Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету



бет10/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылық
қамтамасыз ету – қызметкерлердің ақпараттық жүйені әзірлеу
және пайдалану процесінде техникалық құралдармен және өздері
арасында өзара әрекет етуді реттейтін әдістер мен тәсілдердің
жиынтығы.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету АЖ әзірлеу, енгізу және
пайдалану кезеңдері бойынша әртүрлі әдістемелік және басшы
материалдарда
жүзеге
асырылады.
Бұл
ұйымдағы
автоматтандырылған жүйенің күйін, оның құрылымы мен жұмыс
істеу схемасын айқындайтын және ақпараттық жүйенің жұмыс
істеуі жағдайларында қызметкерлердің қызметтерін реттейтін
әртүрлі түрдегі құжаттар (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар,
штат кестелері, біліктілік талаптар және т.б.).
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мына функцияларды
жүзеге асырады:
-
АЖ пайдаланылатын ұйымды басқарудың бар жүйесін
талдау және автоматтандыруға жататын міндеттерді айқындау;


20


-
АЖ жобалауға техникалық тапсырманы және оның
тиімділігін техникалық-экономикалық негіздеуді дайындау;
-
басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған
басқару шешімдерін әзірлеу.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жоба алдындағы тексеру
нәтижелері бойынша жасалады және АЖ жобалау процесінде
жасалған, бекітілген және ақпараттық жүйені пайдалану негізіне
қойылған құжаттар кешеңі болып саналады.
Құқықтық қамтамасыз ету. Құқықтық қамтамасыз ету АЖ
жасау, енгізу және пайдалану кезінде құқықтық қамтамасыз етуді
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып саналады.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты – заңдылықты
нығайту. Құқықтық қамтамасыз етудің құрамына заңдар,
жарлықтар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары,
бұйрықтар, нұсқаулықтар және басқа нормативтік құжаттар енеді.
Құқықтық қамтамасыз етуде мыналарды бөлуге болады:
— кез келген ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін реттейтін
жалпы бөлігі;
— нақты ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін реттейтін
жергілікті бөлігі.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезеңінде құқықтық қамтамасыз
етуге
әзірлеуші
мен
тапсырыс
берушінің
шарттық
қатынастарымен, осы процесс барысында әртүрлі ауытқуларды
құқықтық реттеумен байланысты нормативтік актілер, сондай-ақ
АЖ әзірлеу процесін ресурстардың әртүрлі түрлерімен қамтамасыз
етуге қажетті актілер енеді.
Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу кезеңінде құқықтық
қамтамасыз етуге мыналар енеді:
- АЖ мәртебесін анықтау;
- ұйымдағы құқықтық жағдайы;
- қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы;
- АЖ ақпаратты құру және пайдалану тәртібі;
- ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, жіберу және өндеу
рәсімдері;
- есептеу және телекоммуникациялық техниканы және басқа
техникалық құралдарды сатып алу және пайдалану тәртібі;
- математикалық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау
және пайдалану.
Құқықтық қамтамасыз етудің бөлігі – ақпараттық жүйелерді
қорғау. Ол бағдарламаларға, техникалық қамтамасыз етуге,
құжаттамаға рұқсат етілмеген қолжетімділікті шектеуді, оларды
әдейі бұзу мен қымқырудан қорғауды, сондай-ақ бағдарламалық
қамтамасыз ету мен деректер базасын рұқсат етілмеген көшіруді
(таралымын көбейтуді) болдырмауды тұспалдайды. Қорғаудың
құқықтық әдістеріне патенттік қорғау, өндірістік құпия туралы заң,


21


лицензиялық келісімдер мен келісім-шарттар енеді.
Патенттік қорғау бағдарламаларды әзірлеуле қолданылған жаңа
тәсілдемені немесе әдісті әзірлеу мен пайдалануда басымдықты
белгілейді, олардың түпнұсқалылығын қанағаттандырады.
Бағдарлама үшін өндірістік құпия мәртебесі пайдалануға
рұқсат етілген тұлғалардың шеңберін шектейді, сонымен бірге
құпияны жариялағаны үшін олардың жауаптылық шарасын
анықтайды.
Лицензиялық келісім авторлық құқықты, патенттік қорғауды,
өндірістік құпияны қоса алғанда бағдарламалық өнімдерді
құқықтық қорғаудың барлық аспектілеріне таралады. Ең жиі
қолданылатыны – авторлық құқықтарды табыстауға лицензиялық
келісімдер (лицензия).
Лицензия – бір тұлғамен басқа тұлғаға атын, өнімді,
технологияны немесе көрсетілетін қызметті пайдалануға құқықты
табыстауға шарт. Лицензиар лицензиялық төлемдерді жинау
арқылы өз табысын ұлғайтады, бағдарламалық қамтамасыз етуді
немесе деректер базасын тарату саласын кеңейтеді. Лицензиат
оларды қолдану есебінен табыс алады. Лицензияда ақпараттық
жүйені
пайдаланудың барлық талаптары, соның ішінде
көшірмелерін жасау ескертіледі. Бағдарламалық қамтамасыз етуге
лицензиялардың бірнеше түрі бар.
Айрықша лицензия —бағдарламалық немесе ақпараттық
қамтамасыз етуге барлық мүліктік құқықтарды салу, сатып
алушыға оларды пайдалануға айрықша құқық беріледі, ал автор
немесе патент иесі оларды дербес қолданудан немесе басқа
тұлғаларға ұсынудан бас тартады.
Қарапайым лицензия — лицензиар лицензиатқа бағдарламалық
немесе ақпараттық қамтамасыз етуді пайдалануға құқық беріп,
оларды қолдану және ұқсас талаптарда шектелмеген тұлғалар
санына ұсыну құқығын өзіне қалдырады (лицензиат тек сатып
алынған бағдарламалық немесе ақпараттық қамтамасыз етудің
көшірмелерін ғана сата алады.
Этикеткалы лицензия — бағдарламалық немесе ақпараттық
қамтамасыз етудің бір көшірмесіне лицензия. Лицензияның осы
түрі бөлшектеп сатуда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет