Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет25/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

4.1.
ӨРТТІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Электр жабдығы бар жайлардағы жану ошақтары пайда болуы себептерін келесідей етіп жіктеуге болады:

  • электр құралдарының ақауы немесе оларды дұрыс пайдаланбау;

  • қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау;

  • жанғыш және жеңіл жалындағыш заттарды дұрыс сақтамау;

  • газ ағып кетуі;

  • белгіленбеген жерде шылым шегу және т.б.

Көшіру-көбейту құрылғысында құжаттарды басып шығару барысында нашар сапалы қағазды пайдалану компьютерлік оргтехникамен жұмыс барысындағы жанудың көрнекті үлгісі болуы мүмкін. Көшіру құрылғысының тракты бұл жағдайда қағаз шаңымен бітеліп қалады, ол уақыт өте келе құрылғының өздігінен жану мүмкіндігін арттырады. Сондықтан техникамен жұмыс барысында профилактикалық жұмыстарды мезгілімен жүргізу және осы техниканы шығарған өндіруші белгілеген жақсы сападағы жасақтау және шығыс материалдарын пайдалану қажет.
ЖАРЫЛҒЫШ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ТҰТАНҒЫШ

4.2.

ЗАТТАР МЕН МА ТЕРИАЛДАР
От — бұл аса қауіпті құбылыстардың бірі. Жану процесі неден тұрады? Жану — бұл жылу және сәуле бөлінуі ере жүретін заттардың оттегімен қосылысының химиялық процесі. Жану пайда болуы үшін жану жүйесіне қажетті энергетикалық импульсті беруге қабілетті жану затының тотықтырғыш және жану көзімен байланысы қажет. Оттегі, фтор, хлор, озон тотықтырғыш қызметін атқара алады.
Жану көзін жойғаннан кейін дербес жануға қабілетті заттар жанғыш заттар деп аталады. Сәйкесінше, ауада жанбайтын заттар жанбайтындар деп аталады. Ауыр жанатын заттар аралық жағдайды алады, олар жану көзі әрекетінің барысында жанады, бірақ ол жойылғаннан кейін жануын тоқтатады.
Барлық жанғыш заттар келесі негізгі топтарға бөлінеді:

  • жанғыш газдар — 50 °С -тан аспайтын температура

барысында ауамен бірге жалындайтын және жарылу қаупі бар қоспаларды құруға қабілетті заттар. Жанғыш газдарға жеке заттар: аммиак, ацетилен, бутадиен, бутан,
бутилацетат, сутегі, винилхлорид, изобутан, изобутилен, метан, көміртегі оксиді, пропан, пропилен, күкіртті сутек, формальдегид, сондай-ақ жеңіл ьқтанатын және жанғыш сұйықтардың булары жатады;

  • жеңіл тұтанатын сұйықтар — жану көзі жойылғаннан кейін дербес жануға қабілетті және тұтану температурасы 61 °С -тан аспайтын заттар. Мұндай сұйықтарға ацетон, бензол, гексан, гептан, диметилфорамид,

дифтордихлорметан, изопентан, изопропилбензол, метил спирті, күкірт көміртегі, стирол, сірке су қышқылы, хлорбензол, циклогексан, этилацетат, этилбензол, этил спирті, сондай-ақ қоспалар мен техникалық өнімдер (бензин, дизель майы, керосин, уайтспирт, еріткіштер) жатады;

  • жанғыш сұйықтар жану көзі жойылғаннан кейін дербес жануға қабілетті және тұтану температурасы 61 °С -тан аспайтын заттар. Жанғыш сұйықтарға келесі жеке заттар жатады: анилин, гексил спирті, глицерин, этиленгликоль, сондай-ақ қоспалар мен техникалық өнімдер, мысалы майлар (трансформаторлық, вазелин, кастор) жатады.

Жайларды акустикалық және эстетикалық өңдеу үшін қажет құрылыс материалдары, қалқа бөлгіштер, есіктер, едендер, кабельдер оқшауландыруы ДЭСМ бар жайлардағы жанғыш құрамалар болып табылады.
Жанғыш материалдардың тұтануын туындататын түрлі бұзушылықтар нәтижесінде қызған элементтер, электр ұшқындары пайда болатын ЭСМ электр схемалары, техникалық қызмет үшін қолданылатын құралдар, электр қорегі, ауаны кондиционерлеу құрылғылары жану көздері болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет