Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


IV. Фагоцитарлық жүйенiң тапшылықтары



Pdf көрінісі
бет343/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   459
IV. Фагоцитарлық жүйенiң тапшылықтары 
1.  Созылмалы лимфогранулематоз. 
2.  Чедиак-Хигасси синдромы. 
3.  Гипер-IgE синдромы (Джоб синдромы). 
V.  Комплемент жүйесiнiң тапшылықтары 
1.  Комплемент 
компоненттерiнiң 
тапшылығымен 
негiзделген 
бiрiншiлiк ИТЖ. 
2.  Комплемент  жүйесiнiң  инактиваторлар  тапшылығымен  негiзделген 
бiрiншiлiк ИТЖ. 
 


 
233 
Гуморалдық  иммунитет  жүйесiнiң  зақымдануы  басым  болатын 
бiрiншiлiк ИТЖ  
1. Брутон ауруы 
Алғаш  рет  1952  жылы  американдық  педиатр  Брутон  (Bruton)  әртүрлi 
жұқпалы  аурулармен  (4  жасына  дейiн  14  рет  пнемониямен,  бiрнеше  рет 
отитпен,  синуситпен,  сепсис  және  менингитпен)  ауырған  8-жасар  ер 
баланың  ауру  тарихын  жазған.  Оның  қан  сарысуын  зерттегенде 
антиденелер  табылмаған.  Ғылыми  медициналық  әдебиеттерде  жеке 
нозологиялық 
түрi 
ретiнде 
белгiленген 
бiрiншiлiк 
иммундық 
тапшылықтың алғашқы жазылымы болған. 
Брутон ауруымен тек ер бала сырқаттанатын, Х-хромосомамен 
тiркескен тұқымқуалаушылықтың рецессивтiк түрi болып табылады. Бұл 
ауру Х-тiркескен агаммаглобулинемия ретiнде белгiлендi. Кездесу жиiлiгi 
1/1000000 тұрғындарға шаққанда. Ұлыбританияда иммундық 
тапшылықтың кездесу жиiлiгi 1/100000 құрайды. 
Брутон  ауруының  негiзiнде  В-лимфоциттiң  белсенуiнде  және 
плазмалық  жасушаға  айналуында  ядросына  белгi  беретiн  цитоплазмалық 
тирозинкиназа 
ферментiнiнң 
ақауы 
жатыр. 
Сондықтан 
иммуноглобулиндердiң өңдiрiлуi мүмкiн емес. 
Аурудың  бiрiншi  нышаны  7-8  айдан  басталып,  2-3  жасқа  дейiн 
байқалады.  Иммуноглобулиндердiң  трансплацентарлық  өтуi  науқас 
балалардың өмiрiнiң бiрiншi айларында жұқпалардан қорғайтын жеткiлiктi 
антидене мөлшерiмен қамтамасыз етедi. Болашақта антиденелер түзiлуiнiң 
болмауы,  әсiресi  тыныс  жолдарының  және  терiнiң  қайталамалы 
бактериалдық жұқпалы ауруына алып келедi. Әдетте қоздырғыштар болып 
стрептококктар,  стафилококктар  және  грамм  терiс  бактериялар  табылады. 
Жұқпалардың  таралу  мүмкiндiгi  болғандықтан,  ол  септицемияға  және 
менингитке  әкеліп  соқтырады.  Бiрақ  вирус  жұқпаларына,  осындай  науқас 
балаларда,  жасушалық  иммунитеттiң  бұзылмағандығынан,  реактивтілік 
сақталып қалады.   
Қарап тексергенде: әдеттен тыс кiшкене, тегiс бадамшаларын, кiшкене 
лимфа  түйiндерiн  анықтайды,  көкбауыры  үлкеймеген.  Көңiл  аударалық 
жағдай,  ағзадағы  жұқпалы-қабыну  үрдiстерінде  лимфа  түйiндерiнiң, 
бауыр,  көкбауырдың  ұлғаюы  байқалмайды.  Бұл    маңызды  нақтама  белгiсi 
болып табылады. 
Iшектiң  шырышты  қабатында  плазмалық  жасушалар  толығымен 
жойылады.  Қалыпты  жағдайда  плазмалық  жасушалар  бұл  жерде  көп 
мөлшерде  кездеседі.  Соған  байланысты  сiңiмдiлiк  бұзылысы  байқалады, 
созылмалы энтериттер дамиды. Iшек қыртысында лейкоциттер жиынтығы 
бар абсцесстер жиi анықталады.  
Зертханалық  тексеруде:  шеткi  қанда  В-лимфоциттердiң  күрт 
төмендеуi  немесе  болмауы,  барлық  иммуноглобулин  кластарының 
деңгейiнiң төмендеуi немесе болмауы байқалады.  
Емi:  Иммуноглобулиндермен  орынбасушы  терапия.  Иммуноглобулин 
препараттарын  көк тамырға айына 200-600 мг/кг дейін енгiзедi. Жұқпалы 
аурулар  дамыған  жағдайда,  қосымша  арнайы  иммуноглобулиндер 
(стафилококқа, стрептококқа, қызылшаға қарсы және т.б.) енгiзедi.  


 
234 
Болжамы:  диагнозды  дұрыс  қойған  және  емiн  дер  кезiнде  бастаған 
жағдайда қолайлы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет