Музыка – music әож 78



жүктеу 2.05 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата15.02.2017
өлшемі2.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 

 
МУЗЫКА – MUSIC 
 
ӘОЖ 78 
 
ҚАЗАҚ КЛАССИКАЛЫҚ ОПЕРА ХОРЛАРЫН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
    Н.Т. Айнабекова, магистр, оқытушы  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа: Мақала болашақ музыка мұғалімін белсендірудің жолдарын анықтауға, 
оның  ішінде  ұлттық хор  репертуарының  атқаратын  рөлі  мен  алатын  орнын  нақтылауға 
арналған. Музыкалық білім беруде музыка мұғалімінің басты мақсаттарын айқындайды. 
Түйін сөздер:опералық хорлар, қазақ ұлттық операсы, оқу үдерісі. 
Хор өнері ежелгі заманнан батыс еуропа, орыс халықтарында бастау алып дамыған 
өнер  түрі  болып  табылады.  Әу  бастан  хор  өнері  шіркеулерде  және  діни  ұйымдарда 
қарқынды  дами  бастады.  Келе  бара  хор  өнеріне  деген  қызығушылық  артып,  бұл  өнер 
түрі халық арасында қарқынды дамыды. 
Қазақ  халқы  профессионалды  хор  өнерімен  ХХ  ғасырдың  басында  танысып,  сол 
кезден  бері  хор  өнері  халқымыздың  бірден-бір  ажырамас  жанрларының  бірі  болып 
келеді. Хор өнері аса қарқынды даму кезеңін кеңес дәуірінде барлық социалистік елдер 
қатарында  бастан  кешірді.  Алғашқы  қазақ  опералары  жазылып,  оларға  хор  енгізілді. 
Алғашында  примитивті  түрде  халық  әндерін  имитациялау  ғана  болып  басталып, 
кейіннен  профессионал  композиторлардың  шеберлігінің  дамуына  байланысты  өте 
күрделі де ұлттық нақышта жазылған шығармалар болып табылды. 
Егемен еліміз тәуелсіздік алып, көк байрағын көтергеннен бері жаңа буындағы жас  
композиторларымыз  хорға  арнап  шығармалар  жазуда.  Бастамасын  қазақ  ұлттық  хор 
өнеріне зор үлес қосқан қазақ композиторы Б. Байқадамовтан алған қазақ халық әндері 
мен күйлерін  хорға арнап өңдеу де өз жалғастырушыларын табуда. Дегенмен, хор өнері 
қазақ халқының ежелгі заманнан келе жатқан төл өнері болып табылмағандықтан, қазақ 
ұлттық  репертуарымен  жұмыс  жасауда  және  оны  дамытуда  көптеген  сұрақтар 
туындайды.  Бұл  тақырыптың  өзектілігі  хор  өнеріндегі  қазақ  ұлттық  репертуарын 
игерудегі дұрыс жолдарды табу болып табылады. 
Тәуелсіз еліміздің туы биіктен желбіреген бүгінгі күні Қазақстандағы ұлттық опера 
өнері  –  Еуропа  мәдениетінің  биік  өнер  түрлерінің  мәдениетімізге  сіңіру  жолының  бірі 
болып табылады. Опера өнері структурасы, формасы жағынан Еуропа өнеріне негізделсе 
де, қазақ операсының өзіндік ерекшеліктері мен ұлттық қасиет пен ұлттық менталитетке 
тән  өзгешеліктері  баршылық.  Бұл  жанрдың  мазмұны  орыс  және  Еуропа  мәдениеті 
үдерісі    негізінде  ұлттық  фольклорымызды  кең  колдана  отырып,  халықтық  мұраны 
жаңғырту болып табылады. 
Қазақстанның  ұлттық  операсы  –  халықтың  рухани  қазынасындағы  белгілі  бір 
дәрежедегі жаңаша көркемдік құбылыс. ХХ ғасырдың басында ғаламдық, қоғамдық және 
әлеуметтік  қиыншылықтар  тұсында  туындаған  қазақ  операсы  кейінгі  онжылдықтарда  
жоғары  дәрежедегі  адамгершілік  функцияларды  атқарып,  өз  дәуірінің  көркемдік  және  
эстетикалық  белгілеріне  сай  келіп,  заманауи  музыка  мәдениетінің  маңызды  құрамдас 
бөлігіне айналды. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 

Музыка,  әдебиет  және  сахна  өнері  сияқты  аса  маңызды  үш  үлкен  саланың 
жиынтығынан  тұратын  жанрдың  басымдығы  ғасырлар  бойы  жинақталған  фольклор  
мұрасының  дәстүрлерін  қолданумен  (ауыз  әдебиеті,  прозалық,  музыкалық  және  
орындаушылық), орыс  классикалық, батысеуропалық өнердің және заманауи көркемдік 
үдерістің ұтымды үйлесуімен байланысты. Тарихи оқиғаларды көрсетудің ауқымдылығы 
мен  мәнерлілігі  жағынан  опера  жанры  «өмірлік  маңызы  бар  сұрақтарды  шешудің 
жоғарғы  сатысы» ретінде көрінеді (А. Герцен бойынша). 
Академик Б.В. Асафьев  «композиторға  қоршаған әлеуметтік ортаға опера арқылы  
шығу оңайырақ тиеді, ол әрекеттерінің, сюжеті мен түрлерінің ерекше байлығы арқылы 
қиялды  жетілдіріп,  нақты  нәрселерге  бағыттайды,  оған  қоса  театрлық-драмалық 
ортадағы    адам  дауысының  эмоционалды  әсеріне  қарай  адамдармен  тілдесу  жеңілірек 
болады», – деп  атап көрсеткен. 
Қазақстанда операның қоғамдық жаршы ретіндегі рөлі жаңа мәдениеттің белсенді  
құрылысы  тұсында  айтарлықтай  дәрежеде  анықталды.  Шынайы  өмір  құбылыстарын 
терең әрі жан-жақты көрсетуі, елеулі идеялар мен образдарды жүзеге асыра білу қабілеті,  
халықтың  бай  музыкалық  мәдениеті  мен  көп  салалы  байланысы  арқылы  осы  жанр 
халықтың  рухани  өмірінде  жетекші  орынға  ие  болды.  Опера  жазған  ұлы 
композиторлардың  бірі  П.И.Чайковский  жанрдың  кең  мүмкіндіктерін  анықтай  отырып, 
былай деген:  «Опера және  тек қана опера сізді адамдармен, сіздің музыкаңызды нағыз 
қауыммен  жақындастырады,  сізді  жекелеген  шағын  үйірмелердің  ғана  емес,  жағымды 
жағдай туса, бүкіл халықтың игілігіне айналдырады». П.И. Чайковскийдің айтып кеткен 
«жағымды жағдайы» Қазақстанда  өткен ғасырдың 30-шы жылдары қалыптасқан. Опера 
жанры табиғатынан ұлтаралық бола  отырып,  ұлттық және адами даму заңдылықтарын 
тану жағынан маңыздылардың біріне  айналды. 
Қазақстанда  опера  жанры  Таяу  Шығыс  пен  Орта  Азия  елдеріндегідей  үлкен  
шығармашылық  табыстар  мен  көптеген  ауыртпалықтарды  бастан  кешірді.  Жарты 
ғасырға  жетпейтін  уақыт  аралығында  пайда  болған  60  қазақ  операсының  кейбіреулері 
бірқатар  объективті  және  субъективті  себептерге  байланысты  сахнада  көрініс  таппады, 
екіншілері репертуарда ұзақ сақталмады, ал үшіншілерінің өмірі тұсаукесерден кейін-ақ 
тоқтаған. Тек  кейбіреулері  ғана жоғары кәсіби деңгейлі композиторлық мектепті және 
халықтың  көркемдік-эстетикалық  құндылықтарын  көрсете  отырып,  ұлттық  музыка 
мәдениетінің алтын  қорына енген.  
Қазақстанда  опера  жанрының  қалыптасуы,  дамуы  және  өзгеруі  әлемдік 
классикалық опера өнерінің қалыптасқан түрлері мен типтерінің әсерімен дәстүрлі қазақ 
мәдениетінің      образдық  және  жанрлық  ерекшеліктеріне  сәйкес  жүзеге  асып  отырған. 
Бұл  құбылыстың  табиғаты  Қазақстандағы  опера  өнеріне  тарихи  қалыптасқан 
динамиканың үздіксіздігімен және интегративті үрдістермен сипатталады.  
Опера жанры дамуының барлық кезеңдерінде әндік-инструменталды фольклордың   
дәстүрлі  жанрлары  мен  формаларын  түрлендіру  басты  музыкалық-стильдік  белгісі 
болып  табылады.  Олардың  нақты  қолданылуының  дәрежесі  уақыт  ағымы  мен  ұлттық 
опера  мектебінің  даму  деңгейіне  байланысты  терең  үдерістерге,  көптеген  факторларға 
тәуелді.  Жалпы,  әрбір  қазақ  операсы  синтезін  құрайтын  бөліктердің  әртүрлі 
арақатынасына  негізделеді.  Шығармалардың  дәстүрлі  үлгілерін  ауыстырып  отыру 
немесе олардың әртүрлі нұсқаларын араластыру нәтижесінде авторлар біртума жанрлық 
жаңа туындылар шығарған. 
Мәселен,  өткен  ғасырдың  30-40-шы  жылдары  алғашқы  опера  шығармаларын 
жасауда  халық  музыкасын  цитаттау  әдісін  қолдану  басым  болғаны  тарихи  тұрғыдан 
заңды және  түсінікті. Орта Азия елдерінің (өзбек, қырғыз, түркімен және тәжік) ұлттық 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 

 
мәдениеттерінде  музыкалық  фольклорды  осындай  жолмен  қолдану  өздерін  жан-жақты 
танытуға,  кейінірек  өз  болмысын  көрсету  және  көркемдік  мүмкіндіктерін  барынша 
қолдану  ұлттық  опера  стилистикасының  жаңашыл  үрдістеріне  негіз  болды. 
Архитектоника,  музыкалық  драматургия  қағидалары  түрленіп  дамыды,  әуендік-
интонациялық  құрылым,  ладо-ырғақтық  үйлестіру  кеңіп,  тереңдей  түсті,  жанр  негізі 
түрленді. 
Опера  өнерінің  шарықтау  шыңы  деп  республиканың  халық  әртістері,  алғашқы 
ұлттық авторлар А.Жұбанов пен Л. Хамидидың «Абай» операсын (1944 ж.) және ұлттық 
опера өнерінің мұражайына айналған, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған (1949ж.) 
КСРО  халық  әртісі  М.  Төлебаевтың  «Біржан  мен  Сара»  операсын  (1946  ж.)  айтуға 
болады. 
Музыка  драматургиясының  жаңа  үрдістері  кейінгі  жылдардың  опералық  
туындыларынан  байқалады.  Мысалы,  ертеректе  «Қыз  Жібек»  пен  «Жалбырда»  орын  
алғандай, Е. Брусиловскийдің «Дударай» операсында (1953 ж.) аралық образдық мәндік   
бағыт  цитата  тілімен  де,  лейтинтонациялы  дамумен  де  ұштасады.  Мария  Рыкинаның 
(1887-1950)  осы  аттас  әніне  негізделген  опера  лейттақырыбы  ауқымдылыққа  ие  бола 
отырып,    кейбір  жағдайлардың  өткірлігін  күшейту  арқылы,  опера  кейіпкерлерінің 
әртүрлі  психологиялық күйлері мен қылықтарына сай, сюжетке үйлестіріліп енгізілген. 
Опера  өнердің  барлық  түрлерінің  (музыкалық,  драмалық,  балет,  көркем  және 
орындау)  синтезі  ретінде  кейінірек  айтарлықтай  өзгерістерге  ұшыраған.  Оның 
өзгерістері  әсіресе  дәстүрлі  мәдениетпен  генетикалық  байланыстағы,  терең  әрі  көп 
аспектілі  түрдегі  жанр  табиғатының  эволюциясынан  айқын  байқалады.  Көркем 
үдерістерінің осы үрдісі ең алдымен сюжетті-тақырыптық негіздегі, батырлық, романдық 
және тарихи эпостық сияқты ауыз әдебиет фольклорының үлгілерінен алынған идеялар 
мен  мотивтерден  көрініс  табады.    Себебі  эпос  халық  шығармашылығының  таптырмас 
қазынасы бола отырып, рухани  мәдениетінің таусылмас қорын құрайды. Заманымыздың 
ірі жазушысы Мұхтар Әуезов  «Халық – жыршы, халық – ақын, ол ежелден бойындағы 
ақындық  даналығының  бар  күшімен  өз  рухын  өшпес  туындыларында  –  эпостық 
поэмаларда,  көптеген  және  алуан  түрлі  халық  әндерінде  көрсеткен»  деп  өте  орынды 
айтып кеткен. 
Халықтың  эпостық  мұрасына  бет  бұру  –  Қазақстандағы  опера  өнерінің  даму 
тарихындағы заңды құбылыс. Эпостық сюжеттер мен образдарды игеру, олардың көркем   
ерекше әлемін тану қазақ операсының ұлттық стилі мен өзіндік өзгешелігін сипаттайтын  
басты  ерекшелік.  Эпостық  тақырып  «Ер  Тарғын»,  «Бекет»,  «Алпамыс»  операларында,  
«Қамбар мен Назым», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақсақ құлан» балеттерінде және т.б.  
жан-жақты көрініс тапқан.  
Қазақ  операсының  көркемдік  құндылығы  мен  тарихи  маңыздылығы  оның  ұлттық  
классикалық әдебиетпен органикалық байланысында жатыр,  бұл – жоғары бағаланатын   
ерлік  пен  лирикалық  мотивтер,  тарихи  болмыс  пен  таңғалдырар  сюжеттер, 
заманымыздың    толғандырар  оқиғалары,  ұлт-азаттық  қозғалыстарды  суреттейтін 
көріністер  мен  қазақ  жазба  әдебиетінен  алынған  ұлттық  мінездің,  тұрмыс  пен 
образдардың,  менталитеттің  ерекшелігі.  Олар  Мұхтар  Әуезовтың  «Абай»,  «Бекет», 
«Еңлік-Кебек»,  Бейімбет  Майлиннің  «Жалбыр»,    Сәбит  Мұқановтың  «Алтын  астық», 
Ғабит  Мүсіреповтың  «Амангелді»,  Сәкен  Сейфуллиннің  «Көкшетау»,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»,  Хамит  Ерғалиевтың  «Құрманғазы»,  «Махамбет» 
(операның либреттосында Махамбет Өтемісовтың ақындық  мұрасы қолданылған) және 
тағы басқа да шығармаларда айрықша көрініс тапқан.  

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 

Қазақ операсы сюжеттерінің, музыканы көрсету тәсілдері мен тіл семантикасының  
концептуалды негізі халықтың көп ғасырлық көркем мәдениетінен – ақындық, прозалық,   
музыкалық  фольклорынан  және  орындаушылық  өнерінен  алынған.  Олар  қазақ 
операсының    композициялық,  жанрлық  және  тілдік  құрылымының  анықталуына  негіз 
салған.  Халық  шығармашылығында  шоғырланған  тәсілдердің  алуан  түрлілігі, 
театрландыру  және  симфониялау  элементтері  «аспапты  музыка  саласы),  ән  айту 
мәдениетінің  музыкалық-сөйлесу  икемділігі  және  эмоционалдығы  опера  белгілеріне  ие 
бола отырып, Қазақстандағы осы жанрдың ұлттық негіздеріне айналған. 
Академик,  музыкатанушы  Борис  Асафьев  «Негізі  музыканы  халық  шығарады,  ал 
біз тек өңдеушіміз» деп кеткендей, қазақ операсындағы хорлар негізінен қазақ халқының 
әндерінің  негізінде  жазылған.  «Музыкалық  білім»  мамандығында  оқып  жүрген 
студенттер хорларының репертуары көбінесе аса әйгілі Евгений Брусиловскийдің  «Қыз 
Жібек»,  Мұқан  Төлебаевтың  «Біржан-Сара»  және  Латиф  Хамиди  мен  Ахмет  Жұбанов 
бірлесіп  жазған  «Абай»  операларынан  хорлар  болып  табылады.  Неге  студенттік  хор 
репертуарынан  осы  опералар  жиі  көрінеді  деген  сұрақ  туындайды.  Бұл  опералар 
біріншіден қазақ операсының классикасы болып келеді. Екіншіден,  ішіндегі хорлардың 
әуені халық әндеріне негізделген. Үшіншіден, осы опералардағы хорлар фактурасы мен 
хордың жалпы структурасы жағынан өте ұтымды, музыкалық  білімі жоқ студенттердің 
қабылдауына лайық болып келеді. 
Хор  класы  пәні  студенттер  үшін  тек  қана  жетекші  таңдаған  шығармаларды 
орындаумен шектелмейді. Бұл шығармаларды нақышына келтіріп орындау мақсатында, 
шығарманың  түп  тереңдігі  мен  поэтикалық  мәтініне  үңіліп,  музыкасының  көркемдік 
ерекшеліктерін  жеткізуге  ұмтылған  кезде  берілген  шығарманың  өздеріне  де  тигізетін 
әсерін  ұмытпаған  жөн.  Сондықтан,  бүгінгі  күнде  болашақ  музыка  пәнінің  мұғалімін 
даярлауда  қазақ  халқының  ұлттық  қасиеттерін  сіңірудің  бірден-бір жолы,  қазақ  ұлттық 
опера  өнерімен  толығырақ  танысып,  осы  опералардан  хорларды  репертуарға  көбірек 
енгізу болып табылады.  
Мысалы «Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы» пәні бойынша  типтік 
оқу  бағдарламасына  негізделе  отырып,  көлемді  шығармаларды  сәйкестендірсек:  қазақ 
ұлттық  хорлары  30  пайыз  (8  шығарма),  ал  басқа  ұлт  шығармалары  –  70  пайыз  (14 
шығарма) құрайды.  Әрине, музыка өнеріндегі  жұртшылық  репертуарын өзгертіп, жаңа, 
қызықты, ұтымды шығармаларды іздеумен болғандықтан дәл осы типтік бағдарламадағы  
шығармаларды  ғана  өз  репертуарына  енгізеді  деуге  келмейді,  бірақ  опера  жанры  ән 
секілді  күнде  жазыла  беретін  жанрға  жатпайды.  Бұл  типтік  бағдарламада  берілген 
шығармалар,  хор  өнерінің  классикасы  болып  табылып,  хор  класындағы  репертуардың 
өзгермейтін  діңгегі  болып  келеді.  Бұл  қазақтың  студенттік  хорлар  орындай  алатын 
деңгейде  жазылған  опералық  хорлардың  аздығын  көрсетеді.  Ұлттық  опералардан 
нөмірлер орындау ұлттық қасиеттерді насихаттаудың бірден-бір жолы болып келеді. XX 
ғасырдың  30-40  жылдарында  жазылған  алғашқы  операларға  халықтық  музыканы  кең 
колдану әдісі тарихтың көзімен қарағанда дұрыс болды, әpi өзін ақтай алды. 
Қазақ халқының және де бүкіл түркі халықтарының музыкасы монодиялық бағытта 
өрбігені белгілі. Ән де, күй де бар еді, әнші де, күйші де бар еді. Бірақ бұлардың  бірде 
бірі  опералық түрде жанаспаған, өзінің байырғы қалпында жеке-жеке өскен, жеке-жеке 
орындалып  келген.  Дала  өнері,  дала  дәстүрі,  дала  менталитеті  еуропалық  дәстүрмен 
жанасып,  қазақ  операсы  туындады.  Халқымыз  үшін  хор  өнері  жат  жанр  десек  те,  той 
жиындарда,  қыздар  мен  жігіттер  айтыстарында  бір  дауыста  қосылып  ән  айту  жанры 
болған.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 

 
Опералық хор – бүгінгі операның негізгі компоненттерінің  бірі. Әр операның хоры сол 
опера  жазылған  уақытына,  тақырыбына,  жанрына  байланысты  әртүрлі  болып  келеді. 
Кейбір  операда  тек  қана  декорациялық  рөл  атқарып,  сахна  сәнін  келтіруші  ғана  болса, 
кейбір  операларда  негізгі  кейіпкерге  айналады.  Б.  Асафьев  операдағы  хорды  «негізгі 
қасаңдық және халықтық пен демократияның бекітілуі»деп қарастырды.  
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
 
Жакеева Б.К. Хор жүргізу.
 

 
Алматы: Өнер, 1988. 
2.
 
Джердималиева  Р.Р.,  Балагазов  С.Т.  Личностно  ориентированная  позиция 
педагога музыканта в работе с хором
3.
 
Джумакова  Р.,  Кетегенова  Ж.  Казахская  музыкальная  литература.
 
– 
 
Алматы: 
Гылым, 1995. – 255. 
4.
 
Айдарбекова  Л.  А.  Оперно-хоровое  творчество  композиторов  Казахстана.
 

 
А., 
1991. 
5.
 
Бейсалиева Д. Некоторые вопросы музыкальной драматургии оперы А.Жубанова 
и Л.Хамиди «Абай». 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Айнабекова Н.Т., магистр-преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ КАЗАХСКИХ КЛАССИЧЕСКИХ ОПЕРНЫХ ХОРОВ В 
ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ 
 
Данная  статья  рассматривает  проблему  использования хоров  из  казахских  опер,  в 
процессе  обучения  студенческих  хоров  педагогических  училищ,  университетов, 
музыкальных колледжей. 
Ключевые  слова:  оперные  хоры,  казахская  национальная  опера,  процесс 
обучения.  
 
SUMMARY 
 
Aynabekova N.T., master, teacher 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
THE USE OF THE KAZAKH CLASSICAL OPERA CHORUSES IN THE LEARNING 
PROCESS
 
 
This paper considers the problem of the use of choirs from Kazakh operas, in the learning 
process of students' choir teacher training colleges, universities, music colleges.  
Keywords: opera choruses, Kazakh National Opera, the learning process.  
 
 
 
 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
10 
УДК 784    
 
МЕЖПРЕДМЕТНЫЕ СВЯЗИ КАК НЕОБХОДИМОЕ УСЛОВИЕ 
ФОРМИРОВАНИЯ ГОТОВНОСТИ СТУДЕНТОВ К ТВОРЧЕСКОЙ 
ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 
 
Ж.Н. Айтжанова, старший преподаватель 
 (г. Алматы, Казахский государственный 
                                                                    женский педагогический университет) 
 
Аннотация:  Взаимосвязь  и  взаимопроникновение  литературного  и  музыкального 
текстов,  связи  между  этими  искусствами  в  данной  статье  рассматриваются  как 
необходимое  условие  эмоционально-познавательной  деятельности  которая  по  своей 
природе межпредметна.  
Ключевые  слова:  Межпредметные  связи,  школьная  песня,  хоровое  пение, 
художественное мышление. 
Важнейшей задачей современного школьного образования является формирование 
высокоразвитой  личности,  способной  эффективно  усваивать  знания,  принимать 
нестандартные решения и умеющей творчески мыслить. Перемены в жизни современной 
школы требуют от будущих учителей музыки умения придать учебно-воспитательному 
процессу развивающий характер, активизировать мыслительную деятельность учащихся. 
Как  провести  школьный  урок  музыки  как  урок  искусства,  выявить  и  поддержать 
разнообразие  музыкальных  интересов,  подготовить  фольклорный  праздник  и  сделать 
увлекательными  беседы  классической  и  популярной  музыки?  Эти  вопросы  должны 
поставить  перед  собой  будущие  учителя  музыки.  Но  лучше  всего  осуществить  эти 
аспекты  применив  межпредметные  связи,  а  именно  с  такими  науками  как 
изобразительное искусство, литература, казахская литература. 
Методика преподавания уроков музыки через межпредметные связи – это система 
методических  приемов  и  практических  знаний  разного  рода,  основанных  на  том,  что 
окружающая  среда  способна  интегрировать  в  себе  многообразие  предметного  мира, 
включающего художественные формы, звуки и т.д. 
Методика  преподавания  уроков  музыки  через  межпредметные  связи  как  один  из 
способов интеллектуального развития школьников дает возможность: 
- включать разные типы художственного мышления;  
- осваивать историю культуры родного края, мирового художественного наследия; 
- развивать фантазию и воображение. 
Реализации  взаимосвязи  музыки  и  других  искусств  служит  рациональная 
организация  активной  деятельности  учащихся  на  уроках  музыки.  Взаимосвязное 
обучение возбуждает интерес к знаниям. 
Межпредметные  связи,  являясь  одним  из  важнейших  требований  современной 
дидактики, способствуют оптимизации учебного процесса, формированию обобщенных 
логических  приемов  мышления,  построению  системы  целостного  педагогического 
воздействия.  Осуществление  межпредметных  связей  в  процессе  подготовки  учителей 
музыки  должно  быть  направлено  на  формирования  у  них  готовности  к  творческой 
педагогической  деятельности.  В  педагогической  литературе  готовность  к  такой 
деятельности определяется владением ряда общепедагогических умений, направленных 
на решение учебно-воспитательных задач. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
11 
 
Ведущей  задачей  музыкального  обучения  в  общеобразовательной  школе  является 
формирование  трех  аспектов  отношения  к  музыке:  эмоционального,  сознательного  и 
деятельно-практического  (хорового  пения,  слушания  музыки,  музыкально-ритмических 
движений). При этом хоровое пение считается наиболее активной формой приобщения 
детей  к  музыкальному  искусству.  Именно  в  процессе  хорового  исполнительства 
осуществляется комплексный подход к решению учебно-воспитательных задач.  
Звеном, 
объединяющим 
музыкальные 
предметы, 
такие 
как 
хоровое 
дирижирование,  хороведение,  детская  хоровая  литература,  может  стать  работа  над 
музыкальным и поэтическим языком школьной песни. 
Школьная  песня  –  одна  из  форм  вокально-хоровой  музыки.  Своей  тематикой, 
включаяющей  разнообразные  стороны  действительности,  своими  музыкальными 
средствами  она  помогает  воспитывать  в  современном  поколении  любознательность, 
любовь  к  Родине.  Для  детей  песня  –  первый  «учитель  музыки»,  воздействует  и 
воспринимается  наиболее  непосредственно  и  активно,  она  пробуждает  музыкальное 
чувство  и  любовь  к  искусству.  В  музыкальной  методической  литературе  крайне  редко 
рассматриваются  вопросы,  связанные  с  раскрытием  художественного  образа  песни.  В 
основном  рекомендации  по  изучению  школьной  песни  ограничиваются  указаниями  по 
преодолению вокально-хоровых трудностей. 
Между  тем  школьный  репертуар,  предназначенный  для  пения,  служит  тем 
музыкальным  материалом,  на  котором  раскрывается  тема  урока.  Неумение  или 
невозможность  раскрыть  словами  мелодию  чрезвычайно  ослабляет  доходчивость,  силу 
песни.  В  результате  слова  и  мелодия  песни  как  будто  усвоены,  песня  звучит 
невыразительно и неволнует ни исполнителей, ни слушателей. Поэтому-то наши лучшие 
педагоги-музыканты  О.А.  Апраксина,  Д.Б.  Кабалевский  и  многие  другие  неустанно 
повторяют, что нельзя петь лишь слова, не вникая в их смысл, не проникаясь чувствами 
к тому, о чем поешь. 
 В  связи  с  этим  в  подготовке  будущего  учителя  музыки  все  острее  возникает 
необходимость  его  обучения  самостоятельному  и  творческому  отношению  к  школьной 
песне  на  основе  выявления  взаимоотношений  двух  искусств-поэзии  и  музыки.  Связи 
между  этими  искусствами  рассматривается  как  необходимое  условие  эмоционально-
позновательной  деятельности,  которая  по  своей  природе  межпредметна,  так  как 
осуществляется  в  процессе  аналитико-синтетической  деятельности.  Взаимоотношения 
музыки и слова в вокально-хоровых произведениях создают сложную картину, полную 
противоречий.  Словесный  и  музыкальный  образы  выступают  в  тесном  единстве, 
взаимодополняют  и  обогощают  друг  друга.  Сочетание  музыкального  и  поэтического 
образов  дает  в  результате  новый,  более  яркий  образ,  создает  живое  единство  слова  и 
мотива  в  пении.  Сливаясь  вместе  и  поэзия  и  музыка  сохраняют  «перевес»  в  своей 
области.  Вся  конкретность  картины,  мысли,  вся  отчетливость  понятия  целиком 
определяется  словом;  вся  подлинность,  сила  и  характер  чувства,  его  логика, 
осмысленность, волевые импульсы устанавливаются музыкой.  
Одним из важнейших компонентов начального этапа работы над школьной песней 
–  постижение  образа  –  является  осмысление  поэтического  текста  и  музыкального 
материала.  
Характеризуя  музыкальный  образ  школьной  песни  и  анализируя  его  средства 
музыкальной  выразительности,  студенты  в  полной  мере  должны  опираться  на  знания 
теории и истории музыки. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
12 
Выявляя  образ  литературного  текста,  важно  не  сводить  анализ  и  классификации 
особенностей  стиха,  а  осознать  индивидуальное  значение  и  живую  содержательность 
поэтического языка. Такое разделение оправдано тем, что любое хорошее стихотворение 
обладает  образной  и  смысловой  многогранностью,  многозначностью  текста  и  каждый 
композитор вправе прочесть его по-своему, расставив смысловые акценты. 
Одним  из  последующих  этапов  работы  над  школьной  песней  –  этап  сочетания 
музыкального  и  поэтического  текстов.  Учителю  музыки  нельзя  забывать,  что  слово  в 
песне несет не только новую информацию, но и воспитывает. 
Выявляя  содержательную  сторону  произведения  школьной  песни,  обращают 
внимание в первую очередь на осмысление ее литературной основы, необходимо ставить 
вопросы о логическом разборе поэтического текста. Это подчеркивет В. Краснощеков и 
К.  Виноградов:  основная  мысль  фразы,  строфы  должна  стать  определяющим  фактором 
выразительного пения. 
Способствовать  воспитанию  нравственно-эстетических  чувств  и  формировать 
взгляды  убеждения  духовной  потребности  школьников  поможет  связь  с  предметом 
«казахская  литература»,  где  идет  знакомство  с  легендами  казахского  народа.  Через 
казахскую  литературу  и  музыку  идет  понимание  и  ценность  произведения  искусства. 
Изучая  тему  «Кюи-легенды  с  симфонической  музыкой»  рассказать  учащимся  легенды 
«Аққу»,  «Ақсақ  құлан».  Во  время  прослушивания  предложить  детям  прикрыть  глаза  и 
представить  картины  природы,  действие  легенды.  Проанализировать  урок  и  сделать 
соответствующий вывод по усвоению прошедщего материала. 
Раскрыть  тему  «Обрядовые  песни  и  музыка  композиторов»  поможет  связь  с 
уроками  изобразительного  искусства.  Используя  групповую  форму,  будущий  учитель 
музыки может предложить учащимся поработать с иллюстрациями, где показаны обряды 
казахского и русского народов, а затем предложить учащимся ответить на вопросы: 
- Как бы вы назвали этот обряд? 
- Назовите элементы национальных костюмов? 
- Какая музыка должна звучать, по вашему мнению, во время данного обряда? 
Учащиеся постепенно учатся выражать свои впечатления об увиденном в иллюстрациях 
и услышанном в музыкальном произведении.  
При  планировании  уроков  музыки  студенты  всегда  должны  учитывать  то,  что 
музыкальный 
материал 
необходимо 
структурировать 
в 
определенной 
последовательности. 
Межпредметные познавательные уроки – это академическая структура организации 
учебной  деятельности  учащихся.  Такие  методы  обучения  обеспечивают  более 
естественное  течение  познавательных  процессов.  Проведя  уроки  с  межпредметными 
связями  студенты  должны  сделать  выводы  и  обратить  внимание  на  развивающиеся 
навыки  абстрактного  мышления  учащихся,  воспитания  эстетического  восприятия.  При 
применении  данной  методики  следует  обратить  внимание  на положительные  моменты: 
снижение  перегрузки  в  учебном  процессе,  занятия  преобретают  систематичность, 
формируется всесторонне развитая личность. 
В  статье  мы  затронули  вопросы  преподавания  уроков  музыки  через 
межпредметные  связи  как  формирующую  часть  готовности  студентов  к  работе  и 
некоторые «проблемные» моменты, связанные с работой над школьной песней. 
Сопоставляя,  а  затем  сочетая  воедино  образы,  созданные  поэтом  и  композитором 
образы, всесторонне осмысливая художественную форму литературного и музыкального 
текстов,  студенты  должны  сформировать  свое  отношение  к  возникшему  в  результате 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
13 
 
слияния  новому  образу  и  одновременно  определить  комплекс  средств,  которые  будут 
играть выразительную роль в его творческой интерпретации. 
Реализация  взаимосвязи  музыки  и  других  искусств  служит  рациональная 
организация активной деятельности учащихся на уроках. 
Межпредметные познавательные уроки – это академическая структура организации 
учебной  деятельности  учащихся.  Такие  методы  обучения  обеспечивают  более 
естественное течение познавательных процессов. 
Межпредметные связи в первом значении – это межпредметный материал, который 
вычленяется при наложении друг на друга соответствующих программ. 
Такая  работа  тесно  связана  с  ведущими  задачами  музыкального  обучения 
школьников,  что  и  определяет  ее  значимость  в  вопросах  формирования  готовности 
студентов к творческой педагогической деятельности. 
 

Каталог: images -> arhiv -> 2014
2014 -> Литературоведение
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Казахский государственный женский педагогический
arhiv -> Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ
arhiv -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
arhiv -> Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы
2014 -> Тарих – история – history әож 378: 001


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет