Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар



Pdf көрінісі
бет259/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   296
Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар 
Поливаленттi вакциналар – дегенiмiз бiрнеше қоздырғыштың 
иммунизациялаушы компонентерiнiң немесе бiр қоздырғыштың әртүрлi 
серологиялық түрiнiң қоспасы. Мысалы, АКДС – көк жөтел, күл және 
сiреспеге қарсы ассоциацияланған вакцина. Оның құрамына өлтiрiлген көк 
жөтел қоздырғышы және екi нәруыз-анатоксин (күл және сiреспе) кiредi. 
Анатоксин – дегенiмiз формалинмен инактивацияланған, бiрақ бактериалдық 
токсиндердiң 
антигендiгiн 
сақтап 
қалған 
токсиндер. 
Мұндай 
анатоксиндермен 
иммунизация 
жүргiзгенде 
протективтi 
антиденелер 
түзiледi. Олар белсендi орталықпен стереохимиялық байланысу нәтижесінде 
токсинды бейтараптайды және фагоциттермен токсиндердiң жұтылуын 
ынталандырады. Әдетте енгiзу алдында анатоксиндi адъювант қызметiн 
атқаратын алюминий гидроокисiмен адсорбциялайды. АКДС вакцинасында 
көк жөтелдiң өлi қозырғышы адъювант қызметiн атқарады. 
 
Негiзгi иммунизациялаушы компонент ретiнде құрамында 
бактериялар мен вирустардың фрагменттерi (негiзiнен олардың 
қабықтары) бар вакциналар 
Бұл 
мақсатта 
бактериялардың 
капсулалық 
полисахаридтерiн 
қолданады, олар менингококкты, пневмококкты және гемофилдi жұқпаларға 


қарсы антиденелердiң түзілуін эффективтi шақырады. Бұл антигендердi 
иммуногендi нәруызды тасымалдаушымен конъюгациялайды, себебi бұл 
полисахаридтер өздiгiнен Т-хелперлердi ынталандырмайды, сондықтан 
жеткiлiктi түрде зерде жасушаларының түзiлуiн шақырмайды.
Осы түрдегi вакцинаның басқа мысалына вирус суббiрлiктерiнiң 
вакциналары, мысалы, тұмау мен В гепатитi вирустарының беткей антигенi 
бар вакциналар жатады. Аталған вакциналар өте тиімді, бiрақ дайындау 
технологиясы күрделi болғандықтан қымбат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет