Оқулық-Әдістемелік материалдар семей 20 13


Лекция 12. Молекулалық-абсорбциялық спектрометрия



бет22/27
Дата06.01.2022
өлшемі187 Kb.
#11591
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
cad5247c-3644-11e3-b629-f6d299da70eeЛекции по Объекты биотехнологии каз

Лекция 12. Молекулалық-абсорбциялық спектрометрия
Молекулалық-абсорбциялық спектрометрияда 200-750 нм облысындағы (УФ-сәулелер және көрінетін жарық) аналитикалық сигналдар және ИК- және микротолқындар облысындағы сәуле жұту процестері зерттеледі. УФ-сәулелер сыртқы валенттік электрондардың электрондық переходтарынан туындайтыны, ал ИК- және микротолқындар молекулалардың айлануының өзгеруімен байланысте екендігі белгілі.

Көп тараған әдіс болып фотометрия – спектрдың көзге көрінетін облысының 400 - 750 нм толқын ұзындығы интервалында жұту процесін зерттеуде негізделен әдіс және ИК-спектрометрия – электромагниттік спектрдың инфрақызыл облысының әр түрлі бөліктерінде жарық жұту процесін зерттеуде негізделген әдіс табылады. ИК-спектрометрияда зерттеулер негізінен ортаңғы (толқын ұзындығы 2,5 – 25 мкм) және жақын (толқын ұзындығы 0,8-2,5 мкм) ИК-облыстарында жүргізіледі.



Фотометрия

Фотометриялық сандық анализ әдісі белгілі зат, қоспа компонентінің немесе олардың боялған формаларының оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелерді жұту қабілетінде негізделеді. Жұту қабілеті зерттелетін заттың түсінен тәуелді. Заттың түсі молекуланың электрондық құрылысымен айқындалады, әдетте оны молекулада хромафорлық топ деп аталатын және заттың спектрдегі көрнетін жарық және УФ-облыстарындағы электромагниттік сәулелерді жұтуына жауапты топтардың болуымен байланыстырады.

Фотометрия әдісімен зерттеу схемасы мына кезеңдерден құрылады:

- сынама дайындау және белгілі зат немесе компонентті ерітіндігі, яғни реакцияға түсу қабілеті бар формаға аудару;

- бояу реакциясын жүргізу арқылы анықталатын заттың боялған аналитикалық формасын алу;

- аналитикалық форманың жарық жұту қабілетін өлшеу, яғни белгілі жағдайлар үшін аналитикалық сигналды тіркеу.

Өнеркәсіптен әр түрлі молекулалық-абсорбциялық спектрометрия құралдары – колориметрлер, фотометрлер, фотоэлектроколориметрлер, спектрофотометрлер және т.б шығарылады.

Қазіргі кезде автоматтандырылған, микропроцессормен басқарылатын фотометрлер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет