Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет157/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   296
маңызды рөл атқарады, сонымен қатар, ісіктердiң нақты түрiн табуға 
әсер етедi (мысалы, лейкозда). Жаңа жіктеуге және соған негiзделген 
тәсілдерге дейін лейкоз ауруын анықтау, әсіресе лимфолейкозды, өте қиын 
жай еді. Моноклонды антиденелер көмегімен, мынадай дәлелдемелер 
берiлген: лейкоз жасушалардың мембраналы антигендері қалыпты 
гемопоэтикалық жасушалар даму сатысына сай келеді. Т-, В-лимфоциттер 
және миелоциттер, моноцитарлы жасушалардың дерттiң белгілі даму 
сатысына 
кезеңерекшелi 
антигендер 
сәйкестi 
болады. 
Лейкоз 
жасушасының беткерi антигендері ісіктiң қандай түрге жататынын 
көрсетеді. Бұл жасушалардың барлығы бастаушы ісіктiң антигендерiне сай 
келетін кезеңерекшелi антигендермен сәйкестi болады. Мысалы, жедел 
лимфолейкозға CD10 маркерi (таңбасы) тән, Т-жасушалы жедел 
лимфолейкозға СД5 маркері тән. В-жасушалы лимфоманы анықтағанда 
СД20 моноклонды антиденелер қолданылады. Қазіргі кезде халықаралық 
стандартты моноклонды антидене құрамалары бар, олар лейкоз 
жасушаларының әр түрлері мен варианттарына сай. Олар лейкоз бен лимфа 
бездерiнiң ауруларын бiр-бiрiнен ажырату үшiн ғана емес, сонымен 
қатар, үрдiстiң таралуы мен ем әсерлігін бақылауға да мүмкіндік береді. 
Бұл мақсатпен радиографиялық сканерлеу жүргізіледі, ол организмде 
ісік жасушаларына сай белгіленген моноклонды антиденелердiң таралуын 
көруге көмектеседі. Бұл әдiспен iсiк жасушаларын ең аз мөлшерiн де 
анықтауға болады. Лейкоз кезінде бұл тәсiлмен iсiкке қарсы дәрiлер мен 
сәулелеуден кейін қалған жасушаларын анықтауға болады. Бұл тәсіл 
қатерлі ісіктердің(тоқ ішек карциномасы, қатерлі меланома, сүт безі ісігі, 
нейробластома сияқты) метастаздарын анықтауында жақсы нәтиже 
береді. В-жасушалы созылмалы лимфолейкозды табуда
моноклонды 
антиденелердiң маңызы зор. В-жасушалы СЛЛ (созылмалы лимфолейкоз) 
үнемі бір бастаушы жасушасынан дамығандықтан, бір топқа (клонға) 
жатады және олардың беткерi иммуноглобулиндерi бiр типтес келедi. 
60 жылдардың ортасынан онкологиялық ауруларды тексергенде, қан 
сарысуындағы рак эмбриональді (альфа-фетопротеин және рак 
эмбрионалды антигендер) антигендер анықтау әдісі қолданыла басталды. 
Алғаш рет ол әдiстi гельдегi преципитация серпілісі көмегімен өткiзген 
(Оухтерлони бойынша екi-реттік диффузия тәсілі), ал соңғы жылдары 
иммуноферментті және радиоиммунды тәсілдер қолданылады. Олар 
белгілі бірқатар рак эмбрионалды антигендерге қарсыланған адамдағы 
қатерлі ісігі варианттарымен (бауыр ісігі, тоқ ішек ісігі, ұйқы безі 
карциномасы, нейробластома, тератома, лейкоз және тағы басқалар) 


174 
сәйкестi стандартты моноклонды антиденелер құрамалар қолданумен 
жасалынады
Белгіленген моноклонды антиденелерді соңғы жылдары, басқа 
арнайы нәруыздарды – қатерлі ісік тасымалдануында қатысатын онкоген 
заттарын және басқа да мутантты гендердi анықтауда қолданып жатыр. 
Моноклонды 
антиденелер 
көптеген 
ісік 
түрлерінің 
тұқымқуалау 
бейімділігін шақырушы гендерді анықтауға да мүмкіншілік туғызады. 
Солай, мутантты Мус – белок анықталуы Беркит лимфомасы, кеуде ісігі, 
өкпе, асқазан ісігіне тән. Bcl-2 онкогенмен кодталған белоктар В-
жасушалық лимфомаға тән. МДМ-2 
онкоген өнiмдерi адамда болатын 
әртүрлі саркомаға сай. Негiзгi ісік супрессиялаушы гендер өнiмдерiнiң бірі 
 р53 белоктың мутантты түрі, адамның кең спектрлі қатерлі ісіктерiнде 
анықталған. Бұзылған АРС геннің табылуы тік ішектегi ісікте 
тұқымқуалаушық рөлдi анықтайды. BRCA 1, BRCA 2 - гендері сүт безі 
ісігіне тұқымдық бейімділігін көрсетеді. Қазір қатерлі iсiктерге 
ауыстыратын тұқымқуалаушы мутантты гендердің бірқатар тізімі бар. 
Бірнеше ғылыми өндірістер, ғылыми ұжымдар иммунодиагностика үшін 
арнайы моноклонды антиденелер қоспасын дайындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет