188
сакроилеит, атипиялық қабыну артритiнде, артропатия кезiнде де
кездеседi.
Эндокриндi бездердiң, бауырдың аутоиммунды ауруларында, жүйке
жүйесi мен терi т.б. жүйелердің ауруларында
HLA-В8 жиiлiгi
жоғарылайтыны анықталған. Сонымен қатар, бұл антигеннiң жиiлiгi
Аддисон ауруында, жасөспiрiмдердiң ювенильдi диабетiнде, дерматиттiң
герпестi түрінде, созылмалы колит, жедел гепатитте жоғарылайды.
Соңғы уақытта зерттеушiлердiң айтуы бойынша, HLA жүйесiнiң
антигендерi вирусты гепатит, туберкулез, йерсиниоз, шигеллез, дифтерия,
сальмонеллез т.б. аурулармен тығыз байланысты.
Вирусты гепатитте -
HLA-В8 және DR3, Bw35 антигендерiмен маңызды корреляциясы
табылған. В гепатиттің қарқындылығы макроорганизмның антигендi
құрамымен, негiзi HLA-жүйесiмен тығыз байланысты: жедел гепатитте -
HLA-В8 антигеннiң экспрессиялануы, ал созылмалы және симптомсыз
вирустасымалдаушы гепатитте - HLA-В18,
туберкулез ауруында - HLA-
В8, В15, В14, В27 антигендерi,
шигеллез, сальмонеллезде - В40, В27,
бруцеллезда - В27, А2, А3, В7,
дифтерияда - В21, В22, В35, В19
антигендерi жоғарылайды.
Дифтерияның токсикалық (субтоксикалық)
түрiнде HLA-А19, В27 жиі кездеседi, сонымен олар дифтерияның ауыр
ағымының маркерлерi болып табылады.
Бұл саладағы ғылыми ізденістерінің үлкен көлемiн гистосәйкестiк
антигендердiң инсулинтәуелдi қантты диабетпен (ИТҚД) байланысын
зерттеу жұмыстары құрайды. Көптеген зерттеу әдiстерi арқылы ИТҚД В8,
В16, DR3, DR4 антигендерiмен ассоциациялық байланыстары анықталған.
Барлық зерттелген популяция мен этникалық топтарда
HLA-DR4
анықталған, бұл зерттеулер оны ИТҚД маркерi екенiн дәлелдедi. Бұл
аурудың DR4 антигенiмен байланысты “шартты қауiп-қатер” саны, әр
зерттеу бойынша 3-4 құраған.
Достарыңызбен бөлісу: