Антиидиотиптер синтезi шексiз индукцияланбайтыны дәлелденген. Түзiлген
идиотиптер функционалды және мөлшерлi түрiнде шектеледi. Егер антигенге қарсы
антидене түзiлсе, онда оған қарсы 1-реттiк антиидиотип атты антиидиотип түзiледi. Өз
кезегiнде 1-реттiк антиидиотип лимфоцит клонымен антиген ретiнде танылып, оған
қарсы 2-реттiк антиидиотип түзiледi. 2-реттiк антиидиотип антигенге комплементарлы
антидененiң активтi орталығына сәйкес келедi (7 сур.) Осы жол арқылы
антиидиотиптер антигенге қарсы иммунды жауапты күшейтедi. Сонымен қатар, клон
iшiндегi жасушалардың селекциясы жүредi, яғни антигентанушы рецепторларының
жоғары арнайылығы бар жасушалар басымдылық көрсетiп, арнайылығы жоғары
антиденелер түзiлуiн шақырады.
Антиидиотиптi антидене (2-ші реттік антидене) тек бір ғана идиотиптік
антиденелердің
шығуын
баяулатады,
бірақ
басқа
идиотиптік
маркерлері
антиденелердің түзілуіне әсер етпейді.
Өзінің
басқаша
химиялық
құрылымына
қарамастан,
антиидиотиптік
антиденелердің белсенді орталығының кеңістіктік құрылымы, 1-реттік антиденелер
түзілуін шақырушы антигеннің кеңістіктік құрылымына жақын болады. Сондықтан,
көптеген иммунологиялық үрдістер кезінде (мысалы, иммунологиялық төзімділік даму
және сақталу кезінде) организмде антиген болмағанда, оның қызметін антиидиотиптік
антиденелер атқара алады.
Антиидиотиптік
иммуноглобулиндер
антиген
ретінде
антиидиотиптік
антиденелерді түзеді (3-реттік антиденелер). Тәжірибе түрінде, организмде бірден
бірнеше реттік антиденелер бола алады (3-лiк және 4-лiк). Бұл антиденелер тек бір-
бірімен араласпайды, сонымен қатар, сай келуші лимфоцит клонының антигентанушы
рецепторымен байланыса алады (идиотипке және антиидиотипке комплементарлы
рецепторы В-лимфоциттерде ғана емес, сонымен қатар, Т- супрессорларда бола
алады). Сөйтіп, иммунды жауаптың күрделі кеңденгейлі тізбегін реттейтін жүйесі
жасалады.
Қарапайым түрде В2 және В3-клондарының 1, 2-реттiк антиидиотиптерiмен өзара
тежелуi В1-клонының қалыпты қызмет атқаруын көруге болады. Егер организмде
антиген молекуласы аз мөлшерде болса, 2-реттiк антиидиотип синтезделiнбеуi мүмкiн.