32
туындайды – қосымшаны ол сервер мүмкіндігін барынша
пайдаланып, желі арқылы ақпараттың минимумын жіберіп, желіні
минимал жүктейтіндей етіп жобалау. Желіге жүктемені қысқарту,
қосымшаларды әкімшілендіруді жеңілдету және қашықтағы ДБ
тұтынушылық қосымшалардың жұмысын жеделдету үшін
шешімді қабылдаудың барлық логикасы сақталатын рәсімдер
түрінде рәсімделіп, деректер базасы серверінде орындалады.
Сақталатын рәсімдер параметрлерді қабылдайтын немесе
қайтаратын және ДБ сұрауларды, шартты тармақтану мен циклдық
өндеуді орындауға қабілетті қосалқы бағдарламалар болып
табылады.
Сақталатын рәсімдер арнайы алгоритм тілінде жазылады.
Оларда
ДБ
сұраулардың
жиі
қайталанатын
реттілігі
бағдарламаланады. Рәсімдер мәтіні серверде құрастырылған түрде
сақталады.
Сақталатын
рәсімдерді
пайдаланудағы
артықшылықтар:
- әр сұрауды синтаксистік тексеру және орындау алдында оны
құрастыру қажеттілігі жоқ болады, бұл сұрауларды орындау
жылдамдығын арттырады;
- тұтынушылық
бағдарламада сақталатын рәсімдердің
денесінде белгіленген сұрауларды іске асыру қажеттілігі жоқ
болады;
- транзакцияларды өндеу жылдамдығы ұлғаяды, өйткені ұзын
SQL -сұраудың орнына желіде сақталатын рәсімге салыстырмалы
қысқа сұрау жіберіледі.
Сақталушы рәсімдер қосымшалар мен ДБ бүтіндігін
жақсартады, ұжымдық операциялар мен есептеулердің өзектілігіне
кепіл береді. Осындай рәсімдерді
қолдану қауіпсіздікті
жақсартады.
Алайда сақталушы рәсімдердің қолданбалы логикамен
шамадан тыс жүктелуі сервердің артық жүктелуіне әкеп
соғатынын есте сақтау қажет, бұл өнімділікті жоғалтуға әкеледі.
Бұл проблема ірі ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде өте өзекті.
Сондықтан көптеген жағдайларда ымыралы шешім қабылдауға
тура келеді: қосымша логикасының бөлігін сервер жағында, бір
бөлігін тұтынушы жағында орналастырған жөн. Мұндай тұтыну-
серверлік жүйелерді логикасы бөлінген жүйелер деп атайды.
Сипатталған құрылым екі деңгейлік болып табылады және
«қалың клиент» деп аталады (1.7 сур.).
Тұтыну-сервер құрылымын жасау көптерминалды жүйе
негізінде де мүмкін. Бұл жағдайда қосымшалар серверінің көп
міндетті
ортасында
пайдаланушылардың
бағдарламалары
орындалып, ал тұтынушылық тораптар құлдырап, терминалдармен
ұсынылған.
33
1.7 сур. Клиент-сервер екі деңгейлік құрылымы
Қазіргі уақытта тұтыну-сервер құрылымы корпоративтік
деңгейдегі ақпараттық жүйелер мен жұмыс топтарына арналған
қосымшаларды ұйымдастыру тәсілі кең таралған. Мұндай
ұйымдастыру деректер базасы серверінің мүмкіндіктерін
пайдалану, желідегі жүктемені азайту және деректердің бүтіндігін
бақылауды қамтамасыз ету есебінен қосымшалар жұмысының
тиімділігін арттырады. Ақпараттың қауіпсіздігін арттыру барлық
тұтынушылардың сұрауларын өндеу серверде орналасқан
бірыңғай бағдарламамен орындалуымен байланысты.
Сервер ДБ пайдаланудың барлық пайдаланушылар үшін ортақ
ережелерін белгілейді, атап айтқанда бір жазбаны әртүрлі
пайдаланушымен өзгертуге тыйым сала отырып, тұтынушылардың
деректерге қолжетімділігі режимдерін басқарады.
Сонымен бірге тұтынушының қосымшаларда ДБ бақылаумен
және оған қолжетімділікті шектеумен байланысты кодтың
болмауы есебінен олардың күрделілігі азаяды.
Тұтыну-сервер құрылымының екі деңгейлік схемалары
пайдаланушылары көп және логикасы шатастырылған күрделі
ақпараттық қосымшаларда біршама мәселелерге әкелуі мүмкін.
Көп деңгейлі құрылымды пайдалану мұндай проблемалардың
шешімі бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: