Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет171/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

HLA-А2, В7, DR2 - фенотипi – төмен денгейiмен байланысты.
Дүние жүзiлiк ДСҰ мәлеметтері бойынша, көптеген аурулар 
кезiндегi 
HLA-антигендерiнiң 
арасында 
байланысы 
бар. 
Олар: 
ревматоидты, 
эндокриндi, 
терi, 
гематологиялық, 
аллергиялық, 
неврологиялық, инфекциялық аурулар, қатерлi iсiктер және т.б. HLA-
антигендерiнiң 
таралуы 
географиялық, 
этникалық, 
расалық 
т.б. 
факторларға байланысты болады.
Ең маңызды корреляция – ол HLA-В27 антигеннiң анкилозды 
спондилоартритпен (Бехтерев ауруы) байланысы. Бұл антигеннiң 
жоғары болуы барлық этникалық топтарға тән болып шыққан. 
Көптеген зерттеушiлердiң айтуы бойынша, бұл антиген анкилозды 
спондилоартритпен ауыратын науқастардың 67-94% кездеседi. Сонымен 
қатар, басқа авторлардың айтуы бойынша, HLA-В27 ревматоидты артрит, 


188 
сакроилеит, атипиялық қабыну артритiнде, артропатия кезiнде де 
кездеседi.
Эндокриндi бездердiң, бауырдың аутоиммунды ауруларында, жүйке 
жүйесi мен терi т.б. жүйелердің ауруларында HLA-В8 жиiлiгi 
жоғарылайтыны анықталған. Сонымен қатар, бұл антигеннiң жиiлiгi 
Аддисон ауруында, жасөспiрiмдердiң ювенильдi диабетiнде, дерматиттiң 
герпестi түрінде, созылмалы колит, жедел гепатитте жоғарылайды. 
Соңғы уақытта зерттеушiлердiң айтуы бойынша, HLA жүйесiнiң 
антигендерi вирусты гепатит, туберкулез, йерсиниоз, шигеллез, дифтерия, 
сальмонеллез т.б. аурулармен тығыз байланысты. Вирусты гепатитте - 
HLA-В8 және DR3, Bw35 антигендерiмен маңызды корреляциясы 
табылған. В гепатиттің қарқындылығы макроорганизмның антигендi 
құрамымен, негiзi HLA-жүйесiмен тығыз байланысты: жедел гепатитте - 
HLA-В8 антигеннiң экспрессиялануы, ал созылмалы және симптомсыз 
вирустасымалдаушы гепатитте - HLA-В18, туберкулез ауруында - HLA-
В8, В15, В14, В27 антигендерi, шигеллез, сальмонеллезде - В40, В27, 
бруцеллезда - В27, А2, А3, В7, дифтерияда - В21, В22, В35, В19 
антигендерi жоғарылайды. Дифтерияның токсикалық (субтоксикалық) 
түрiнде HLA-А19, В27 жиі кездеседi, сонымен олар дифтерияның ауыр 
ағымының маркерлерi болып табылады. 
Бұл саладағы ғылыми ізденістерінің үлкен көлемiн гистосәйкестiк 
антигендердiң инсулинтәуелдi қантты диабетпен (ИТҚД) байланысын 
зерттеу жұмыстары құрайды. Көптеген зерттеу әдiстерi арқылы ИТҚД В8, 
В16, DR3, DR4 антигендерiмен ассоциациялық байланыстары анықталған. 
Барлық зерттелген популяция мен этникалық топтарда HLA-DR4 
анықталған, бұл зерттеулер оны ИТҚД маркерi екенiн дәлелдедi. Бұл 
аурудың DR4 антигенiмен байланысты “шартты қауiп-қатер” саны, әр 
зерттеу бойынша 3-4 құраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет