Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


белгілі бір жағдайда ИЛ-2 ісіктi асқындырып жiбередi



Pdf көрінісі
бет155/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   296
белгілі бір жағдайда ИЛ-2 ісіктi асқындырып жiбередi. Ондай жағдай 
кем дегенде екi кезде болады. Біріншіден, кейбiр ісік жасушаларда бір 
уақытта ИЛ-2-ге арналған рецепторлар (СД25) және ИЛ-2 өзiн де түзеді. 
Бұл жағдай ісік жасушаларының аутокринді көбеюіне себеп жасайды. 


172 
Екіншіден, ісік жасушалардың ИЛ-2 арналған рецепторлары мен Тх
1
түзетiн ИЛ-2 бiрiгiп ісіктiң сырттай (паракриндi) өсуін қоздырады. Бұл 
жағдай онкологиялық ауруларды емдегенде теріс әсер көрсетуі мүмкін. 
Мұндай теріс әсердi алдын алу үшін, ісігі бар аурулардың 
жасушаларындағы ИЛ-2 (СД25) арналған рецепторлардың деңгейін бiлу 
керек. Мысалы, СД25 жоғары деңгейде болса, ИЛ-2 ісік жасушасын 
күшейтеді. Сонымен қатар, СД25 қатерліктiң жоғары деңгейiн көрсетедi
ал осы жасушалардың дақылдары ісікте бөлiнудi күшейтiп, лимфоциттерге 
кедергі жасайды. 
Iсiктерде ИЛ-2 әсерінен дерттiң өсуi бірқатар iсiктерде: сүт безі, 
ішек, жалпақ жасушалы карциномада тағы басқаларда жоғары байқалған, 
ал iсiк жасушасы бетiнде СД25 төмен деңгейде болса немесе мүлдем 
болмаса, ИЛ-2-нiң қолдануы бас, мойын, асқазан, бүйрек карциномасы бар 
аурулардың өсуін тежейдi. 
Соңғы кезде, ісік жасушалары басқа да цитокиндерді түзіп, өз бетінде 
оларға арналған рецепторларды туғыза алатындығы көрсетілген. Бұл 
рецепторлар және оларға сай келуші цитокиндердің қарым-қатынасы ісік өсуіне 
iштен (аутокринді) де, сырттан (паракринді) де әсер етеді. Iсік жасушаларында 
ИЛ-2, ИЛ-10-нан басқа, ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-7, ИЛ-15 және тағы цитокиндер түзiлуi 
және оларға арналған рецепторлар болуы мүмкiн. 
Сөйтіп, ісік пен организмнің иммунды жүйесінің күрделі қатынасы 
көптеген бірқатар факторлармен белгіленеді. Ісік регрессиясы (кейiн кетуi) 
иммунды жүйе ісіктің тежегiштiк әсерінен жоғары болып, толық дәрежеде 
жұмыс атқарғанда және иммунды жүйенi толықтыру емiнiң, пәрмендi 
иммунды жауаптың әр-бiр тізбегіне дәл әсерлігін көрсеткенде болуы 
мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет