Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар



Pdf көрінісі
бет405/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Поливаленттi (ассоциацияланған) вакциналар 
Поливаленттi  вакциналар  –  дегенiмiз  бiрнеше  қоздырғыштың 
иммунизациялаушы  компонентерiнiң  немесе  бiр  қоздырғыштың  әртүрлi 
серологиялық  түрiнiң  қоспасы.  Мысалы,  АКДС  –  көк  жөтел,  күл  және 
сiреспеге  қарсы  ассоциацияланған  вакцина.  Оның  құрамына  өлтiрiлген  көк 
жөтел  қоздырғышы  және  екi  нәруыз-анатоксин  (күл  және  сiреспе)  кiредi. 
Анатоксин – дегенiмiз формалинмен инактивацияланған, бiрақ бактериалдық 
токсиндердiң 
антигендiгiн 
сақтап 
қалған 
токсиндер. 
Мұндай 
анатоксиндермен 
иммунизация 
жүргiзгенде 
протективтi 
антиденелер 
түзiледi. Олар белсендi орталықпен стереохимиялық байланысу нәтижесінде 
токсинды  бейтараптайды  және  фагоциттермен  токсиндердiң  жұтылуын 
ынталандырады.  Әдетте  енгiзу  алдында  анатоксиндi  адъювант  қызметiн 
атқаратын  алюминий  гидроокисiмен  адсорбциялайды.  АКДС  вакцинасында 
көк жөтелдiң өлi қозырғышы адъювант қызметiн атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет