Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Лимфоциттердiң қызметiн бағалау



Pdf көрінісі
бет282/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   296
Лимфоциттердiң қызметiн бағалау 
Лимфоциттердiң арнайы митогендерге және антигендерге жауап 
қайтаруы, ондағы ДНК-ның белсендi түзiлуiмен байланысты лимфоциттердiң 
пролиферациясы болып табылады. Лимфоциттердiң антигендерге және 
митогендерге пролиферациялық жауабы, осы жасушалардың жарамдығын 
бағалайтын функционалдық сынама болып табылады.
ЛБТС - лимфоциттердiң бластты трансформациялаушы серпiлiсi. 
Бластты 
трансформациялаушы 
серпiлiсiнде 
лимфоциттердi 
күшейту 
лимфоциттердiң митогендермен және антигендермен жанасу нәтижесiнде 
лимфобластқа (бөлiнуге және ДНК-ны белесендi түрде түзетiн жасуша) 
айналу қасиетiне негiзделген. ЛБТС қоюында үш топ ынталандырушыларды 
қолданады: 1) аллогендiк лимфоциттер, немесе басқа адамның лимфоциттерi. 
Берiлген серпiлiстi, негiзiнен трансплантация кезiнде донорды таңдағанда 
қолданады; 2) антигенмен ынталандыру, мұнда сезiмталдығы анықталған 
антигендер 
қолданады; 
3) 
шөптерден 
алынған 
Т-митогендер 
(фитогемагглютинин, конканавалин А, лаконос митогенi), және В-
митогендер 
(декстран 
сульфат, 
бактериалды 
полисахаридтер 
және 
липополисахаридтер). 
Клиникалы-иммунологиялық зертханаларда, көбiнесе, үшiншi топтағы 
ынталандырушылар, жиi – фитогемагглютинин (ФГА) қолданады. ЛБТС 
соңғы нәтижесiн екi жолмен бағалайды.
Бiрiншiсi морфологиялық талдауға негiзделген. Мұнда микроскоптың 
астында бластты трансформациялауға ұшыраған жасушалардың санын 
есептейдi. Бұл әдiс өте оңай, бiрақ техникалық және субъективтiк
қателiктердiң арқасында әр түрлi нәтижелер бередi.
Екiншi жолдың негiзiнде радиометрлiк өлшеулер жатыр. ДНК түзiлуiне 
қажет, лимфоциттер дақылына изотоппен белгiленген Н
3
-тимидин қосады, 
сұйық сцинтиляциялық есептегiш арқылы жасушалар қосылған изотопты 
өлшейдi, 
бiр 
уақытта 
митоген 
қосылмаған 
параллелдi 
дақылдың 
радиациялық белсендiлiгiн анықтайды. Автоматтық есептегiшпен тiркелген 
импульстiң саны, стандартты митогенге лимфоциттердiң пролиферативтiк 
жауаптың белсендiлiгiне тiкелей пропорционалды. Ынталандыру жасанбаған 
дақылдағы Н
3
-тимидин қосындылар мөлшерiнiң ынталандыру жасалған 


дақылдағы 
қосындылар 
мөлшерiне 
арақатынасы, 
бластты 
трансформациялануының айқындығын көрсетедi. Қалыпты жағдайда Т-
лимфоциттер 
үшiн 
күшейту 
индексi 
10-20 
тең. 
Лимфоциттердiң 
функционалды 
белсендiлiгiн 
бағалауда 
қолданатын 
басқа 
әдiстер, 
күшейтiлген лимфоциттердiң әртүрлi лимфокиндер бөлуiмен негiзделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет