Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет87/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   296
жетілген 
эффекторлы 
Т-киллерлердің 
(иммунды 
киллер) 
пролиферациясы мен диффренцировкасын шақырады. Жетілген Т-
киллердің осындай вируспен зақымдалған организмнің басқа да 
жасушаларына (вируспен зақымдалған жасуша бетінде вирус пептидтері І 
класс МНС молекуласымен байланысқан кешен түрінде болады) шабуыл 
жасауға қабілеті болады.
Нәруыз антигендерінің пептидті фрагменттері немесе вирусты 
пептидтер ІІ класс МНС молекуласымен байланысқан иммуногендік
кешен түрінде ДЖ бетіне шыққан жағдайда, иммундық жауапқа CD4-
лимфоциттер қосылады. Сондықтан жасушалық және гуморалдық 
иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкін. 
Иммундық жауаптың қалыптасуында Лангерганс жасушалары 
ерекше орын алады. Бұрын оларды тіндік макрофагтарға жатқызған. 
Бүгінгі 
күні 
Лангерганс 
жасушалары 
функционалдық 
және 
морфологиялық жағынан дендритті жасушалардың ізашарлары екендігі 
белгілі болды. Зақымдалған тері арқылы енген антигендерді Лангерганс 
жасушалары жұтады, себебі олардың фагоцитарлық белсенділігі бар, бірақ 
олар В7 костимуляторын экспрессияламайды. Содан кейін Лангерганс 
жасушалары лимфа тамырлары арқылы жақын орналасқан лимфа түйініне 
келеді. Бұл аймақта Лангерганс жасушалары В7 корецепторын 
экспрессиялайтын дендритті жасуша дифференцияланады (14-ші сурет). 
Нәтижесінде CD8-лимфоциттердің де, CD4-лимфоциттердің иммундық 
жауапқа қосылуына жағдай туады. 
Қорыта 
келгенде, 
Лангерганс 
жасушаларының 
қызметтері 
келесіде: антигенді регионарлы лимфоидты түзіліске жеткізу, оны 
иммуногендік түрге дейін өңдеу және жасушалық пен гуморалдық 
иммундық жауапты іске қосу. 
Бетінде ІІ класс МНС нәруыздары үлкен мөлшерде экспрессияланған
В-лимфоциттер де антигентаныстырушы жасуша бола алады. Егер 
макрофагтар, негізінен, бактериялар мен жасушаларды фагоцитозға 
ұшыратса, дендритті жасушалар әртүрлі вирус бөлшектерін пиноцитозға 
ұшыратады, ал В-лимфоциттер, ең алдымен, нәруызды антигендерді және 
бактериялардың токсиндерін жұтады. 
 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет