Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет123/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   296
ИНТЕРЛЕЙКИН–6 (Адамның хромосомаларының 7- жұбы). 20 000 
– 30 000 Д жуық молекулалық салмағы бар гликопротеин. Алғашында Т- 
жасушалар 
өндiретiн 
В-лимфоциттердiң 
плазматикалық 
жасушаға 
айналуының соңғы кезеңін реттейтiн лимфокин ретiнде табылған. ИЛ-6-
ның 
көптеген 
биологиялық 
бесендiлiгi 
(В-жасушалардың 
иммуноглобулиндер 
өндiруi, 
бауырда 
жедел 
фазаның 
бiрқатар 
белоктарының өндiрiлуi, әр түрлi В-жасушалық тiзбектердiң - миелома, 
плазмоцитома, гибридомалар - өсуiн қамтамасыз ету, мегакариоциттердiң 
жетiлуi; нейрондардың жетiлiуi; остеокласттардың белсендiрiлуi) бар 
екендiгi кейiн дәлелдендi.
ИЛ-6-ны өндiретiн жасушалар өте көп: моноцит/макрофагтар, 
лимфоциттер, 
фибробласттар, 
гепатоциттер, 
кератиноциттер, 
эндотелиалдық, мезангиалдық, қан түзу жасушалары, трофобласт және әр 
тектi iсiктердiң жасушалары. ИЛ-6-ның өндiрiлуiнiң қоздырғыштары 
болып бактериялық өнiмдер, полиэлектролиттер, митогендер, ИЛ-1, IНФα, 
интерферондар және колония стимулдайтын факторлар бола алады. 
ИЛ-6-ның нысана жасушалары: әр түрлi дәнекер тiндiк элементтер, 
қан, 
иммундық 
және 
нейроэндокриндiк 
жүйелерiнiң, 
бауырдын 
жасушалары. 
Биологиялық әсерлерi ИЛ-1 мен IНФ-α.-ға ұқсас. Бiрiншiден, олар 
қабыну және иммундық реакцияларға, қан түзуге қатысады. ИЛ-6 
созылмалы қабыну процестердiң жеделдеуiн және жедел процестердiң 
созылмалы түрге ауысуына себепкер болады. Вирустарға қарсы әсер ететiн 
қасиетi бар. ИЛ-1 мен IНФ-αлардан кешiрек бөлiнiп шығып, ИЛ-6 олардың 
өнiмiн азайтады, сол себептен қабыну реакцияны аяқтайтын цитокиндерге 
жатады.
Иммундық жүйеде ИЛ-6 В-лимфоциттердiң иммуноглобулиндердi 
өндiретiн плазмалық жасушаларға айналу соңғы сатысына стимул ретiнде 
қатысады. Ол иммуноглобулиндердiң барлық кластарының бiрдей 
өндiрiлуiн шақырады. Жетiлген Т- жасушаларға әсер етiп, ИЛ-6 оларды 
ИЛ-2-нiң әсерiне дайындайды, ИЛ-2 шақыратын Т- жасушалардың 
көбеюiн және цитотоксикалық Т-лимфоцитттердiң жетiлуiн күшейтедi, 
IFN-γ-ның NK- жасушаларына көрсететiн әсерiн жоғарлатады. 
Қан түзу жасушаларына ИЛ-6, ИЛ-3тiн, ГМ-КСФтын және М-
КСФтын әсерлерiн күшейтiп көбiнесе, кофактор ретiнде көмектеседi. 
Гемопоэзде ИЛ-6, тромбоциттердiң санын өсiрiп, көп қабiлеттi бағаналы 
жасушаларының, мегакариоциттердiң ИЛ-3- тәуелді пiсiп жетiлуiн 
қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, ол лейкемиялық, миелоидтық, бласттық 
жасушалардың және керотиноциттердiң көбеюiн күшейтедi. ИЛ-6 
нейрондардың дамуына әсер етiп, иммундық және нейроэндокриндiк 


135 
жүйелерiнiң әсерлесуiнде белгiлi, бiрақ әлi толық анықталмаған маңызы 
бар.
Әсерлерiнiң механизмдерiнiң көп болғандығынан ИЛ-6 ЖБИЖС, 
таралған миелома, ревматоидтық артрит, менопаузадан кейiнгi артроз
Капоши саркомасы сияқты көптеген ауралардың патогенезiне қатысады. 
Сонымен, ИЛ-6 фибробластармен, макрофагтармен өндiрiлетiн
полифункционалдық цитокин болып. Биологиялық әсерiнiң спектрi 
бойынша ИЛ-1 және IНФ-α ларға жақын, қабынудың, иммундық 
реакциялардың дамуына, қан түзудi реттеуге қатысады, плазматикалық 
жасушаларының 
өсу 
факторы 
болып 
келедi, 
жүйе 
аралық 
әрекеттесулерге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет