тану, сезіну тынымсыз болып жататын процесс болғандықган, олар
негізінде кобінесе идеалдық формада отеді. Бейнелеу адамның бүкіл
әлемді жаны мен ойына сыйғызудың, сіңірудің жолы. Тікелей бол-
мыстық формада оны адам оз өміріндегі бар формаларға айналдыра
алмас еді.
Заттанған, объективтенген формалар адамдардың қогамдасуы-
ның жолы екендігін айтқанбыз. Адамдардың бір-біріне қатынасы тек
заттанған, объективтенген нәтижелер арқылы іске асады. Екінші
жағынан қоғамдаскан адамдар гана өрқайсысының қолы жеткен нә-
тижесін, тәжірибесін, ой-сезімдерін т.т. басқалардың да үлесіне ай
налдыра алады. Бірігіп істейтін ең қарапайым істің өзі адамдардың
әрекеттерін үйлестіру үшін әрбір жаңалықты, деректі бір-біріне
жеткізуді қажет етеді. Объективтенген формалардагы адамдық мазмүны
сондықтан да жалпы адамдық маңыздылықты білдіріп түруы қажет.
Әрбір қогам мүшесінің атқарган ісінің, ойлауының нәтижесі сыртқы
формада, ягни басқалардың сезім органдары аркылы қабылдай ала
тын формада, бәріне де таныс, ортақ белгілерде көрінуі тиіс. Ол нә-
тиже соны іске асырған адамның басқаларға бағышталған қатынасы.
Ол нәтиже оз иесінің басқаларга багыштаган окілетті елшісі. Оның
сипатына қарай басқалар да оган белгілі бір қатынас жасайды. Объ
ективтенген нәтиже өз иесі (субъект) туралы хабардың, деректердің
көзі. Осының бәрі бейне деген үғымға кіреді.
Өзара байланысты күбылыстарда олардың әрқайсының тікелей
болмыстық қалпы басқаларының ішкі табиғатының көріну формасы
болып түратындыгын М аркс адамдардың өзара қатынастарында
көрсеткен. Адам Петр адам Павелдың бүкіл болмысынан жалпы адам-
заттық болмысты танып, өзін де сол арқылы адам деп таниды, сүйтіп
осы ортақ тектілікті сезінумен өздерін және басқаларды да бүтін адам-
заттың өкілдері деп қарайды. Яғни Петр да, Павел да және басқа
адамдар да әрі реалдық, әрі идеалдық қүбылыстар. Реальдық және
идеалдық адамдардың өздерінің екі ажырамас жақтары. Себебі адам
бүкіл өзі жасаған дүниесімен бірге гана адам.
Достарыңызбен бөлісу: