178
әсерінен NK-жасушаларының белсендігі жоғарылайды және моноцитарлы-
макрофагалды жасушалардың арнайы цитотоксикалық әсерi жоғарылайды,
екіншілік цитокиндер түзiлуi күшейедi.
Осының барлығы, ИЛ-1 онкологиялық ауруларда қолдануға әкеледі.
Сөйтіп, 11% жағдайда асқынған меланома ауруында жақсы әсер көрсетті.
Бірақ, ИЛ-1 қан тамыр iшкi қабығында ісік жасушаларын бiр-бiрiмен
жабыстырып, метастазға әкеледі деген тұжырым бар. Сонымен қатар, ИЛ-
1 бірқатар кері әсер көрсетеді екен, соның ішінде қызбалық реакциясын
шақырады. Осыған байланысты, клиникада ИЛ-1 қолдануы шектелген.
Интерлейкин-2 (ИЛ-2)
онкологиялық аурулар емдеуде кең
қолданылатын цитокин. Ол меланомада, бүйрек, өкпе рактарында және
тағы басқа ісіктерде жоғары нәтиже көрсеткен және оны қолданғанда ұзақ
регрессия байқалған. Бірақ, ісіктің толық жойылуы болмаған. ИЛ-2
қолданғанда бiрнеше шектеулер бар себебі, ол бірнеше ауруларда жүректi,
бүйректі жарақаттайды. Келешекте ИЛ-2 ЛАЖ бірге, арнайы иммунды
бейімділік емінде, сонымен бiрге, интерферон және ИЛ-12-мен қосып
қолданғаны жөн.
Интерлейкин-12 (ИЛ-12) – цитокин, ол макрофагтармен түзіліп
арнайы емес қорғаныс механизмі мен арнайы Т-жасушалық иммунды
жауап дамыту арасында маңызды рөл атқарады. ИЛ-12 Тх
1
дамытып,
цитокиндердің бөлiнуiн ұлғайтады және Т-лимфоциттер мен NK-
жасушалардың цитотоксикалық белсенділiгін күшейтеді. Жануарларда
зерттеу өткізгенде, ИЛ-12 ісікке қарсы
бүйрек ісігі, меланома,
ретикулосаркома, тоқ ішек рагы үлкен әсер еткен. ИЛ-12, ИЛ-2 түзетiн
Тх
1
дамуын шақырады, сондықтан, in vivo олар бір-бірін толықтырып әсер
етеді және лимфоциттердiң бөлiнуiне қатысады; осымен қатар Т-
киллермен -интерферон бөлiнуiн күшейтедi, ол иммунитетте керек NK-
жасушаларын белсендiредi. Тағы басқа, ИЛ-12 арналған рецепторларды
тежейдi.
ИЛ-2 мен ИЛ-12 бірге қосып тышқандарда қатерлі ісікке қарсы қолдану
тәжірибесі өткізілген. Мұндай күйде, бүйрек ісігі толық керi қайтқан (60%), ал
бөлек қолданған кезде ешқандай емдiк қасиет байқалмаған. Қазір клиникада
ісікке қарсы емдеуде ИЛ-2 мен ИЛ-12 аралас қолданып тәжірибе жүргiзiлуде.
Достарыңызбен бөлісу: