да айтылғанға жақын. Бірақ Гегель үшін
ойлау әлемнен адамнан тыс,
алгашқы күдіретті жаратушы күш болғандықтан мән әрқашан алгашқы,
оның өзін өзі тануы әлемді, адамды жарату жолында іске асады, осы
жолда ол өзін алдымен болмыстык формаларда көреді, тек кейін ғана
ол болмыстың ішкі мәні озі екенін айқындайды. Өмір сүру тек осы
кезеңнен кейін келетін саты. “ Белгілі бір істің барлықшартты жағдай-
лары дайын болғанда ол өмір сүруге ауысады”,28- дейді ол.
Егер әрбір түтас нәрсені белгілі бір пайда болу, калыптасу, даму,
өшу
кезендерінен өтеді деп қарасақ, тек осы түрғыдан ғана өмір сүру
дербес категория ретінде өзіндік мазмүнға ие. Гегель тек осы түрғыдан
талдайды. Оның ойынша мэн (сущность) алғашкы, анықтаушы, және
әрбір түтас, дербес норсені түпкілікті тап осы норсе ететін мазмүн.
Сапага берген анықтамада ол заттың өзімен барабар айқындыгы
делінген. Гегель енді затты тануды оны мәнділігіне дейін жеткізгенде
сол барабарлыктың түпкі негізі мән екенін айтады. Бірақ, табигат
дүниесінде коптеген нэрселер осы сатылардан өтіп жатады деп айта
алмайсың. Дегенмен, калыптасу,
даму кезендері болмайтын, немесе
ондай кезендері өтіп кеткен, толықжетілген нәрселерде үнемі циклдік
қайталау болатын болса, онда да өмір сүрудің белгілі орны бар.
XX гасыр философиясында өмір сүру категориясы коптеген
багыттардын (экзистенциализм, философиялык антропология т.б.)
негізгі
проблемасына айналды. Ол XX гасырдагы Батые философия-
сының негізінде тек адам проблемасына бет бүргандыгының нэти-
жесі еді. Бүл багыттар философияның міндетінің өзін басқаша түсінуге
ойысып, олар тек адамның дүниедегі орны, оның дүниеде болуының
магынасы туралы моселелерді алга тартты. Мүндай жагдайда, әрине,
омір сүру, ол адамның өмір сүруі жэне
жалпы адамзаттық қана емес,
жеке адамның жалқы тіршілігіндегі өмір сүру. Бүрынгы философия
жалпылықты тым әсіре багалап, оны бірінші орынга қойды, ал адам
дар дүниесінде өрбір жанның қайталанбас жалқы тіршілігі багалы.
Әрбір адам баска норсеге тәуелділігі арқылы, жалпы басқа нэрселер
аркылы багалы емес, ол өзі үшін де, қогам үшін де өзінен озі багалы.
Бірақ бүл шындық тарихта кобінесе мойындала берген жок.
Экзистенциализм
(eK zistenzia
- өмір сүру) үшін адамдардың шын
өмірі олардың сырткы дүниемен, баска
адамдармен қатынастан көрі
оз жан әлемінде, өмірлік толганыстарында өтеді. Олар, әрине, сыртқы
дүниемен байланыста, бірақ сыртқы дүние, олармен тап осы адам-
ның қатынастары оның ішкі өз жобасының өзінен тыс дүниеге про-
екциясы, оны сыртқьі дүниеге таңуы. Атеистік экзистенциализм деп
аталатын багыттың окілі, корнекті француз ойшылы Ж.-П.Сартрдың
28
Достарыңызбен бөлісу: