Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


кесте. ЭСМ пайдалынылатын жайлардың барлық түрлеріндегі ішкі ахуалдың тиімді параметрлері



бет22/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

3.3. кесте. ЭСМ пайдалынылатын жайлардың барлық түрлеріндегі ішкі ахуалдың тиімді параметрлері

Температура, °С

Салыстырмалы ылғалдылық, %

Абсолюттік ылғалдылық,
10

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

19

62

До 0,1

20

58

10

До 0,1

21

55

10

До 0,1

Кондиционерлеу — ауаны ылғалдылық пен температураны реттейтін арнайы құрылғылармен автоматты өңдеу.
Экрандау — жылу тойтаратын экрандардың көмегімен жылу ықпалын азайту. Мұндай экрандар ретінде бояу, фольга пайдаланылады.
Аэрация — ең аз шығынды және үнемді тәсіл. Жайларды терезелер арқылы табиғи желдету аэрация деп аталады.
Жылу беру жұмыс орындарындағы ауаның температурасы санитарлық-гигиеналық нормалардан төмен болған жағдайда іске асырылады. Өндірістік жайларды жылыту булы, сулы, ауалық және аралас жылу берумен іске асырылады.
Жылу беру орталықтанған немесе оқшауланған болуы мүмкін. Түрлі нормативтік құжаттармен белгіленген офистегі ішкі ахуалға, жылу беруді ұйымдастыруға және ауа алмасуына талаптарды қарастырайық:

  1. Көшіру-көбейту өндірісінің жайлары жылу беру және кондиционерлеу жүйелерімен «Жылу беру, желдету және кондиционерлеу».2.04.05-91 ҚнжЕ талаптарына сәйкес

жабдықталуы тиіс. .

  1. Өндірістік жайлардағы жұмыс орындарының ішкі ахуал жағдайлары«Дербес электрондық-санау машиналарына және жұмысты ұйымдастыруға гигиеналық талаптар» 2.2.2/2.4.1340-03 СанЕжН талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  2. Өндірістік жайлардың жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды химиялық заттардың құрамы № 4617-88, МЗ «Жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды заттардың шекті шоғырлануың» тізбесінің талаптарына және көрсетілген тізбеге қосымшаларға сәйкес болуы тиіс.

  3. Зиянды заттар, ылғал, жылу шығарылатын жерлер жергілікті сорғы желдеткіш құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

  4. Қоса орналастырылған озондық сүзгілері бар көшіру-көбейту аппараттары жұмыс аймағы ауасын бақылау ұйымдастырылған және қолданыс мерзімі мен жұмыс көлеміне байланысты көшіру аппараттарында өндірілетін озондық сүзгілер ауыстырылған жағдайда, олар қондырылған орын бойынша жергілікті сорғы желдеткіштің қосымша құрылғысынсыз пайдаланыла алады.

  5. Озондық сүзгілерді алмастыру жөніндегі жұмыс күні, осы жұмысты жүргізген лауазымдық тұлғаның Т.А.Ә.А, көшіру аппаратының түрі, маркасы, үлгісі, зауыттық нөмірі көрсетіле отырып, арнайы журналда тіркелуі тиіс.

Ағзадағы заттардың тиімді алмасуын қамтамасыз ететін және олардың барысында термореттеу жүйесінің жағымсыз әсерлері мен кернеулілігі сезілмейтін ауа ортасы ішкі ахуалының параметрлері жағымды немесе тиімді деп аталады. Қоршаған орта ағза бөлген жылуды толық бұрып жіберетін және термореттеу жүйесінің кернеулілігі жоқ аймақ жағымды аймақ деп аталады.
Егер ішкі ахуал параметрлерінің жағымдыдан айырмасы болса, онда адам ағзасы қоршаған жағдайдарға бейімделе бастайды. Бейімделу процесі жүре бастайды. Бейімделу процесінің нәтижесінде ортаның өзгертілген ішкі ахуалдық жағдайларындағы ағзаның тіршіліктік жүйесінің тұрақты жағдайы - ахуалға бейімделу қалыптасады.
Ахуалға бейімделу — жаңа ахуалдық жағдайларға икемделу - бейімделудің жеке оқиғасы болып табылады, ол жоғары және төмен температуралар жағдайларында ұзақ болу нәтижесінде дамиды. Жалпы жағдайдың жақсаруы, жоғары және төмен температураларды барынша жеңіл көтеру, физиологиялық функциялар мен жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келу кезеңінің қысқаруы бейімделу мен ахуалға бейімделуге тән ерекшеліктер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет