Моноклонды антиденелер 1974-1975 жж. Г. Келлер және У. Мильштейн бiреуi - iсiктiк (миеломды
жасуша), екiншiсi – қалыпты лимфоциттен тұратын, бiрiккен екi жасушадан
алынған гибридтi жасушаларды алу үшiн әдiстеме шығарған. Алынатын
гибридтi жасушалар қалыпты лимфоциттер (геномы тұрақтанбағанша,
хромосоманың басқа бiр бөлiгi алғашқы бөлiну кезiнде жасушалардан
шығарып тасталады) хромосомасының бiр бөлiгi (сонымен қатар, қасиетiн)
және iсiк жасушаларының бiр бөлiгi болады. Тек қана шексiз бөлiну қабiлетi
бар тұқымқуалаған жасушалар өседi. Шексiз бөлiнетiн жасушалар өз-өзiн
клондауға «рұқсат етедi», яғни физикалық түрде бiр-бiрлеп «жайғастырады»
(әрқайсысын жеке ыдысқа) және бiр жасушадан тараған ұрпақ - жасушалар
клонын алады. Бұл жасушаларды -гибридомдар деп атаған. Осы
жасушаларда қалыпты лимфоциттердiң өнiмдерi, көбiнесе, антиденелердiң
биосинтезi жүредi. Гибридом жасушаларымен өндiрiлетiн антиденелердi моноклонды