Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет11/90
Дата26.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#144246
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

Лингвистикалық 
қамтамасыз 
ету. 
Лингвистикалық
қамтамасыз ету жүйені әзірлеудің тиімділігін арттыру және
адамның ЭЕМ байланысуын жеңілдету үшін пайдаланылатын
тілдік құралдардың жиынтығы болып табылады. Оның құрамына
мыналар енеді:
-
ақпараттық
базаның
(құжаттардың,
көрсеткіштердің,
деректемелердің және т.б.) құрылымдық бірліктерін сипаттауға
арналған ақпараттық тілдер;
-
ақпараттық базаның деректерін басқару және айла-шарғы


22


жасау тілдері;
-
ақпараттық-іздеу жүйелерінің тілдік құралдары;
-
ақпараттық жүйелерді жобалауды автоматтандырудың тілдік
құралдары;
-
арнайы мақсаттағы диалогтық тілдер;
-
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді әзірлеу және
жұмыс істеу процесінде қолданылатын терминдер мен
анықтамалар жүйесі және т.б.
Эргономикалық 
қамтамасыз 
ету. 
Эргономикалық
қамтамасыз ету – ААЖ жылдам меңгеру, адамның жүйедегі
жоғары тиімді және қатесіз жұмысы үшін қолайлы жағдай
жасайтын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Эргономикалық қамтамасыз ету АЖ әзірлеу мен жұмыс
істеуінің әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын әдістер мен
тәсілдердің жиынтығы ретінде АЖ пайдалануда адамның жоғары
сапалы, тиімді қызметінің оңтайлы жағдайларын жасауға
арналған. Ақпараттық жүйелерді эргономикалық қамтамасыз
етудің құрамына мыналар енеді:
-
құрамында жұмыс орындарына, ақпараттық үлгілерге,
қызметкерлердің
қызметі
жағдайларына
қойылатын
эргономикалық талаптар бар құжаттама кешені, сондай-ақ осы
талаптарды іске асырудың және оларды іске асыру деңгейінің
эргономикалық сараптамасын жүзеге асырудың ең дұрыс
тәсілдерінің жинағы;
-
қызметкерлердің дайындық деңгейіне, сондай-ақ оларды
іріктеу мен дайындау жүйесін қалыптастыруға қойылатын
талаптарды негіздеу мен тұжырымдауды қамтамасыз ететін оқу-
әдістемелік құжаттама әдістері мен техникалық құралдардың
кешені
-
қызметкерлер жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз
ететін әдістер кешені.
АЖ қамтамасыз ететін қосалқы жүйелері функционалдық
қосалқы жүйелерге қарағанда, әдетте, әртүрлі экономикалық
объектілердің ақпараттық жүйелері үшін құрамы бойынша ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет