Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Өзіндік бақылауға арналған тесттер



Pdf көрінісі
бет2/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459
Өзіндік бақылауға арналған тесттер ......................................................... 
312 
Әдебиет тізімі ...................................................................................................  345 


 

Алғы сөз 
 
Қазіргі  заманғы  иммунологияның  жетістіктері  биология  және 
медицина  саласында  кеңінен  қолданылуда.  Осы  жетістіктерге  сүйене 
отырып,  көптеген аурулардың патогенезі, диагностикасы, емі және алдын 
алуы  туралы  түсініктер  өзгерген.  Қазіргі  уақытта  кез-келген  аурудың 
патогенезіне  иммундық  жүйе  қатысатыны  мәлім.  Көптеген  жағдайларда 
иммундық  жүйе  компоненттерінің  дисбалансы  немесе  иммунитетті 
реттеуші үрдістердің бұзылысы алуан түрлі клиникалық көріністер беретін 
патологиялық үрдістердің дамуына әкеледі.  
Жалпы  иммунологияның  жетістіктері  нәтижесінде  клиникалық 
иммунология  пайда  болып  кеңінен  дами  бастады.  Иммундық  тапшылық 
жағдайлардың  жіктеуі,  зертханалық  диагностика  әдістері  және  емі 
қолданыла  бастады.  Клиникалық  тәжірибеде  көптеген  иммунитетті 
белсендіретін  және  иммунды  коррекция  препараттарын  қолданады. 
Бірқатар 
аурулардың 
дамуында 
және 
жаңғыруында 
иммундық 
тапшылықтың  маңызы  анықталған.  Соның  ішінде,  аутоиммундық 
патологияларды,  жұқпалы  аурулардың  созылмалы  түріне  айналуы  немесе 
шартты-патогенді 
флораның 
манифестациясы. 
Иммундық 
жүйенің 
жағдайы  онкологиялық  аурулардың  дамуын,  ағымын  және  нәтижесін 
негіздейтіні  анықталған.  Қатерлі  ісік  ауруларында  дәстүрлі  әдіспен  қоса 
иммунды  терапияны  дұрыс  қолданатын  болса,  науқастарға  тағайындаған 
емнің 
тиімділігі 
жоғарылайды. 
Мүшелерді 
ауыстыру 
кезінде 
иммунологиялық  мониторинг,  иммундық  депресанттарды  дұрыс  қолдану 
және  гистосәйкестік  антигендерін  іріктеу  арқасында  үлкен  табыстарға 
жетуге  мүмкіндік  берді.    Антигендер  химиясын  анықтау,  олардың  әр 
түрлеріне  қарсы  дамитын  иммундық  жауаптың  механизмдерін  зерттеу 
вакцина  түзудің  жаңа  қағидаларының  түзілуіне,  жалпы  вакцинация 
проблемасына  жаңа  көзқарас  қалыптасуына  алып  келді.  Иммундық  жүйе 
ауруларының  ерекше  тобына  ісіктер  және  иммундық  жүйенің  жұқпалы 
аурулары кіреді. Қазіргі заманғы иммунология жетістіктері қысқа мерзімде 
АИВ-жұқпасының  патогенезін  анықтап,  диагностикасын  мен  еміне  жол 
салды.  
Соңғы  жылдары  иммунологияда  жаңа  бағыт  қалыптасты  –  ол 
экологиялық  иммунология.  Иммундық  жағдайлардың  бағалау  әдістерін 
басқа  да  белгілі  әдістермен  бірге  қолдану  арқылы  антропогендік 
факторлардың  жасырын  әсер  етуі  нәтижесінде  дамитын  аурулардың 
нозологияға дейін түрлерін уақытылы анықтауға болады. 
Сонымен,  иммунологияда  зерттелетін  өзекті  мәселелері  кеңінен 
таралғандықтан,    әртүрлі  саладағы  дәрігерлер  осы  мәселелерге  көңіл 
бөледі.    Сол  себептен  медициналық  факультеттердің  және  дәрігерлердің 
мамандығын жоғарлату институтында мамандықты дайындау жоспарында 
иммунология пәні енгізілген.  
Қазіргі кезде ғылыми және медициналық оқулық әдебиеттерінің алуан 
түрлілігіне  қарамастан,  олар  қымбат,  сонымен  бірге  медициналық  ЖОО 
оқу  бағдарламаларына  жиі  сәйкес  келмейді.  Қазақстанда  медициналық 
білім  беру  саласында  жаңа  мемлекеттік  стандартқа  ауысуы  оқу  сапасына 


 

жоғары  талап  қояды,  сондықтан  оқу  үрдістерінде  жаңа  буынды 
оқулықтарды пайдаланған жөн. 
 «Жалпы  иммунология»  оқулығының  авторлары  25  жылдан  астам 
әртүрлі  мамандықтағы  студенттерге  жалпы,  клиникалық  иммунология 
және  аллергология  пәнін  оқытып  жатқан  С.Д.  Асфендияров  атындағы 
ҚазҰМУ  иммунология  және  аллергология  кафедрасының  ұжымы. 
Профессор  А.А.  Шортанбаев  және  доцент  С.В.  Кожанова  Қазақстанда 
иммунология  бойынша  оқытудың  негізін  қалаған.    Кафедраның  жұмыс 
жасау  жылдары  кезінде  ғылыми,  әдістемелік  және  қуатты  кадрлар 
жиналған.  1992  жылы  Е.С.  Белозеровтың,  В.С.  Мошкевичтің  және  А.А. 
Шортанбаевтың 
редакциясымен 
«Клиническая 
иммунология 
и 
аллергология»  атты  алғашқы  оқу  құралы  баспадан  шығарылды.  Онда 
иммунологияның  өзекті  мәселелері  талқыланған.    Ал  1994  жылы  қазақ 
тілінде  «Иммунология»  атты оқу құралы жарыққа  көрінді.  Бұл құралдың 
авторлары  Шортанбаев  А.А.,  Шайкенов  Т.Е.,  Кожанова  С.В.  болып 
табылады. 
Сонымен 
қатар, 
қазіргі 
уақытқа 
дейін 
кафедра 
оқытушыларымен 70-ке жуық студенттерге және тәжірибелік дәрігерлерге 
арналған оқу-әдістемелік құралдар баспадан шығарылды.  Қайта өңделген 
және  толықтырылған  оқу-әдістемелік  құралдар  берілген  оқулықтың 
негізінде жатыр.  
«Жалпы  иммунология»  оқулығы  медициналық  ЖОО  студенттеріне 
арналған  және  онда  қазіргі  замаңғы  иммунологияның  барлық  бағыттары 
қамтылған.  Бұл  оқулықта  жалпы  иммунология  курсын  толық  меңгеру 
үшін,  кейін  клиникалық  иммунология  мен  аллергология  пәндерін  және 
тиісті клиникалық тәртіптерді оқып білу үшін қажетті барлық тақырыптар 
берілген.   
Бұл  оқулық  иммунологияның  жаңа  жетістіктерін  ескере  отырып 
құрастырылған.    Онда  иммундық  жүйенің  құрылысы,  иммундық  тану 
механимздері,  иммундық  жауаптың  кейбір  звеноларының    молекулалық 
және  жасушалық  деңгейлердегі  реттелуі,  иммундық  жүйенің  гормондары 
және  медиаторлары  туралы  жазылған.  Антигендерді  таныстыру  үрдісі, 
иммундық 
жауаптың 
дамуындағы 
цитокиндердің 
рөлі,  
цитокинді/антицитокиндік  терапияның  күрделі  мәселелері  мен  болашағы 
берілген. Аутоиммундық патологияның негізінде жатқан иммунологиялық 
механизмдерінің,  жоғары  сезімталдық  серпілістерінің,  трансплантаттың 
тұрақтамауы  және  ісіктердің  өсу  ерекшеліктерінің  қарастырылуы  үлкен 
орын  алады.  Иммундық  тапшылық  жағдайлардың  пайда  болу  себептері, 
диагностика  және  емдеу  әдістері  толық  жазылған.  Вакцинды  алдын  алу 
және  вакцинация  кезіндегі  асқынулар  туралы  тарау  бар.  Ол  тарауда 
иммундық  тапшылығы  бар  науқастарда  вакцинация  кезінде  ауыр 
асқынулардың  даму  мүмкіншілігіне  ерекше  көңіл  бөлінген.  Сонымен 
қатар,  клиникада  адамның  иммуныдық  жағдайын  бағалауға  арналған 
әдістер туралы мәліметтер келтірілген.  
Оқулықтың  үлкен  құндылығы  -  авторлар  иммунология  саласындағы 
әлем  ғылымының  жаңа  жетістіктері  туралы  көлемді  материал  берген. 
Сонымен  бірге,  оқулық  мазмұны  өте  қызықты  және  де  студенттерге 
түсінікті жазылған.  


 

 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет