Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет88/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296
14-ші сурет. Лангарганс
жасушаларының антигенді 
лимфа түйіні бағытында 
тасымалдауы 
 
В-лимфоциттерінің беткей иммуноглобулиндері екі қызмет атқарады. 
Біріншісі 
– 
антигенді 
детерминанттарды 
(гаптендерді) 
арнайы 
байланыстыру; екіншісі – түзілген иммундық кешендердің эндоцитозы
кейіннен олар лизосомаларда деградацияға ұшырау нәтижесінде пептидті 
фрагменттер түзіледі. Олар ІІ класс МНС нәруыздарымен қосылып 
иммуногендік кешен түзеді және ол кешен В-лимфоцит бетіне 
тасымалданады. 
Бірақ, 
қалыпты 
жағдайда 
В-лимфоциттердің 
бетінде 
В7 
костимуляторының 
экспрессиясы 
жоқ, 
сондықтан 
бактериалды 
компоненттер әсерінен В-лимфоциттердің бетінде В7 экспрессиясы 
болған кезде ғана Т-хелпердің белсенуі болады. 
Бұл негізінен бактериалды жұқпалар кезінде байқалады. Мұндай жағдайларда 
В-лимфоциттер Т-хелперлердің белсенуі үшін қажетті екі белгіні қамтамасыз ету 
нәтижесінде оларды іске қосады. Белсендірілген Т-хелперлер пролиферацияға 
ұшарайды және лимфокиндерді, соның ішінде ИЛ-2 бөле бастайды. Ол В-
лимфоциттің сәйкес рецепторларына әсер ету арқылы В-жасушасына қажетті 
екінші – пролиферативті дифференцияланушы белгімен (бірінші – арнайы белгіні 
В-лимфоцит иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларының көмегімен 
антигенмен байланысқан кезде алады) қамтамасыз етеді. Екі белгіні алған В-
лимфоциттер 
пролиферацияға 
ұшырайды, 
сосын 
плазмалық 
жасушаға 
дифференцияланады, ал олар арнайы ерекшеліктегі антиденелерді өндіреді.
В-лимфоциттердің көмегімен антигендерді Т-хелперлерге осындай 
жолмен таныстыру біршама тиімсіз екендігін атап өткен жөн.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет