Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


адам дык м әннің болу формасының өзі



Pdf көрінісі
бет90/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128
адам дык м әннің болу формасының өзі

тиістілік, 
міндеттілік.
Бүл адам үнемі алдағы бір биік, қол жету-жетпеуі неғай- 
был бір мақсаттар мен мүраттарға үмтылған жағдайда ғана емес, ал- 
дақашан қол жеткен, іске асып жүрген, үйреншікті өмір сүру калпы- 
нан мызғымай жүргенде де солай. Өйткені қол жеткен мәнге де үнемі 
қайталап, іске асырып, кол жеткізіп жүру кажет. Іске аскан мән мәндік 
сипаттан айырылады, ол енді сырткы объективтенген форма. Ол енді 
мәнді үнемі істік, әрекеттік формата ауыстырудың негізі, шартты болуы 
мүмкін, соны жеңілдетуі хақ, тіпті соның қүрамы, бірақ мәннің өзі 
емес.
Өмір кешу осы барлык,, болмыстык, іске аскан ды к пен болуға 
тиістіліктің арасындағы адам тіршілігінің кайшылығы, солардың бір- 
біріне барабарлык дәрежесі.
§ 
5

Заң
Ғылыми таным пайда болудан әлдеқайда ерте замандарда-ақ 
адамдардың ойлауында заң туралы, өмірдегі заңдылықтар жайлы 
белгілі бір түсініктері болған. Ол түсініктер әлеуметтік өмірде де, та- 
биғаттағы қүбылыстарда да белгілі бір қатынастардың бүлжымай қай- 
таланып, үнемі болып отыратындытына байланысты. Күн мен түннің,
205


жыл мезгілдерінің орнықты бір тортіппен ауысып отыруы, соған бай­
ланысты табиғаттағы өзгерістер, әрбір жеке тіршіліктің, өмірдің ерте 
ме, кеш пе өліммен аяқталатыны т.т. көптеген болмыстың міндетті 
түрде болатын ырғақтары осындай түсініктердің негізі. Алғашқы адам­
дар қауымындағы тіршілік етудің ауырлығынан олардың бір-бірінсіз 
күн көре алмайтыны туыстық байланысты қоғамдасудың негізі етті. 
Қауымдық бірлесудегі өмір де қатаң нормалармен, үрдіс-әдеттермен 
реттеуді қажет еткен. Олар да сол кездегі ойлауда адамдардың өздері 
орнатқан тәртіп емес, табиғаттың айнымас заңындай көрінгені белгілі.
Бірақ алғашқьі заң туралы түсініктер мен сезімдер табиғаттың 
зандарын білуден және меңгеруден корі адамдардың оздері үстанған 
қатал тортіптерден туындайды. Адамдардың игеретін жоне дүниені 
түсінуге негіз болатын олардың қоғамдық қатынастары. Түңғыш қоғам- 
дық қатынастар - рулық-тайпалык қүрылыс, яғни бір атадан не ана- 
дан тараған адамдардың бірлігі. Туыстық, қандастық бола түра ол 
бірлік табиғи емес, әлеуметтік. Себебі тікелей табиғи бірліктен, мы­
салы жануарлардың табынынан, оның әрбір мүшесіне бағытталған 
сырттай талаптар, нормалар, міндеттілік т.т. байланыстар тумайды. 
Ондай бірлікке кіретін әрбір адам баласы ол талаптарды, міндеттерді 
орындау үшін алдымен меңгеру керек. Олар адамның табиғатында 
берілмеген. Осындай талаптар айрыкдіа катаң болмай жеке адамның 
кауымнан тыс дербес өмірі адамдықдорежеде мүмкін емес. Олай болса, 
әр адамның күнделікті орбір ісінде, ойлауында үрпақтан үрпаққа 
жалғасып келе жаткан, жүздеген, мыңдаған жылдарда орнығын 
үлгірген дәстүрлер бар. Қауымдық қоғам - дәстүрлермен реттелетін 
күрылыс. Дәстүрлер адамдардың барлық омірін бүге-шігесіне дейін 
қамтиды. Адамдардың ең алғашқы білетін зандары осылар. Олардың 
объективтік міндеттілігі табиғат зандарынан да қатаң. Адамдардың 
сол замандағы дүние туралы түсініктері мифологиялық түрде. Коп 
халыктардың мифтерінде олар оздерінің әлеумегтік тәртіптерін бүкіл 
әлемнің, табиғаттың тәртіптері, яғни зандары деп түсінеді. Ежелгі 
гректердің мифологиясын терең зерттегендердің бірі - А.Ф.Лосевтің 
айтуынша бүтін космосты ежелгі грек бір универсальдык рулық тәртіп 
деп түсінеді: ондағы заттардың бәрі озара туыстас, аспан-Уран-ол- 
әке, ал жер-Гея-ана. Тіршіліктің бәрі солардан туған. Бүкіл Әлемді 
Логос билейді. Логос - әлемнің ішкі қнсыны, мәні. Мүндай коғамда 
ең биік күндылық - бабалардың орнатқан тәртіптері, сол нормалар­
мен дәстүрлерді қастерлеу. Соларды үнемі нығайтып, жаңғырту. Ал 
бабалардың үлгілері рулық қүндылықтарды әлемдік тәртіп етіп, та- 
биги зандылыкпен барабар деп қарау.
Ежелгі түріктердің дүниеге көзқарасы да осы шамалас. Оларда 
Тәңірі - аспан-әке, жер-ана-Үмай. Аспандағы денелердің ішінде, әсіре-
206


ce. Күннің орны бөлек. Барлык іс-әрекетті соларға бағыштау, кеңістік 
пен уақытты сол мәнге сай үйымдастыру т. б. Мүнда да біз Әлемнің 
қүрылысын рулық кауымның күрылысы арқылы көруді байқаймыз. 
Алғашкы дәуірлерде заң, зандылық деген түсініктерде бағалаушылык 
мазмүн басым, занды нәрсе, тортіп ол кезде әрқашан астарлы мәні 
бар, киелі нәрсе. Байырғы адам санасында, олардың қатынастарында 
табиғат, ондағы аспан денелері айрықша қастерленеді, бірак ол қас- 
терлеудің астарында рулық-тайпалыккүндылыктарды, сонымен бірге, 
әрине, сол күндылыктардан туындайтын әрбір адамға қойылатын 
талаптарды, іс-эрекеттің нормаларынқастерлеуді аңғаруға болады. 
Әрине, бүкіл әлемдік катынастардан тек оздерінің коғамдық қатына- 
старын коретінін адамдардың өздері сезбейді, ол қатынастарды та- 
биғаттың өзіндік төл қатынастары деп карайды, олай болса, табиғат- 
тың бір бөлігі - адам да сондай қатынастарда өмір кешуі занды. Сон- 
дықтан да қауымдық өмірден туындайтын талаптар мен міндеттер 
Әлемнің беткаратпас заңындай қабылданады һәм мойындалады. Бүкіл 
Әлемді, ондағы денелер мен қүбылыстарды жандандыру, оларға адам­
дык қасиеттерді теліп, адамға іспеттес катынас жасау осылардан 
шығатын болуы тиіс.
Христиан жоне ислам діндері үстем болған дәуірлерде табиғат- 
тың да, адамдардың да орнатқан заңдары ның мәнділігі теріске 
шығарылады, себебі олар бәрі де күдайдың жаратқан дүниесі. Бүкіл 
әлем жаратушының қүрған тортібіне негізделеді. Сондыктан табиғат 
йен коғамның озіндік зандары бар деу оларға қайшы. Тек Жаңа 
дәуірде, яғни өнеркәсіптің кең өрістеу заманында табиғат күштеріне 
көзкарас күрт озгерген. Бүл кезде бүрыннан жалғасып келе жаткан 
табиғат күштерін игеріп пайдалану, адамдык мүктаждықтарға икем- 
деу катынасы ең бірінші, бағалы нәрсеге айнала бастайды. Осы кезге 
дейін дамып келген, бірак күндылықтардың тасасында болған каты­
нас енді бірте-бірте бел ала бастайды. Бүл, әсіресе, Европа тарихын­
да айкын көрінеді. Табиғатты кең ауқымда игеру қызметі оның озіндік 
дербес болмыс екенін, оның болуы үшін оның өзінің өзіне жеткілікті, 
яғни өзінің өзіне негізделетін дүние екендігін аша түседі. Оның бүл 
қасиетінің ашылатыны - адамдардың табиғат күштерін игеру қызметі 
неғүрлым терендеген сайын - ол күштердің “карсылығы”, адам ыркына 
коне бермейтін “асаулығы” айқьіндала түседі. Табиғат күштерінің 
озінің ішкі зандылықтарының бар екендігі адамдардың ойлауында 
берік орын ала бастайды. Табиғат күштерін игеріп, адамның пайда- 
сына кызмет еткізу үшін олардың бізге тәуелсіз және белгісіз сырла- 
рына үңілу кажеттігі туралы көзкарас мендейді.
Бүл өзгерістің айрыкдіа ақиқаттығы күмон туғызбайды. Онда 
жалпы болмыстың, соның ішінде адам болмысының монін іздеу ке-


ректігі түңғыш алға шыққан. Табиғаттың да, адамның да өз негізі - 
өзі, олар өзінен өзі қүнды29. Әр нәрсенің дүниеде болуының мазмүнын 
сондықтан оған ешкандай сырттай келген қоспасыз айқындау міндет. 
Бүл әсіресе табиғат қүбылыстарын тануға қатысты.
Айтылмыш бағыт адамның дүниеге танымдыкқатынасын, әсіре- 
се, ғылыми танымды негіз етті. Ғылыми танымның негізгі бағыты 
танылатын қүбылыстың өзіндік заңын ашу. Бүл әрине үзакжол, оның 
әртүрлі сатылары, деңгейлері бар. Мысалы танымның эмпирикалык 
(тәжірибелік) және теориялык деңгейлері бар. Танылатын заң оның 
теориялық деңгейінде айкындалады. Көп ғылымдардың тарихында 
занды ашу үзақ тарихи дәуірден кейін ғана болған.
Сонымен заң дегеніміз не? Заң - мәннің белгілі бір деңгейі. Ол 
мәннің қүбылыстардан арылған таза қалпы емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет