Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет21/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121
1.3.1.  Файл-сервер құрылымы 
Файл-сервер  құрылымында  деректер  базалары  серверде 
сақталады, клиент 
. Деректер базасының өзі желілік файл-серверде жалғыз данада 
сақталады.  Әр  тұтынушы  үшін  жұмыс  уақытында  деректердің 
жергілікті  көшірмесі  құрылып,  ол  онымен  іс-қимылдар  жасайды. 
Бұл  ретте  бір  ақпаратқа  бірнеше  пайдаланушылар  бірмезгілде 
ықтимал  қол  жеткізуімен  байланысты  мәселелер  пайда  болуы 
мүмкін.  Мұндай  мәселелерді  деректер  базалары  қосымшаларын 
әзірлеушілер  шешеді (деректерге жүгінген кезде әрдайым серверге 
файлдық  пәрмендермен  жүгініп,  ал  барлық  ақпараттық 
ресурстарды басқару тетігі тұтынушы компьютерінде орналасады.  
Файл-серверлік  деректер  базалары  көп  клиенттерге  желі 
арқылы 
қолжетімді 
болуы  мүмкінолардың  қолжетімділігі 
тексеріледі).   
Файл-сервер  құрылымы  айтарлықтай  кемшіліктерге  ие. 
Олардың  бірі  желінің  өнімсіз  жүктелуі.  Тұтынушының  қолдануы  
кезінде  оның  жергілікті  көшірмесіндегі  деректері  сервердегі 
деректер  базасынан  толығымен  жаңартылады.  Тіпті  қолдану  бір 
жазбаға  ғана  қатысты  болса  да,  деректер  базасының  барлық 
жазбалары жаңартылады. Егер деректер базасындағы жазбалар көп 
болса, онда тұтынушылардың аз санының өзінде-ақ желі түпкілікті 
жүктеліп, сұрауларды орындау жылдамдығына әсер етеді. Желіде 
артық  ақпараттың  үлкен  көлемінің  айналуы  нәтижесінде  желіге 
жүктеме  күр  өседі,  бұл  оның  жылдам әрекет етуінің және жалпы 
ақпараттық  жүйе  өнімділігінің  тиісті  төмендеуіне  әкеледі.  Елеулі 
желілік  трафик  төмен  жылдамдықты  байланыс  арналары  арқылы 
файл-серверде  деректер  базаларына  қашықтан  қолжетімділікті 
ұйымдастыру кезінде білінеді.   
Келесі  кемшілігі  жұмыстың  мұндай  ұйымдастырылуы кезінде 
деректердің 
бүтіндігі 
тұтынушылардың 
бағдарламаларына 
жүктелетіндігімен  байланысты.  Негізінде  файл-серверлік  жүйелер 
құрылатын  дәстүрлі  құралдардың  бірі  болып  жергілікті  ДББЖ 
табылады.  Мұндай  жүйелер,  әдетте,  деректердің  бүтіндігін 
қамтамасыз ету талаптарына жауап бермейді, атап айтқанда, олар 
транзакцияларды  өндеуді  қолдамайды  (құжаттармен  аяқталған 
операцияларды). 
Сондықтан 
оларды 
пайдаланған 
кезде 
деректердің  бүтіндігін  қамтамасыз  ету  міндеті  клиенттік 
қосымшаларға жүктеледі, бұл олардың күрделенуіне әкеледі. Егер 
олар жеткілікті түрде мұқият ойластырылмаса, деректер базасына 
барлық пайдаланушыларға әсер етуі мүмкін қателерді енгізу оңай.  
Бұдан  басқа,  файл-серверлік  құрылымда  деректер  базасында 
бір  пайдаланушы  жасаған  өзгерістер  басқа  пайдаланушыларға 


31 
 
көрінбейді.  Бір  пайдаланушы  қандай  да  бір  жазбаны  түзетіп 
жатқанда,  ол  басқа  клиенттер  үшін  бұғатталған.  Жазбаларды 
бұғаттаумен 
байланысты, 
жекелеген 
пайдаланушылардың 
жұмысын дәл сәйкестендіру қажеттідігі туындайды.  
Тағы  бір  кемшілігі  –  деректер  базасын  басқару  әртүрлі 
компьютерлерден  жүзеге  асырылады,  сондықтан  қолжетімділікті 
бақылауды,  құпиялылықты  сақтауды  ұйымдастыру  айтарлықтай 
қиын,  бұл  да  деректер  базасының  бүтіндігін  қолдауды 
күрделендіреді.  
Дегенмен,  файл-серверлік  құрылым  өзінің  қарапайымдылығы 
мен  қолжетімділігімен  тартымды.  Сондықтан  файл-серверлік 
ақпараттық  жүйелер  әлі  күнге  дейін  шағын  жұмыс  топтары үшін 
қызықты  болып,  тіпті  кәсіпорын  ауқымында  да  ақпараттық 
жүйелер ретінде пайдаланылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет