Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Ақпараттық қамтамасыз ету



бет9/88
Дата26.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128255
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

Ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету –
жүйеде тарайтын қажетті ақпараттың жиынтығы, оны сақтау мен
өндеу процестерін стандарттайтын құралдар мен әдістер.
Ақпараттық қамтамасыз ету жүйенің ақпараттық базасын
құрайды.
Оның
құрамына
ақпарат
көрсеткіштерінің,
сыныптауыштарының және элементтерінің кодтық белгіленуінің
арнайы
ұйымдастырылған
жиынтығы,
құжаттаманың
сәйкестендірілген
жүйелері,
машиналық
тасығыштардағы
базаларда және деректер банктеріндегі ақпарат ауқымы, сондай-ақ
ақпаратты өндеу сақтаудың сенімділігін, уақытылығын және
сапасын қамтамасыз ететін құралдар енеді.
Ақпараттық қамтамасыз етуді құру үшін жүйенің мақсаттарын,
міндеттерін, функцияларын анық түсіну қажет. Ақпараттың пайда
болу сәтінен бастап оны басқарудың әртүрлі деңгейлерінде
пайдалануға дейін ақпараттың қозғалысын айқындаған жөн.



19


Жүйеде ақпараттың қозғалысы ақпараттық ағын схемалары
түрінде талдау үшін ұсынылуы мүмкін, мысалы 1.3 суреттегі ОКБ
оқу орнын басқару жүйесі сияқты (4 тарауда ақпараттық үлгілерді
құру қағидаттары баяндалған).
Ақпараттық
қамтамасыз
ету
объектінің
барлық
автоматтандырылатын функцияларын қолдау үшін жеткілікті
болуы тиіс. Бұдан басқа, өзара әрекет ететін қосалқы жүйелердің
ақпараттық қамтамасыз етуінің үйлесімділігі қосталуы тиіс (бір
қосалқы жүйенің деректері басқа өзара әрекет ететін қосалқы
жүйенің деректері үшін қол жетімді болуы тиіс). Ақпараттық
жүйеде кіріс және шығыс ақпаратты бақылау құралдарын,
ақпараттық ауқымдарда деректерді жаңарту тәсілдерін, ақпараттық
базаның бүтіндігін бақылау құралдарын, рұқсат етілмеген
қолжетімділіктен қорғауды көздеу қажет.
Ақпараттық базаны машинадан тыс және машиналық
бөліктерге бөледі, бұл ретте машинадан тыс бөлігі машиналық
тасығыштарда ұсынылуы мүмкін.
Машинадан тыс бөлікке ақпаратты саралау және кодтау
жүйелерін, нормативтік-анықтамалық ақпаратты, әдістемелік
нұсқау
материалдарын,
құжаттаманың
сәйкестендірілген
жүйелерін (үлгі нысандары, құжаттар, жобалар, шешімдер)
жатқызады. Машинадан тыс бөлікке сонымен бірге ақпараттық
жүйеден тыс пайдаланылатын ақпаратты жатқызуға болады.
Машиналық бөлікке тек қана ақпараттық жүйенің ішінде
пайдаланылатын ақпаратты жатқызады – кіріс және шығыс
ақпараттың жиынтығы, деректер базалары, компьютерге бастапқы
деректерді енгізуге немесе нәтиже ақпаратты шығаруға арналған
экрандық нысандар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет