ВАКЦИНАЛАР ЖӘНЕ ВАКЦИНДЫ ПРОФИЛАКТИКА
Белсендi
және
пассивтi
иммунизация
жөнiнде
түсiнiк.
Вакциналардың
негiзгi
түрлерi:
вакциналар
түрiндегi
өлi
микроорганизмдер; тiрi аттенуацияланған вакциналар; поливаленттi
(ассоциацияланған)
вакциналар;
суббiрлiктi
және
капсулалы
вакциналар;
вакцина
түрiндегi
синтетикалық
пептидтер;
рекомбинантты вакциналар; антиидиотиптiк вакциналар; табиғатта
аналогы жоқ жасанды иммунизациялаушы молекулалар; генетикалық
вакциналар (ДНК-вакциналар); тағамдық вакциналар. Вакцинация
кезiнде дамитын асқынулар.
Француздың ұлы ғалымы Л. Пастер 100
жыл бұрын вакцинацияның
ғылыми негiздерiн ашты және «вакцина» деген терминдi енгiздi.
Иммунизацияның негiзiн қалаушы қағида – иммуногендер ретiнде
микроорганизмдердiң
әлсiз
(аттенуацияланған)
штамдарын
қолдану.
Вакцинация арқасында бүкiл
әлем шешек, құтыру, күйдiргi, күл, сал, көк
жөтел, қызылша, сiреспе, газды гангрена сияқты жұқпалы аурулармен, соның
iшiнде аса қауiптi жұқпалармен де күресуде үлкен жетiстiктерге жеттi.
Олардың кейбiреулерi толық жойылды. 1978 жылы БДҰ жер шарында
шешекке қарсы егу арқылы шешек ауруы жойылды деп жариялады. Осыдан
кейiн
көптеген елдерде, соның iшiнде ССРО-да шешекке қарсы егу
тоқтатылды.
Бiрақ, Пастердiң классикалық принциптерiн
қолдана отырып көптеген
жұқпалы қоздырғыштарға қарсы (тұмау, ЖИТС, соз, мерез, геморрагиялық
қызба, паразитарлық аурулар) тиімді вакциналарды алуға мүмкiндiк жоқ.
Көптеген адамдарда вакцинациядан кейiн күрделі
асқынудың дамуы
салдарынан
оларды
дайындаудың
жаңа
тәсiлiн
(синтетикалық,
рекомбинантты,
гендi
инженерлi,
антиидиотиптi,
ДНҚ-вакциналар)
iздестiрудi, сондай-ақ вакцинацияның жаңа кестелерiн құрастыруды қажет
етуде.
Достарыңызбен бөлісу: