәйкес, кәсіпорынның басшыларды қоса алғандағы барлық қызметкерлері жұмыстар мен мамандықтардың нақты түрлері үшін белгіленген тәртіппен және мерзімде еңбекті қорғау жөніндегі ережелер, нормалар және нұсқауларды оқу, нұсқау, білімді тексеруден өтулері тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және басқа нормативтік және құқықтық актілерді бұзғаны үшін жұмыс беруші мен қызметкерлер заңнамамен белгіленген және ұжымдық шартпен қабылданған:

  • тәртіптік;

  • әкімшілік;

  • материалдық;

  • қылмыстық жауапкершілікке тартылады..

Қызметкердің оған жүктелген еңбек міндеттерін орындамағаны және тиісті орындамағаны үшін жұмыс беруші оған: ескерту, сөгіс, жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаларды қолдануы мүмкін (РФЕК 192-бабының негізінде).
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу үшін қылмыстық жаза да қарастырылған. РФ Қылмыстық кодексінің 143-бабына сәйкес, оған бұл ережелерді сақтау жөніндегі міндет жүктелген тұлғаның еңбекті қорғау ережелерін бұзуы абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіргенде, ол:

  • 200000 руб . дейінгі сомада айыппұлмен немесе жазаланған адамның 18 айға дейінгі кезеңдегі жалақысының мөлшерімен;

  • екі жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарымен;

  • бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

30.12.2001 жылғы РФ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (РФ ӘҚБ Ко) «Еңбек туралы және Еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзу» 5.27-бабында еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға 1 000-нан — 5 000 руб. дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салу жолымен
жауапкершілік қарастырылған. Ұқсас әкімшілік құқық бұзғаны үшін бұрын әкімшілік жазаға тартылған тұлғаның еңбек туралы және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға әкеп соқтырады.
Ресей Федерациясы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі (РФ ӘҚБ Ко) 5.27-бабының 1-бөлігінде еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны салдарынан ұйымның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің қызметін әкімшілік тоқтата тұру қарастырылған. Ұйымды тарату немесе оның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімді еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптау органының қорытындысы болған жағдайда, еңбекті қорғау мәселелерін басқаратын орындаушылық билік органы басшысының, немесе федералдық еңбек инспекциясы жетекшілерінің және оның аумақтық органдарының талабы бойынша сот қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет