Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет160/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   296
антиденелі препараттар: трастузумаб (герцептин), ритуксимаб (мабтера) 
қолданылады. 
Иммунды қоздырудан басқа, ісік емдерiнде
арнайы иммунды 
тәсілдер ашуға мүмкіндік жасалып жатыр. Соңғы 10-15 жылдарда мұндай 
тәсілдер қолданылып келе жатыр. Негізгі арнайы иммунды емді тәсілінiң 
шипалығы  қатерлі ісіктегі кездесетiн арнайы молекулярлы өзгерiстi 
нысаналарын  анықтаумен байланысты. Олар қалыпты ұлпаларда 
болмайды немесе өте аз кездеседi. Біріншіден, ондай нысанаға ісікерекшелi 
антигендер немесе ісікпен қосарланған антигендер жатады. Осы 
нысаналарға әртүрлі тәсілдермен әсер еткенде, ісік жасушалары 
жойылады. 
Ісік өсуі кезінде, онымен организм арасындағы тепе-теңдік ісік 
ұпайына қарай бұзылады. Дерт клиникалық түрде анықталатын мөлшерге 
жеткенде, иммунды бақылау жүйелерi өте зақымдалынады. Клиникалық 
зерттеулер нәтижесінде, iсiк ауруы жоғары даму кезеңінде, иммунды 
жүйенің жұмысы нашарлайтындығы дәлелденген. Иммунды жүйенің 
зақымдалуын жою немесе организм мен иммунды күштердiң арасындағы 
тепе-теңдiктi организм ұпайына шешу тек ісіктің негізгі салмағын жоюмен 
(хирургиялық операция, сәулелендіру, химиотерапия) ғана жүреді, ал одан 
кейінгi жағдайларда ем ретінде иммунды қоздыру тәсілін айтуға болады. 


176 
Осының нәтижесiнде рецидив пен метастаздану үрдiстерi шектеледi және 
оның үрдiстерi жылдамдатылмайды.
Қазіргі кезде иммунды емдеу, негiзi ісік емінің бірінші тәсілдеріне 
жатпайды, бiрақ ол ісік емінің негiзгi қосымша тәсiлі болып табылады.
Ісіктiң иммунды емінің тәсілі арнайы және арнайы емес болады, ал 
олар өзінше активтi және пассивтi болады.
Ісіктiң арнайы емес иммунды емдеу әдiсiне БЦЖ, Corinebacterium 
parvum, бактериалды қоспалар, синтетикалық полинуклеотидтер енгiзу 
жатады. Бұл әдiстер бірқатар лимфокиндердiң, монокиндердiң, әртүрлі 
биологиялық белсенді заттардың жоғарлауына және ісікерекшелi 
клондардың бөлiнуiне әкеледi. Клиникада көбiнесе, БЦЖ пайдалынады. 
Аталған тәсiлдердiң кейбiреуi жақсы нәтижелерге алып келдi.
Мысалы, қуықтың ішкі қабатында пайда болған ісікте БЦЖ егуі жақсы 
нәтиже көрсеттi. Бұл ісік түрі операциядан кейін жиі қайталанады, ал өзінің 
соңғы сатысында қуықтың қабырғасы арқылы өтіп, айналадағы тiндерге
жайылады. Катетер арқылы егiлген БЦЖ созылмалы қабынуды шақырып, 
иммунды жасушалардың белсендiлiгін кұшейтедi, сөйтiп ісік жасушаларымен 
күресетін жасушаларды қозғайды. Бірақ осы күнге дейін, олардың ісік 
жасушаларын қалайша өлтіретіндігі белгісіз. Айта кеткенде, операциядан кейін 
БЦЖ алған ауруларда, ісіктің қайталану қаупі төмендейді. Кейбір ғылыми 
жұмыстарда, БЦЖ қолдануының жақсы әсерлігіне қарамастан, көпшілік 
клиницистердiң қорытындысы бойынша, бұл арнайы емес ем кең көлемде әлi 
қолданбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет