Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


терiнiң макрофагтары мен кератиноциттерi простагландин Е-нi бөле



Pdf көрінісі
бет215/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

терiнiң макрофагтары мен кератиноциттерi простагландин Е-нi бөле 
бастайды.
Терiнiң мес жасушалары GTF-

-ны өндiре бастайды, ол қабынуды 
тежейдi, ИЛ-1 және ИЛ-2 пролиферациялық әсерлерi тежеледi. Мес 
жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-10 макрофагтардағы және Лангерганс 
жасушаларындағы МНС II клас молекулаларының экспрессиясын 
әлсiретедi, ол жасушалармен Тх1-дiң цитокиндерiнiң өндiрiлуiн тежейдi. 
ИЛ-10 тағы Тх1-ң дамуын және антигенге арнайылық пролиферациясын 
тежейдi. МНС II клас молекулаларын әсерлейтiн кератиноциттер, 
қосымша сергiтетiн молекулалар болмағанда, антигенді таныстырушы 
жасушалар қызмет атқара алмайды, бiрақ Тх1 клондық анергиясын 
тудыратын антигендiк эпитопты экспрессиялай алады.
Содан серпiлiс өшiп, барлық клиникалық қабыну белгiлерi бiрте-
бiрте басылады. 
Туберкулиндiк сынама. Алғаш рет Кох ашқан болатын. Оның 
көрсеткешi бойынша, туберкулез микобактериясының өсiндi сүзiндiсiн 
терi астына ексе, науқастың температурасы жоғарылап, жалпы ауру 
жағдайы дамиды. Екпе жасаған жерде iсiк пен қатаю пайда болады. Терiлiк 
туберкулиндiк сынама туберкулез қоздырғышына сезiмталдық көтерiлу 
деңгейiн анықтауға көмектеседi.
Сезiмталдығы көтерiлген адамдарға туберкулиндiк терi iшiне 
енгiзгенде, салған жерге Тх1 жиналады, олар белсенiп, моноцит-
макрофагтартарды белсендiретiн ортақ цитокиндердi өндiре бастайды.
Тх1 бөлiнген TNF- және TNF- терi тамырының эндотелийiне әсер 
етiп, олардағы адгезия молекулаларының (Е-селектин, ICAM-1 және 
VCAM-1) күшті әсерленуiн шақырады. Бұл молекулалар лейкоциттердiң 
беттерiндегi рецепторлармен байланысып, оларды серпiлiс ошағына 
шақырады. Бiрiншi 4 сағат iшiнде мұнда нейтрофилдер жиналады
кейiн 12 сағаттан соң оларды моноциттер және Т-лимфоциттер 
алмастырады. 
Осы жасушалармен бөлiнген цитокиндер тiндерде қабынуды 
туындатады; пайда болған инфильтрат жайылып, терiнiң коллаген 
талшықтарын бұзып, 48-72 сағаттан соң жоғарғы өлшемге дейiн жетедi. 
Осы инфильтраттың 80-90%-ға жақын жасушалары моноциттерден 
тұрады. Лимфоциттер iшiндегi CD4+ Т-жасуша саны CD8+ Т-
жасушалардың санынан екi есе көп. 48-96 сағаттан кейiн лимфоциттiк-
моноциттiк 
инфильтраттың 
моноциттерi 
мен 
жауып 
тұрған 
кератиноциттер ПГЕ-2 түзе бастайды; ол ИЛ-1 мен ИЛ-2-ң өндiрiлуiн 
және Тх1-ң қызметiн тежейдi.


227 
Туберкулин екпесiмен шақырылған қабыну 5-7 тәулiктен соң 
басылады. Сөйтiп, антигендi сыртқа шығарғанда қабыну ошағы 
жиырылады. Бiрақ, тiндегi антиген персистенцияға ұшыраған кезiнде, 
қабыну серпiлiсi гранулематоздық серпiлiске дейiн дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет