Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


 Генетикалық вакциналар (ДНҚ-вакциналар)



Pdf көрінісі
бет410/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

2. Генетикалық вакциналар (ДНҚ-вакциналар) 
Генетикалық  вакциналар  (немесе  ДНҚ-вакциналар)  –  бактериалды 
плазмидтер  (кішкентай  сақина  тәріздес  екі  жіпті  ДНҚ,  олар  өз  бетінше 
жұқпаны  шақыра  алмайды),  оларға  белгілі  бір  патогеннің  бір  немесе 
бірнеше антигенді нәруыздарына арнайылығы бар гендер енгізілген.  
Бұл  плазмидтердi  инъекция  арқылы  бұлшық  ет  жасушаларына  немесе 
гендi қару көмегiмен терi арқылы енгiзедi.  
Вакциналық  плазмидтер  жасуша  ядросына  енедi  және  оның  ДНҚ 
орналасады.  Сосын  патогендердің  нәруыздарын  қадағалайтын  гендердiң 
көшiрмесi  жүредi.  Нәтижесiнде  м-РНҚ  түзiледi,  ол  цитоплазмаға  қарай 
жылжиды,  ол  аймақта  олардың  матрицасында  антигендi  нәруыздардың 
синтезi  жүредi.  Бұл  антигендi  нәруыздар  жасушадан  шығуы  мүмкін  немесе 
өңделу  үрдісіне  ұшырау  салдарынан  жасуша  бетiне  I  класс  МНС 
нәруыздарымен иммуногендiк комплекс түрiнде шығыуы мүмкін.  
Плазмидалардың  бiр  бөлiгi  кәсiби  антигентаныстырушы  жасушаларға 
(мысалы,  макрофагтар  мен  дендриттi  жасушалар)  түседi,    мұнда  процессинг 
нәтижесiнде  II  немесе  I  класс  гистосәйкестiк  антигендерiмен  иммуногендi 
комплекс түзедi.  
Презентацияланған 
антигендi 
хелпер-индукторлар 
анықтайды, 
нәтижесiнде олар Тх1 және Тх2 жасушаларына дифференцияланады. Ал олар 
өз  кезегінде  иммундық  жауаптың  екi  негiзгi  түрiн,  яғни  жасушалық  және 
гуморалдық иммундық жауапты қалыптастырады. 
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарында  жасушаға  енгiзiлетiн  генетикалық 
вакциналар антидененiң синтезiн, сондай-ақ цитотоксикалық және хелперлiк 
Т-лимфоциттердiң,  зерде  жасушаларының  өндiрiлуiн  ынталандыратыны 
эксперименталды 
түрде 
дәлелденген. 
Осындай 
типтес 
бiрқатар 
қоздырғыштарға қарсы және тiптi кейбiр қатерлi iсiктерге қарсы вакциналар 
дайындалды.  
1995-96  жылдары  ЖИТС,  тұмау,  герпес,  В  гепатитi,  сондай-ақ  безгек 
плазмодиiне қарсы вакциналарға алғаш рет клиникалық сынаулар жүргізілдi. 
Қазiргi  кезде  кейбiр  қатерлi  iсiктерді  емдеу  мақсатында  ДНҚ-вакциналары 
жасалынды  және  олар  сынақтан  өтуде.  Оларға  лимфома,  простата  мен  тоқ 
iшектiң iсiктерiне қарсы ДНҚ-вакциналар жатады. 
Патогендердің  нәруыздарын  қадағалайтын  гендермен  бiрге,  құрамында 
кейбiр цитокиндердi қадағалайтын гендер бар ДНҚ-вакциналарын дайындау 
жоспарлануда.  Осындай  негiзде,  құрамында  ИЛ-12  цитокинiн  қадағалайтын 
геннен және ЖИТС вирусының беткей нәруызы gp120 қадағалайтын ген бар 
плазмида құрастырылуда. Егер вакцина енгiзген жасуша gp120-мен бiрге ИЛ-
12 өндiретiн болса, онда Т-хелперлердiң дифференцировкасын Тх1 бағытына 
қарай  ығыстуруға  мүмкiн  болар  едi  деп  үмiттенеді.  Ал  бұл  жағдай  өз 


 
кезегiнде  ЖИТС  вирусымен  зақымданған  жасушаларға  қарсы  жасушалық 
иммунды жауапты күшейтедi. 
Сондай-ақ  ДНҚ-вакцинаға  хемокиндер  синтезін  қадағалайтын  гендердi 
енгiзудің  де  болашағы  зор.  Нәтижесінде  серпіліс  ошағында  фагоциттер  мен 
Т-лимфоциттер 
жинақталуы 
нәтижесінде 
тиімді 
иммундық 
жауап 
қалыптасады. 
Ал 
плазмидаларға 
костимулдаушы 
молекулаларды 
қадағалайтын 
гендердi 
енгiзу 
арқылы 
иммундық 
жауапты 
кәсiби 
антигентаныстырушы  жасушалардың  қатысуынсыз  қалыптастыруға  болады 
деп үмiттенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет