Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


атопиялық аллергияның негiзгi көрiнiстерiн анықтайды



Pdf көрінісі
бет308/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   459
атопиялық аллергияның негiзгi көрiнiстерiн анықтайды.  
Ескеретiн  жай,  бұл  жасушалардың  дегрануляциясы  Fc-рецептормен 
байланысқанда кем дегенде IgE-ң екi молекуласы аллергенмен қосылысқан 
жағдайда болады. Осыдан кейiн түйiршiктердiң қабыну медиаторларының 
бөлiнуiне  әкелетiн  бiрнеше  энергия  тәуелдi  өзгерiстерi  болады.  Олардың  
iшiнде:  жасуша  мембранасымен  байланысқан  серинэстеразаның  белсенуi; 
жасуша  iшiнде  кальций  иондарының  ағыны,  жасушаiшiлiк  циклдi  АМФ-
тiң 
деңгейiнiң 
төмендеуi, 
микроталшықтардың 
жиырылуы 
және 
микротүтiкшелердiң  қызметтерi  артуы  болады.  Осы  құбылыстардың  даму 
жолына  қарай,  медиаторы  бар  түйiршiк  алдымен  жасуша  сыртындағы 
ортамен 
«цистерна»  арқылы  байланысады,  ақырында  жасушадан 
ығыстырылып  шығарылады.  Мес  жасушалары  мен  базофилдердiң 
дегрануляциясы  бiрнеше  секунд  аралығында  болады.  Бұл  кезде  жасуша 
өзiнiң тiршiлiк қабiлетiн сақтап қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет