Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет256/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   296
Вакцинацияның 
негізгі 
мақсаты 
– 
жасанды 
иммунитетті 
қалыптастыру. 
 Вакцинадан кейін дамитын иммунитетте үш кезең ажыратылады. Бұл 
кезеңдер антидене түзілуімен, сондай-ақ жасушалық иммунитеттің де 
қалыптасуымен сипатталады. Бірінші, жасырын кезең антиген енгеннен 
бастап антиденелердің, цитотоксикалық жасушалардың және баяу жоғары 
сезімталдықтың эффекторлары пайда болғанға дейінгі уақыт. Бұл кезең 
бірнеші тәулікке созылады. 
Өсу кезеңі – қанда антиденелер мен иммунды хабарлы жасушалардың 
жанақталуы, оның ұзақтығы әртүрлі антигендер үшін 4 күннен бастап 4 
аптаға 
дейін 
созылуы 
мүмкін. 
Мәселен, 
қызылша 
вакцинасына 
антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды, сондықтан оны қызылшаның 
алдын алу үшін жұқпа көзімен жанасқаннан кейін 3 тәулік ішінде қолдануға 
мүмкіндік береді. Басқа жағдайларда қорғанысты қамтамасыз ететін деңгейге 
дейін иммунитет күшінің жоғарылауы аурудың жасырын кезеңінен ұзақ 


болады, сол себептен постэкспозициялық профилактиканың тиімділігі төмен 
болуы мүмкін. Мысалы, көк жөтел мен күл кезінде өсу кезеңі сәйкесінше 2 
және 3 аптаға созылады. 
Иммунитеттің төмендеу кезеңі – алдымен жылдам, кейіннен баяу 
жүреді және бірнеше жылға немесе оншақты жылдарға созылады. IgM мен 
IgA антиденелерінің деңгейі IgG титріне қарағанда жылдам төмендейді. 
Иммунитет жылдам төмендеген сайын иммунитетті ұстап тұру үшін 
вакциналарды керекті мөлшерде жиі енгізіп тұру керек.
Жұқпадан кейінгі иммунитеттің ұзақтығы қоздырғыштың қасиетіне, 
жұқтырушы мөлшеріне, иммундық жүйенің жағдайына, генотипке, жасқа 
және де басқа факторларға тәуелді. Иммунитет қысқа мерзімді болуы 
мүмкін, мәселен, тұмау, іш сүзегі, қайталама іш сүзегі кезінде қысқа мерзімді 
болса, күйдіргі, риккетсиоз, лептоспироз, сары қызба кезінді ұзақ мерзімді 
болады, ал сал, қызылша және көк жөтел кезінде тіпті бүкіл өмір бойына 
сақталады. 
Жасанды иммунитет сол қоздырғыштың қайтадан жұғуынан қорғайды. 
Мұнда иммунитеттің негізгі механизмі бейтараптау эффектісімен байқалса, 
айналымдағы антиделердің белгілі бір деңгейде болуы реинфекциядан 
сақтайды. Қоздырғыштың екінші мөлшерін енгізгенде оның жұққыш 
белсенділігі әлсірейді және қайталама жұқпаға Т- мен В-жасушаларының 
жауабы біршама жылдамдайды. Иммунизациядан кейін пайда болған 
антиденелер уақыт өте жойылуы мүмкін, бірақ жұқпаға қарсы қорғаныс 
сақталады. Бұл жағдайда патогенді енгізгеннен кейін ағза екіншілік 
серпіліспен жауап береді.
Жұқпалы аурулармен күрестегi негiзгi жетiстiктерге белсендi және 
пассивтi иммунизация арқасында жеттiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет