интраназалды енгiзгенде тиімді иммундық жауап қалыптасады, бiрақ ол 2
айдан кейiн жойылады. Сонымен қатар тiрi аттенуацияланған вируспен
пероралды иммунизация жасаған кезде мұрын-жұтқыншақта
IgA деңгейi
тұрақты түрде жоғары болады. Сонымен, алдын ала егулер өздерiнiң
эффективтiлiгiн ұзақ уақыт сақтайды (10-15 жыл шамасында).
Тiрi вакциналардың мысалына
қызылшаға, эпидемиялық паротитке,
сары қызбаға, салға (Сейбин вакцинасы), қызамыққа, туберкулезге (БЦЖ)
қарсы вакциналарды жатқызуға болады.
Бұл вакциналар аурудың
субклиникалық түрiн және тиімді қорғанысты шақырады.
Тірі және инактивацияланған вакциналар арасындағы айырмашылықты
екі поливакцина мысалында жеңіл байқауға болады. Екі вакцинаның да
өзіндік жақсы жақтары бар. Олардың дайындалуын зерттеу жұмыстары
АҚШ-та
бір уақытта басталды, бірақ өлтірілген вирусты Солка вакцинасы
бірінші болып пайда болды, сондықтан АҚШ-пен кейбір Еуропа елдерінде
жақсы қабылданды. Аталған вакцина
арқасында АҚШ-та сал ауруы
толығымен элиминацияланды, ал Швецияда ауру жойылды. Тірі вирусты
вакцина – Сэйбин вакцинасы бұрынғы ССРО мен Шығыс Еуропа елдерінде
бірінші болып сынақтан өтті. Оның нәтижесі күтпеген
жерден біршама
жоғары болды. Сондықтан Сэйбин вакцинасы бірнеше жылдың ішінде
көптеген елдерде қолданып жүрген өлі вакцинаны ығыстырып шығарды.
Оның артықшылықтарына пероралды енгізу, бағасының арзан болуы
(антигенді масса саны аз кетеді), адъюванттарды
қолдану қажет еместігі,
тиімді жергілікті иммунитеттің (IgA мен IgG өндіріледі), күшті жасушалық
иммундық жауаптың және ұзақ мерзімді иммунитеттің қалыптасуы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: