Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi



Pdf көрінісі
бет182/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Тұрақтамаудың уақыт мерзiмi 
Салынған тiндердегi тұрақтамау серпілісінің сол трансплантатқа 
немесе иммунды жауап түрiне байланысты, әр-түрлi уақытты ағымы 
болады. Жеделдеу тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейiн 24 
сағаттың арасында өтуi мүмкiн; жедел тұрақтамау серпілісі әдетте 
трансплантациялаудан кейiн бiрiншi апталар iшiнде өтедi; созылмалы 
тұрақтамау серпілісі трансплантациялаудан кейiн айлар, жылдар өткенде 
дамуы мүмкiн.
Жеделдеу тұрақтамау серпілісі. Жалпы, трансплантат сирек кезде 
бiрден iстен шығады; ал егер салынған тiннің қан тамырлары бiтiспесе, ол 
жылдам iстен шығуы мүмкiн. Жеделдеу тұрақтамау серпілісі, негiзi, 
донордың антигендерiне қарсы иесiнiң сарысу антиденелерi арқылы өтедi. 
Комплементтi активтейтiн, антиген-антидене комплекстерi, салынған тінде 
қарқынды нейтрофилдер шоғырлануына алып келедi. Капиллярлардағы 
қанның көлемдi қойыртылуы арқылы, трансплантаттың тамырлары бiтiсуі 
кедергi етiп, одан арғы қабыну серпілісі дамиды.
МНС-аллоантигендерiне арнайы алдыналалық антиденелердiң болуын 
бiрнеше 
механизмдер 
түсiндiредi. 
Кейбiр 
кезде 
қайталап 
қан 
трансфузиясын 
алған 
адамдарда, 
сол 
қанның 
лейкоциттерiндегi 
экспрессияланған 
МНС-антигендерiне 
қарсы, 
антидене 
дәрежесi 
айтарлықтай көбейетiндiгi көрсетiлген. Егер сол антигендердiң кейбiреуi 
трансплантаттың МНС-антигендерiмен сәйкес болса, онда антиденелер 
салынған тiнмен қатынасып, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісін 
шақырады. Қайта жүктi әйелдерде отағасының аллоантигендерiне 
сезiмталдану арқылы, сол антигендерге қарсы антидене түзiледi. Егер сол 
әйелге аллоантигендердiң қайсы болса да экспрессияланған тiнін 
ауыстырып салса, тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. Ақырында, 
тiн 
ауыстырған 
адамдарда, 
кейбiр 
кезде 
сол 
тiндегi 
МНС-
аллоантигендерiне қарсы жоғары дәрежеде антиденелерi болады; егер сол 


200 
адамға қайтадан, осы аллоантигендердiң қайсы болса да экспрессияланған 
тiн алмастырса, антиденелер тұрақтамаудың жеделдеу серпілісі дамиды. 
Кейбiр кезде, жеделдеу тұрақтамау серпілісінде қатысатын алдын ала 
түзiлген антиденелерi, трансплантаттың қан тобының антигендерiне 
арнайлықты болады. Егер трансплантация жасау алдында тіндік және 
АВО-антигендерi бойынша iрiктеуiн өткiзсе, алдыналалы антиденелердi 
анықтап, жеделдеу тұрақтамау серпілісінен сақталуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет