Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет2/88
Дата26.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128255
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
КІРІСПЕ 
Бүгінгі таңда түрлі кәсіпорын салаларындағы ақпараттық
жүйелерді әзірлеу және енгізу бөлімдерінде тиісті білімі мен
дағдысы бар мамандарды даярлау қажеттілігі туралы күрделі
мәселелер бар. Сәйкесінше, ақпараттық жүйелерді жасау мен
пайдалануға
байланысты
мәселелерді
жеткілікті
шамада
қамтамасыз ету үшін заманауи талаптардың деңгейіне сәйкес
келетін оқу әдебиетіне қажеттілік туындайды. Өндірісті және
басқаруды ақпараттандыруға сәйкес оқу басылымдары өзінің
өзектілігін қысқа мерзімде жоғалтады, өйткені кәсіпорындарда
пайдаланылатын ақпараттық технологиялар да, жұмыс істейтін
экономикалық жағдайлар да жылдам өзгереді. Бұл ретте орта және
арнайы оқу орындарындағы дайындық болашақ мамандардың
ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу саласындағы соңғы
үлгідегі білім беру жүйесі және өзінің кәсіби қызметінде осы
білімдерді белсенді пайдалану ептілігін меңгеруін көздеуі тиіс.
Кәсіби орта оқу орнының қазіргі бітірушісі ақпараттық
жүйелердің процестері мен өмірлік цикл кезеңдерін, олардың түрлі
құрамдастары мен сыныптамасын, сенімділігі мен тиімділігіне
қойылатын
талаптарды,
ақпараттық
жүйелерді
жобалау
технологиясын, оларды әзірлеу, пайдалану және сүйемелдеу
әдістерін білуі тиіс.
Оқулықта ақпараттық жүйелердің сыныптамасы мен құрылымы,
ақпараттық ресурстар, технологиялар әрі олармен байланысты
түсініктер мен анықтамалар қаралған және сараптамалық
жүйелердің сипаттамалары мен негізгі функциялары жазылған.
Басқарудың заманауи ақпараттық жүйелерінің ережелері мен
әдіснамалық қағидаттары жеткілікті ашылған, сондай-ақ оларды
дамыту
стратегиясы
баяндалған.
Біріктірілген
ұжымдық
ақпараттық жүйелерді (БКАЖ) құру қағидаттары талданған,
отандық және шетелдік кәсіпорындарда енгізілген БКАЖ
салыстырмалы – талдамалы шолуы берілген. ISO/IEC 12207
стандартына сәйкес ақпараттық жүйенің өмірлік циклі және оны
сүйемелдейтін
процестердің
түсінігі
ашылған,
ақпараттық
жүйелердің үлгілерін құру әдіснамалары ұсынылған, экономикалық
тиімділігін бағалау әдістері қаралған. Оқулықтың әр тарауында
студентке зерделенген материалды бекітуге мүмкіндік беретін өздік



4
жұмысқа арналған бақылау сұрақтары бар.


Оқулық студенттермен ақпараттық технологиялар және
басқарумен байланысты пәндерді зерделеу кезінде пайдаланылады.
Ұсынылатын материал кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді
енгізумен айналысатын мамандардың кең ауқымы үшін пайдалы
болуы мүмкін. Осы кітаптың мазмұны оқырманның информатика
және ақпараттық технологиялар курстарын менгерген, деректер
базалары теориясын игерген, экономика және кәсіпорынды басқару
туралы түсінігі бар деп бағамдайды.



5

1 Т А Р А У




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет